Функциональная грамотность важнейшее условие повышения качества образования



Pdf көрінісі
бет116/271
Дата20.05.2022
өлшемі12,08 Mb.
#144190
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   271
«Артығын алу» немесе қалыптасқан заңдылықтың ретін жалғастыру.


235 
А. Қайсысы артық? 
Мәліметтерді талдай отырып, тізімдегі «артығын» алып тастау: 
1) Иқта 
2) Сойырғал 
3) Ерулік 
4) Уакф 
5) Мильк 
Ә. Заңдылықты анықтап, ретін жалғастыр: 
1700–1721, 1756–1762, 1768–1774, … 
І Петр, ІІ Екатерина, ІІ Петр, … 
Витебск, Смоленск, Бородино, … 
Дворяндық жасақ, атқыштар, …
«Әке-бала-немере» 
ретімен 
берілген 
тізімнен 
үш 
логикалық 
тізбекті 
таңдау: 
1) Керей – Мамаш – Хақназар 
2) Есім – Жәңгір – Тәуке 
3) Шыңғысхан – Жошы – Шайбани
4) Әбілмәмбет – Абылай – Қайып 
5) Жәнібек – Қасым – Хақназар 
6) Шыңғысхан – Шағатай – Батый 
Тарихи ақпаратты топтау. Тарихи ақиқатты білдіретін, атауларды кестенің бағандарына 
сәйкес орналастыру.
 
Дарий, Амон, Саул, қағаз, шахмат, Кир, Конфуций, Вавилон, Ашока, Моисей, Персеполь, 
Карфаген, Нефертити, Камбиз, Ассирия, Махеджо-Дара, Иерусалим... 
Египет 
Қосөзен 
Үндістан 
Қытай 
Парсы 
Финикия 
мен 
Палестина 
Хронологиялық жүйелікті қалпына келтіру. Берілген оқиғаларды олардың орындалу ретіне 
қарай орналастыру
Екінші Пуни соғысы 
Он екі таблица заңдары 
Пидне түбіндегі шайқас 
Римнің салынуы 
Канна түбіндегі шайқас 
Галлдардың шапқыншылығы 
Заме түбіндегі шайқас 
Тарихи оқиғаларды субъективті сұрыптау. Ортағасырлық адам үшін төменде көрсетілген 
сапалардың қайсысы неғұрлым маңызды болды? Оларды кему ретімен орналастыр. 
Адамгершілік__, жанды құтқарушы есебінде қамқорлық көрсету__, құдайға сиыну__, әлеуметтік 
өсуге қол жеткізу__, істерінде байлық пен табыс__, ауыр және күрделі жұмыс__, отбасылық 
бақыт. 
Логикалық байланысты анықтау. Берілген оқиғалар мен құбылыстарды, сол жағында ертерек 
болғанын, одан әрі қарай – мерзіміне қарай орналастыр. Әрбір бөліктердің себеп пен 
салдарлары өзара байланысты болуы шарт. 
А. Егіншілік пен мал шаруашылығының пайда болуы 
Ә) Қоғамды тамақтандыру қажетті азықты терімшілік пен аң аулау кәсіптері мол өнім бере 
бастады 
Б) Қоғамдық шаруашылықтың отбасылық шаруашылықтың түрлеріне бөлінуі 
В) Артық өнімнің пайда болуы 
Г) Жерде астықтың артуы 
Ғ) Рулық қауымнан көршілік қауымға ауысу 
Д) Металдан соқа мен қарулардың пайда болуы
Салыстырмалы тест. Бірінші бағанда берілген тапсырмаларға екінші бағандағы 
тапсырмалардан қатынастарды қалпына келтіретін сөздерді табу 
Күріш
Соқа 
өсіреді
жыртады, егіншілік, темір 
Қабырға 
Библия 
қытай
ежелгі, дін, еврейлік 
Новгород 
Вавилон 
бекініс
Евфрат, Хаммурапи, 
сазбалшық 
Иштар қақпасы 
Берілген үлгіден тарихи заңдылықты орнату арқылы жетіспейтін объектіні көрсет:
-Ақмола 


236 
-Семей 
-Сырдария 
-Орал 
-Самарқан 
-Торғай 
-Ферғана 
- ****** 
Шектеулі жауаптары бар тест

Бос орындарды толтыру. 
 
Азияның оңтүстік-батысында қатарласа ағатын екі өзен – ... ... ... өзендері Кавказ тауларынан 
бастау алып, Парсы шығанағына құяды. ... ... жылдан астам уақыт бұрын Қосөзен бойында 
шағын елдер пайда бола бастаған. ... Қосөзен бойындағы өркениеттің негізін қалаушы ретінде 
тарихта қалды. Басшылары: ... Діни орталығы: ... . 
Қазақстан территориясында өмір сүрген мемлекеттің біріндегі басқару құрылымында болған 
тарихи терминдерді зейінмен оқып, мемлекетті анықтау: 
Жабғу, күлеркін, инал, атабек, 
сюбашы, канкаш. 
Еркін жауаптары бар тест. Неліктен, 1930-шы жылдардағы дағдарыс орбитасына Азия, 
Африка, Латын Америкасының елдері ілінді? Төменде көрсетілген тұжырымдамалардың ішінен 
Неғұрлым маңызды себепті белгілеу немесе өз көзқарастарын нақтылау

А. Бұл мемлекеттер дамыған өнеркәсіптік елдерден үлкен несиелер алуды тоқтатты. 
Ә. Бұл елдердің экономикасы бір бағытта дамуына байланысты құны түсіп кеткен, азық-түлік 
пен шикізатты шығарушы қатарында болды. 
Б. Бұл елдерде инфраструктура (жолдар, көпірлер, байланыс құралдары және т.б.) толыққанды 
дамыған жоқ. 
Г. ... . 
Қорыта айтқанда тарих сабағында функционалдық сауаттылыққа бағытталған 
тапсырмаларды қолдану келесі нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді: 
- жаңа сабақты өз бетінше меңгереді, қосымша әдебиеттермен жұмыс жасайды; 
- алған білімдерін өмірде, түрлі жағдаятта, әлеуметтік ортада қолдана алады; 
- жеке, жұппен және топпен жұмыс жасауға үйренеді; 
- өзгермелі өмірге бейімделеді және мәселелердің шешімін табады;
- бір-бірін шынайы, әділ бағалауға тәрбиеленеді; 
- өз көзқарасын қалыптастырып, ойларын тұжырымдайды
- жеке тұлғалық сипатын дамытып, шығармашылығын шыңдап, өзіне деген кәсіби сенімі 
қалыптасады; 
- өзіндік ой-көзқарасын ашық айтуға, жан-жақты ізденуге үйренеді; 
- зияткерлік қабілеті дамыған, өмірде өз орнын таба алатын, білімді, бәсекеге қабілетті жеке 
тұлғаны қалыптасады. 
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Біздің міндетіміз – бәсекелестікке лайық ұрпақ тәрбиелеу» - 
деген ойын басшылыққа ала отырып, тұлғаның бейімділігін, қажеттілігін қанағаттандыруды
қызығушылығын, қабілетінің дамуын ескере отырып, функционалдық сауаттылығына қол 
жеткізуді қамтамасыз етіп, жан-жақты дамыған, мектепте алған білімін өмір бойы пайдалана 
алатын жаңа заман форматындағы құзіретті тұлғаны тәрбиелеу, оқыту ұстаздың басты парызы 
болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   271




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет