426
жыртылған эритроциттер) кездеседі.
Қан өндірілуі бұзылыстарынан дамитын немесе
дизэритропоездік анемиялар
Сүйек кемігінде эритроциттердің өндірілуі
немесе эритропоэз көптеген
жағдайлармен
реттелінеді.
Онда
қан
өндіретін
бағаналық
жасушаларға
фибробластардан, эндотелий жасушаларынан, остеобластардан және май жасушаларынан
тұратын тіректік (стромалық) жасушалар жақын орналасады. Қан өндіретін жасушалар
сұйық гемопоездік өсу факторларын және мембранамен
байланысқан жабыстырғыш
молекулаларды қажет етеді. Гемопоездік өсу факторлар (ГӨФ), немесе колония
құрылуын сергітетін фактор сүйек кемігінің стромалық жасушаларында, Т-
лимфоциттері мен моноциттерде өндіріледі. Колония құрылуын
сергітетін фактордың
(КҚСФ) біразы, мәселен, интерлейкин-6, гранулоциттер мен макрофагтардың колония
құруын сергітетін фактор (ГМ-КҚСФ), бағаналық жасуша факторы (БЖФ) аз мөлшерде
ұдайы өндіріліп тұрады. Бұлар және Т-лимфоциттерінде өндірілетін интерлейкин-3
эритропоэздің бастапқы сатыларында маңызды реттеуші әсер етеді.
Оның соңғы
сатыларында арнайы ширатқы болып, нефрон өзекшелерінің маңындағы эндотелий
жасушаларында
өндірілетін, эритропоетин есептеледі.
Сонымен қатар алдыңғы гипофиздің гормондары (АКТГ, ТТГ), қалқанша бездің
гормондары (Т
3
, Т
4
), катехоламиндер мен андрогендер, простагландиндер (ПГЕ
1
,
ПГЕ
2
)
жөне симпатикалық жүйке жүйесі эритропоэзға бейспецификалық сергіткіш әсер етеді.
Эритроциттердің өндірілуін әйелдердің жыныстық гормондары -эстрогендер мен
парасимпатикалық жүйке жүйесі тежегіш әсер етеді.
Эритроциттер мен гемоглобин түзілуі үшін темір (тәулігіне 20-25 мг),
нәруыздар, В
12
-витамині, Кастлдың
ішкі антианемиялық факторы, фолий қышқылы, В
2
және В
6
витаминдер, пантотен қышқылы, мыс, мырыш, кобальт, марганец т. б. заттар
қажет.
Осыған
байланысты
эритроциттердің
өндірілуінің
бұзылыстары төмендегі жағдайларда болуы мүмкін:
● эритроциттердің өндірілуі реттелуінің
бұзылыстарынан;
●
эритроциттердің
өндірілуіне
қажетті
заттардың
тапшылықтығынан;
● сүйек кемігінің
гипоплазиясы мен аплазиясынан;
● сүйек кемігі жасушаларының өспе немесе лейкоз
жасушаларына ауысып кетуінен (метаплазиялық анемия).
Достарыңызбен бөлісу: