екінші рет өңдеп өткірлеген. "Ретушь" әдісі дегеніміз — тас құралдың
жүзіне ұсақ кертіктер (ара жүзі сияқты) жасау арқылы өткірлеу. Мустье
дәуірінде тағы бір көп пайдаланылған құрал — түрлі қырғыштар. Олардың
сыртқы пішіні сопақша, үшбүрышты, ұзынша төртбүрышты.
Қырғыштардың да жүзін ретушь әдісімен өңдейді.
Сонымен қатар мустье дәуірінде де дөңгелек нуклеустер, екі жақ бүйірі
қырналған атпатас құралдар кездеседі. Әсіресе Орталық Қазақстан
ескерткіштерінде көбірек кездесетін атпатас құралы Орталық Азияның көп
жеріне тән.
Шығыс Қазақстанның Шульбинка маңынан археологтар тұрақтың орнын
тапқан. Онымен көршілес аймақтарда мустье дәуіріне жататын тұрақтар
кездеседі. Ғалымдар оны: "мустьеліктердің шеберханалары, тұрақтары"
дейді. Бұл — мустье дәуірі адамдарының бір орыннан екінші орынға
жылжып кезе бермей, ұзақ уақыт бойы бір жерде қоныстанып
отырғандығын көрсетеді. Қазақстан жерінде соңғы палеолит ескерткіштері
тым аз кездеседі. Ғалымдар Бұл жағдайды соңғы палеолит кезіндегі
құрғақшылықтың күшейіп, су азайып, яғни табиғи жағдайдың адам өмір
сүруі үшін өте қолайсыз болуымен байланыстырады. Мустье заманынан
бері адамдар мекендеген, кейіннен Ш.Уәлихановтың құрметіне аталған
тұрақтан жоғары палеолит адамдары тіршілігінің ізі табылған. Бұл тұрақ
Оңтүстік Қазақстандағы Арыстанды өзенінің бойында. Тұрақтың ең
бірінші қабатын зерттеушілер соңғы палеолитке жатқызады. Бұл қабаттан
тұрпайылау жасалған ірі қырғыштармен қатар жүзі жартылай шеңбер етіп
шебер өңделген қырғыштар кездеседі. » .
Соңғы палеолиттің тағы бір белгілі ескерткіші — Орталық Қазақстан
жеріндегі Семізбұғы тұрағы. Бұл жерде ең көп кездесетін құралдар —
қырғыштар, одан кейін жүзі түзу, кейде қайқы тас түріндегі пышақтар.
Орталық Қазақстанның жоғары палеолитіне жататын ескерткіштердің бірі
— Батпақ деп аталатын көне мекен. Оның мәдени қабаты жер бетінен 120
сантиметр тереңдіктен басталады. Онда көзге ерекше ілігетін құралдың
бірі — сопақша келген тасты өңдеу арқылы жасалған қырғыштар.
Достарыңызбен бөлісу: