Функциональная грамотность важнейшее условие повышения качества образования



Pdf көрінісі
бет21/271
Дата20.05.2022
өлшемі12,08 Mb.
#144190
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   271
Әдебиеттер
1.
Төлегенова. У. Жаңа технологияны сабақта қолдану. \\Бастауыш мектеп №5-2006 
2.
Қуанаева. Б. С. Бастауыш сынып оқушыларының оқу мотивациясын арттыру жолдары. \\ Ұстаз 
Ғылыми әдістемелік журнал №1 (54) 2012 
3.
E-mail:45minut.kz. Бастауыш сыныпта оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс – тәсілдер. 
4.
Абилова. Ж. Т Жаңа технологияның пайдалану тиімділігі. \\Бастауыш сынып әдістемесі №3(22) 
 
Амирова К.Н. 
№32 ЖББМ, Қарағанды қаласы 
 
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ-ЗЕРТТЕУШІЛІК ӘРЕКЕТТЕРІН 
ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ 
Жаһандану заманында білім беру үрдісіне қойылатын талаптардың бірі- білім алушы 
дамыған, өркендеп келе жатқан қоғам мүшесі ретінде жаңалыққа құштар, өзін және өзгені бағалай 
алатын, толықтай өзіндік көзқарасы қалыптасқан тұлға болуы шарт. 
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында ұлттық және жалпыадамзаттық 
құндылықтар, ғылым және практикада жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, 
дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім беру, сондай-ақ жеке адамның шығармашылық, 
рухани, біліктілік күш-қуатын жетілдіруге, жеке тұлғаның жан-жақты толысуына жағдай жасай 
отырып, зерделі азамат даярлау міндеті көзделген[ 1].
Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына 
«Қазақстан жолы –2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» жолдауында «...оқыту нәтижесі 
оқышулардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға 
тиіс» деп атап кеткен болатын. [2]. Соңғы нормативтік құжаттарда оқушылар дербес жұмыс жасай 
алу, жаңа әдіс-тәсілдерді жетік меңгерген, білімдерін өмірлік талаптарға сай келетін, бойында 
тұнып тұрған шығармашыл тұлғаны тәрбиелеу. Аталмыш міндет үдемелі дамып жатқан ақпараттық 
кеңістікте ерекше өзекті болып саналады. Алайда, біздің оқушылар толы жаңа ақпарат легіле ілесе 
алмай, оны қажеттіліктеріне сай бағдарлап, өңдеп, өз жұмыстарында қолдана алады деп айта 
алмаймыз. Осы жерден туындап отырған өзекті мәселені бастауыш сынып сатысында оқу-
зерттеушілік әрекетті қалыптастыру. 


48 
Жаңартылған мектепке бастауыш сынып оқушыларының оқу-зерттеушілік әдістерін 
қалыптастыруда: 
-оқушылардың оқу үрдісінде белсенді, дербес және жұмысты бастай білу бастамашыл ұстанымы 
қалыптасу; 
-зерттеу, рефлексиялық, өзін-өзі бағалау дағдылары; 
-іс-тәжірибе барысында бірін-бірі сыйлау құзыреттілігі; 
-танымдық қызығушылықтары дамиды; 
-оқу өмірмен байланысу принципі; 
Жалпы, оқу-зерттеу іс-әрекет-оқушылардың танымдық қызығушылықтары, зерттеу дағдылары, 
субъективті.
Оқу-зерттеу іс-әрекеті-бұл оқушылардың танымдық мотивтерін, зерттеу дағдыларын, 
субъективті жаңа білімдерін қалыптастыру болып табылатын мақсаттылықпен, белсенділікпен, 
мотивациямен және санамен сипатталатын оқушылардың арнайы ұйымдастырылған танымдық 
шығармашылық қызметі. 
Бұл бағыттағы ең тиімді қадамдардың бірі-білім берудің зерттеу әдістерін белсенді қолдану. 
Осыған сүйене отырып, мұғалім жеке бағдарлау принципіне негізделген балалардың зерттеу мінез-
құлқын дамыту тәсілдерін қайта қарады. Бастауыш сынып оқушылардың оқу-зерттеушілік 
әрекеттерін қалыптастыруда төсмендегідей бағыттарды бөліп қарастыра аламыз. 
Кесте- 1 
Жоғарыдағы кестеге сәйкес бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктері мен 
физиологиясын ескере отырып, жүйелі ұйымдастырылған жұмыс нәтижесінде оқу-зерттеу қызметі 
табысты жүзеге асырылып, теориялық білімдерін іс-тәжірибе негізінде қолданылуымен тығыз 
байланысты ұстана отырып, зерттеушілік біліктері қалыптасады. 
Бастауыш сынып оқушыларына оқу-зерттеу әрекеттерін тиімді қалыптастырудың бірден-бір 
жолы- ынталандыру. Белсенділік пен дербестік танытуда білім алушылардың қызметін қолдау мен 
мақұлдау арқылы жаңа затты тануға деген ұмтылысты көтеруге бағытталған. Оқу-зерттеушілік 
қызметті қалыптастырудың маңыздысы деп осы қызметте қолдаылатын әдіс-тәсілдерді іріктеп алу, 
оның ішінде бақылау, экскурсия ұйымдастыру, зерттеу жұмыстары мен жобалар. 
Кестеге сәйкес жұмыстарды жүйелеу тырып оқушылар төмендегі дағдыларды меңгереді: 
Мәселені анықтап, зерттеу тақырыбын анықтауды. 
Зерттеу мақсатын қою. 
Болжамдарды (гипотезаларды) ұсыну. 
Жоспарлау. 
Әдістерді анықтау. 
Материал жинау, эксперимент жүргізу. 
Зерттеу нәтижелерін өңдеу, қорытындылау жұмыстарын жүргізу. 
Нәтижелерді ұсыну. 
Бастауыш сынып оқушыларының оқу-зерттеу іс-әрекетін оқушылардың танымдық 
қажеттілігін, зерттеу позициясын, оқу-танымдық қызығушылығының айқындығын, танымдық 
белсенділігінің қарқындылығын, сондай-ақ бастауыш сынып оқушыларының оқу-зерттеу іс-
әрекетінің қалыптасуын көрсететін өзіндік білім алушылардың өзіндік іс-әрекеті ретінде 
қарастырамыз. 
Жаңартылған білім беру жағдайында мұғалім: 
1.Бастауыш сынып оқушылары шешім қабылдауда жағымды нақты орта құру. 
Бағыттар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   271




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет