3. Еуразияның қола дәуірінің археологиялық мәдениеттері:
ескерткіштері
"Дәуірге сипаттама.
Сонымен мыс-тас дәуірінің кезінде адам баласы
металдан қару- жарақ жасауды үйрене бастайды. Мысты тас дәуірінің
ескерткіш тері Ж аңатас дәуірінің соңғы кезіндегі ескерткіштермен аралас
кездесіп отырса ал, мыс қола дәуірінің ескерткіштерінің алғашқы кезімен
аралас кездесіп отырады. Олай болуы заңды. Бірақ Қазақстандағы мысты
тас дәуірінің ескерткіштері осы уақытқа дейін жеткілікті зерттеле қойған
жоқ. Ал, керісінше, қола дәуірі біршама жақсы зерттелген. Қола таза
күйінде табиғи кездеспейді.ол екі металдың қоспасы (мыс пен қорғасын).
Қоланың пайда болуы адам өміріне үлкен жаңалық әкелді, металл қорыту
басталды. Бұл дамудың алғашқы прогрессивтік қадамы. Сондықтан да
мысты тас дәуірі тастан, қола сияқты күрделі металға өту кезеңіндегі
өтпелі дәуір. Қола мысқа қарағанда берік, қатты металл, одан жасалған
қару-жарақ, қурал-сайман, әлдеқайда берік болған."
Қола дәуірінің мәдениеттері.
Қазақстан қола дәуірі кезінде өмір сүрген ру-
тайпалардан қалған ескерткіштер бірнеше мәдениетке бөлінеді,ал
мәдениеттер бірнеше кезеңдерге бөлінеді. Сол кездегі адамдардың рухани
және материалдық мәдениеттері жағынан біртіндеп даму процестеріне
орай бөлінудің өзіндік мәні бар. Әр облыстардағы жерлеу әдет-
ғүрыптарының жергілікті өзгешелігі болғанымен, жалпы бірыңғай дәстүр
болған. Олар ескерткіштердің сыртқы көріністерінен де және ішкі
көріністерінен де толық байқалады.Ғылыми зерттеулердің көрсетуі
бойынша, Қазақстан жеріндегі қола дәуірінің кезіндегі өмір сүрген
адамдардың мәдениеті,Андрон және Беғазы-Дандыбай мәдениеті болып
екіге бөлінеді. Андрон мәдение- тінің өзі үш кезеңге бөлінеді. 1.Федоров,
2.Алакөл, 3. Замараев, Археолог А.М.Оразбаев Солтүстік Қазақстанның
қола дәуірін осы кезеңдерге белуге негізінен қосылғанымен, Замараев
кезеңін жеке мәдениет деп қарауды қуптайды.Ғалымның айтуы бойынша
бұл кезеңде алдыңғы кезеңдерге ұқсамайтын өзіне тән жерлеу әдет-
ғурыптарының барлығын көрсете келіп, оны Замараев мәдениеті деп атау
дұрыс дейді. Сол сияқты Шығыс Қазақстанды зерттеген ғалымдар
(С.Черников, А.Г.Максимова) жинаған материалдарына сүйене отырып,
андрон мәдениетінің материалдарының уқсастығына қарсы болмайды.
Бірақ олар Шығыс Қазақстан жерінен табылған қола дәуірінің
ескерткіштерін 4 кезеңге бөледі:1 .Усть-Бөкен, (XVIII-XVI ғғ.). 2. Қанай
(XVI-XIV ғғ.). 3. Кіші-Краснояр (XIV-IX ғғ.) және 4. Трушник (IX- VIII
ғғ), Орталық Қазақстандағы қола дәуірін зерттеген Қ.Ақышев (1950) оны
Андрон және Қарасу деп екіге бөледі. Орталық Қазақстанда көп жылдар
бойы археологиялық зерттеу жумысын жүргізген академик Ә.Х.Марғұлан
қола дәуірінің соңғы кезеңінің өзіне тән ерекшеліктерін ескере отырып,
оны Беғазы-Дандыбай мәдениеті деп атауды ұйғарды. Бул мәдениетке
ғалым Беғазы, Буғылы, Саңғыру, Айбас дарасы Дандыбай ескерткіштерін
жатқызады. Көрсетілген ескерткіштерден алынған материалдар қола
дәурінен темір дәуіріне өтетін өтпелі кезін көрсететіндігін дәлелдейді.
