1 Есік қорғаны. Ақышев енбектеріне талдау жасаңыз


Қаңлы мемлекетін мына схема бойынша сипаттаңыз: әкімшілік



Pdf көрінісі
бет15/45
Дата21.05.2022
өлшемі0,8 Mb.
#144362
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   45
Байланысты:
Еқт сессия

17. Қаңлы мемлекетін мына схема бойынша сипаттаңыз: әкімшілік 
шекарасы, этникалық құрамы, саяси басқаруы, ішкі және сыртқы 
саясаты, мәдениеті. 
Біздің заманымыздан бұрынғы III ғасырдан бастап Қазақстан жерін 
мекендеген ірі тайпалардың бірі - қаңлылар. Олар Қытай жазба 
деректерінде кангюйлар деп аталса, иран діни жинағы «Авеста» және үнді 
діни кітабы «Махабхара-тада» кангха болып кездеседі. Сол кездегі ірі 
елдердің жаз-ба деректерінде корсетілуі қаңлы тайпаларының жайғана ру-
тайпалық деңгейде емір сүрмегендігін, олардың мемле-кеттік дәрежеге 
көтерілгенін байқатады. Ғылыми пікірлер және Қытай жазба деректері 
қаңлыларды сақ тайпалары-ның жалғасы, олардың ұрпақтары деп 
көрсетеді.
Қытай жазба деректері негізінде қаңлы тайпаларының тарихын алғашқы 
зерттеушілер Қытай тілін жетік білген ғалымдар Н. Я. Бичурин мен Н. В. 
Кюнер. Бұлардан кейін жазба деректерді саралай отырып академик В. В. 
Бартольд қаңлы тайпаларын Сырдарияның орталық ағысында өмір сүрді 
деген қорытынды жасайды.Қытай деректеріндегі Чжан Цяннің хабары 
бойынша қаңлы тайпалары халқының жалпы саны - 600 мың, жау-ынгер 
жасақтарының саны - 120 мың адам. Орталығы Сыр-дария өзенінің 
бойында орналасқан Битән қаласы. Қытай деректеріне қарағанда, қаңлы 
тайпаларының иелігінде Сусе, Фуму, Юени, Ги, Югень деп аталатын бес 
аймақ болған. Бұл жерлерді кәзіргі кезеңдегі аудандармен салыстырып 
қарайтын болсақ: Югень-Хорезм; Ги- Сырдарияның саға-сы; Фуму-
Жаңақорғанның солтүстік батысынан Қазалыға дейін; Сусе-Сырдарияның 
орта ағысы, Арыс өзенінің аңғары, Қаратау беткейі; Юени-Ташкент 
аймағы.
Қазақстан және Орта Азия жерінде қаңлы тайпалары-ның ескерткіштеріне 
жүргізген зерттеу жүмыстарының қорытындысы бойынша, олардың 
қалдырған материалда-ры шартты түрде үш мәдениетке бөлінеді. 1. 
Қауыншы. 2. Жетіасар. 3. Отырар-Қаратау мәдениеті.
Б.з.б. II ғасырдың екінші жартысында қаңлылар жерінің оңтүстік аймағы 
юечжиге, ал солтүстік бөлігі ғұндарға тәуелді болғаны көрсетіледі. Ал б.з. 
1-ғасырында мүндағы жағдай өзгеріске ұшырайды. Бүл кезде Амудария 
мен Сырда-рия аралығындағы юечжилердің негізгі белігінің оңтүстікке, 
Бактрияға қарай ығысуы, қаңлы тайпаларының күшеюіне мүмкүндік 
береді. Қаңлылар одағының құрамына жоғарыда аталған бес иелік кіреді. 
Қаңлылар Арал-Каспий өңіріндегі сармат-алан тайпалар одағы мен Орал 


өңіріндегі сармат тайпаларын бағындырады. Қаңлы билеушілері Қытай 
империясымен қатынаста еркін, тәуелсіз бағыт үстайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет