237
Ақтоғай ауданы, Қарағанды облысы
ЗАМАНАУИ САБАҚ: ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ ДАМЫТУҒА
БАҒЫТТАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
Қазақстанда білім беру мазмұнын жаңартудың алғышарттарында: «...
ХХІ ғасырдың
мектептері оқушыларды өмірде, жұмыста және азаматтық ұстанымында өзгелермен
ынтымақтастықта өмір сүруге дайындай отырып, ұлттық және жаһандық пікір
алуандығының шынайылығын ұғына отырып, өзіндік дербестігі мен ерекшелігін дамытуға
көмектесуі керек» (Андреас Шлейхер)
[1, 6-бет], - деп тоқталған
оқу бағдарламасына өзгеріс
енгізудің маңыздылығына.
Жаһандану табалдырығын аттаған ұрпағымыз кез-келген ортаға еркін кірігетін құзіретті
тұлға болып қалыптасу шарт. Орасан зор ақпарат айдынындағы қоғаммен үйлесім табуы үшін
оқушы бойында тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым дағдылары қалыптасқаны керек. Оқу
арқылы зияткерлікпен қоса эмоциялық,
әлеуметтік, рухани жағынан да ұлттық
құндылықтарымызды санасына сіңіре дамуы қажет. Аталған қасиеттерге ие ұрпақ тәрбиелеуде
ұстаздармен қоса ата-ана, қоршаған орта да белсене атсалысуы керек екеніаңғарылуда.
Алған
білімді өмірде тиімді қолдануға бағыттайтын функционалдық сауаттылыққа қалай
қалыптастыруға болады?
Бұл тұрғыда Б.Блумның «Толық меңгерту технологиясы» таксономиясына негізделген
жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеру тапсырмалар тиімді екені тәжірибеден анықталуды.
Сократтық маевтика әдісімен сұрақтары дұрыс қоя отырып, эвристикалық
деңгейге жетуге
болады. Мысалы, 6-сыныпта әдебиеттен Абай қарасөздерін оқуда 5,6-біріккен сыныпта дара
оқитын оқушының аргументті эссесі (сурет1) төменде көрсетілген өлшемдеріне сай келді,
аудандық баспасөзге жарияланды («Ақтоғай ажары» 25.12.2020).
Критерий
Қойылатын талап
ұпай
Тақырыпты
түсінуі
— мысалдар келтіре отырып, түсініктерді анық және толық қарастыра алады;
—қолданылған түсініктері
тақырыпқа сай;
—жұмысты өз бетінше орындайды.
3 ұпай
Мәселені
бағалай білуі
— қаралатын мәселеге өзіндік көзқарасы бар;
— қолданатын ақпараттар диапазонының кеңдігі;
— мәлелені өзі бағалай біледі;
3 ұпай
Ой-толғау
жасай білуі
— дәлелдеу логикасын құрастыра біледі;
— мазмұндаудың жалпы формасының мәселеге сейкес келеді.
2 ұпай
Жұмысты
орындауы
— жұмыс цитаталарды қолданудың талаптарына сай;
— лексикалық, фразеологиялық, грамматикалық, стилистикалық, орфографиялық
нормаларға сәйкес;
2 ұпай
сурет1
Эссе, шығарма жазуға жаңа дағдыланып жатқан қатарластарынан озық шыққан оқушы
екінші сыныптан бері біріккен сыныпта жалғыз оқытылып келеді.
Саралап оқытқанның өзінде
оқушыға салмақ түсіретін жеке тапсырмалар беріледі. Ата-анаға салмақ түседі. Осыны түсінген
ата-ана қолдап, әдеби кітап оқуға құмар баласына мүмкіндік туғызып отыр. Мұғалім/оқушы/ата-
ана ынтымақтастығы келешек құзіретті тұлға қалыптастыруға дұрыс бағытталған. Елбасы
Н.Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстанның дамуының басты