Кітапта қола дәуірінің қоныстары, егін шаруашылығына қажетті салынған
тоспалар мен арық-тоғандар жайында материалдар өте көп берілген.
Соңғы екі тарауы қола дәуіріндегі адамдардың діни-наным сенімдеріне
және өнеріне арналған. Жалпы алып қарағанда, академик
Ә.Х.Марғуланның бул монографиясы Орталық Қазақстан жеріндегі қола
дәуірі кезінде өмір сүрген адамдардың тұрмысынан және қоғамдық
қурылысы
жагынан хабар беретін тунып турған шежіре деп айтуға болады.Қола
дәуірі Қазақстанның басқа да аудандарында зерттелген. Батыс
Қазақстанда, Кіргелді І-ІІ молалары, Тастыбулақ моласы және қоныстары.
Тастыбулақ моласынан алынған материалдарға қарағанда, Андрон
мәдениетінің Федоров кезеңіне жататындығы байқалған. Андрон
мәдениетінің үш кезеңге бөлінуінің себебі олардың өзіне тән
ерекшеліктері бар.Федоров кезеңінде адамдарды жерлегенде, өртеп күл-
көмірін қойған. Ал кейбір жерлерде өртемей оң жақ қырымен уйықтап
жатқан тәрізді жерлеп, бас жағына ас салынған қумыра, біз, пышақ тағы
басқа қуралдары мен әшекей буйымдары бірге қойылады. Жасалған
көзелердің сыртына салынған өрнектері өте әдемі. Сур көзелердің
шығыңқы келген иықшалары (выступ) болады. Ал Алакөл кезеңінде өлікті
жерлегенде, жартылай өртеп қою болмаған, көзелердің сыртындагы
иықшалары жойылып, көзенің жаны ернеуінен түбіне қарай күрт түседі.
Ал сыртындағы өрнектер көзенің тула бойында үш бөліктен салынған,
ернеуінен мойнына дейін бір бөлек, бүйірінде екінші, түп жағында үшінші
бөлік. Өрнектер көбінесе геометриялық сызықшалар, әсіресе, үш
бұрышты, мен андровый және қошқар мүйізді үлгілерде кездеседі, қола
дәуірінің осы екі кезеңінің қыштан жасалған ыдыстарының сыртындағы
ою-өрнектердің үлгілері қазақ халқының тускиіз, текемет, алаша, кілем,
сырмақ сияқты бұйымдарының үлгі- өрнектерімен уқсастығын көруге
болады.Қазақстан жерінде ертеде өмір сүрген ру-тайпалар мен соңғы
кездегі қазақ халқының ою-өрнектеріндегі уқсастықтардың болуын жай
ғана кездейсоқ уқсастық деп қарауға болмайтындығы, ол үқсастық-
тардың арасында белгілі бір ертеден келе жатқан байланыстың
барлығында деп уғынған дурыс. Ұқсастықтар тек үлгі өрнектерде ғана
емес діни нанымдардың қалдықтарында болғандығын да байқауға болады.
Мәселен, қола дәуірінің адамдарының тәңірге, күнге, отқа табынуын
олардың өлген адамдарын өртеп қою, сонымен қатар моланың екі-үш
кейде одан да көп шеңбер сияқты тас қоршаулармен қоршалуы,
ғалымдардың пікірі бойынша, күнге табынғандық болса, ал адамдарды
өртеп қою отқа табынушылық. Мұндай діни нанымдар қазақ халқында осы
күнге дейін кездеседі. Қазақта келін түскенде отқа өлі-тірі риза болсын деп
май тамызу, өлген адамның жатқан жеріне шығарып салған соң үш күнге
дейін шырақ жағу сияқты діни әдет-ғурыптар. Күнге табынудың бір
көрінісі көктемде алғаш рет күн күркірегенде, әйелдер қолдарына шөміш
пен қысқашты үстап алып, бір-біріне үрыстырып үйді айнала "от көп,
көмір аз- от көп, көмір аз”деп жүгіруі, Ш.Уәлихановтың жазуы бойынша,
күннің күркірегенінен қорыққандық емес, жақсы тілек.мал басының аман
болуы, сүттің мол болуын тілегендік. Мүндай әдеттің орындалуы Жетісу
жерінде ХХғ. 50-жылдарға дейін орын алып келген. Әдет-ғүрыптардың
сонау ерте кезден бүгінгі күнге дейін сақталуы жай нәрсе емес. Олай
болатын болса, Қазақстан жеріндегі қола дәуіріндегі өмір сүрген
адамдармен бүгінгі таңдағы қазақ халқының арасында этникалық
байланыстың барлығына күмәндану мүмкін емес. Археологиялық
зерттеулерден қола дәуірінде өмір сүрген адамдардың әдет-ғүрып, салт-
санасынан бүгінгі күнге дейін жеткен әдет-ғүрыптарды көптеп келтіруге
болады.Замараев кезеңі қола дәуірінің соңғы кезеңі. Ғалымдар темір
дәуіріне өтетін өтпелі кезең деп те атайды. Оның өзіне тән ерекшелік- тері:
1) адамды өртемей шалқасынан жатқызып жерлеуі. 2) Замараев кезеңінде
құмыралардың жасалуы сапасы жағынан және сыртына салынған
өрнектерінің әдемілігі жағынан нашарлай бастайды. Ал діни нанымдар сол
алдыңғы кезеңдердегідей сақталады. Ғылыми пікірлер- ге қарағанда,
жоғарыда көрсетілген кезеңдерде өмір сүрген рулар бірінің орнын екіншісі
басып, екіншісінің орнын үшіншісі басып дамып отырған. Оны қазба
жүмысы кезіндегі
алынған материалдардан толық байқауға болады.Қазақстанға қола
дәуірінің кезінде басқа жақтан, әсіресе, Сібір жақтан адамдар ауысып
келді деген пікірлер орынсыз айтылған.Қола дәуірі Қазақстанның шығыс,
оңтүстік және Жетісу жерлерінде де біршама тексерілген.Шығыс
Қазақстанда қола дәуірінің алғашқы кезеңі Қанай, Сарыкөл, Жаңажүрт,
Қойтас ескерткіштерімен белгілі болса, ал соңғы кезі Ертіс өзенінің сол
жағалауына орналасқан Трушников селосының жанындағы
ескерткіштерден белгілі. Жоғарыда аталған ескерткіштерден алынған
материалдар өздерінің кейбір жергі- лікті өзгешеліктері болмаса, басты
жерлеу салты мен материалдық жағынан Қазақстанның Орталық және
Солтүстік аудандарындағы қола дәуіріне ұқсас. Шығыс Қазақстандағы
өлген адамдар жай жердей қазылған қабірлерге жерленген. Көзе
ыдыстардың пішінінің көпшілігі қүмыра тәріздес. Қанай және Трушников
селоларының жанындағы қола дәуірінің қоныстарын зерттегенде, екі
бөлмелі жер үйлердің орны ашылған. Қоныстан мыстан жасалған қүралдар
және мыс қорытқанда ағып түскен қорытпалар табылған. Мұндай көрініс
қоныста қола қорыту үшін жасалған әрекеттерді байқатады.Қола дәуірінің
ескерткіштері Қазақстанның Оңтүстік және Жетісу жерлерінде өте аз
кездеседі. Бүл туралы қола дәуірінің мамандары неге олай екендігі жайлы
осы күнге дейін белгілі бір пікірге келген жоқ. О ңтүстік Қазақстанда қола
дәуірінің ескерткіш тері Ш ымкент облысының Созақ ауданындағы Бабата
деген ауылдық жанында Таутары деген жердегі молалар мен Қызылорда
облысының “Талапты”совхозының Бесарық сайының ішіндегі Қуйықты
молаларынан белгілі. Ал Жетісу жерінде Шу-Іле тауларының оңтүстік
жағындағы қарақұдық сайындағы молалардан белгілі.Алынған
материалдарға қарағанда, жоғарыда айтылған ескерт- кіштердің бірінші
тобы Андрон мәдениетінің Алакөл дәуіріне жатса, ал екінші аталған
мәдениеттің Федоров дәуірінен, Алакөл кезеңіне өтетін мезгілде өмір
сүрген қола дәуірінің тайпаларының ескерткіштері. Көрсетілген
аудандарда қола дәуірінің ескерткіштерін зерттеу мәселесі Қазақстан
археологтарының күн тәртібінде түрған басты мәселенің бірі. Алайда
Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Таңбалы тас деген жердегі қола
дәуірінің кезіне жататын суреттерге қарағанда Жетісу аймағында бул
дәуірдің жақсы дамығанын көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |