1 Есік қорғаны. Ақышев енбектеріне талдау жасаңыз



Pdf көрінісі
бет23/45
Дата21.05.2022
өлшемі0,8 Mb.
#144362
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   45
Байланысты:
Еқт сессия

Көне Түркі жазулары
негізінен 6-10 ғасырлар аралығында Ұлы Түркі 
қағандығы және 
Көк Түркі қағандығы

Хазар қағандығы
кезінде 
қолданылған. Таралу аймағы Моңғолия-Сібір далаларынан Тибет жеріне 
дейін және Еуропадағы Венгрия, Чувашия аймақтарына дейін кездесіп 
отырады. Көне Түркі жазуларының орнына далалыққа көне 
Ұйғыр 
жазулары
 келді. Бұл жазуларды кейде манихей жазулары деп атайды. Оның 
таралуы Манихей дінінің таралуына байланысты болды. Кейін бұл 
жазуларды 
Ислам дінінің
ықпалымен енген Араб жазулары ығыстырып 


шығарды. Кейін осы Араб жазуларының орнына қазіргі Түркі халықтары 
Латын және Кирилл әліпбилерін қолданады.
Көне Түркі жазуларының жалпы сипаттамасы[
өңдеу
 | 
қайнарын өңдеу
]
Көне Түркі жазулары немесе Көне түркі алфавиті - дыбыстық жазу түрі, 
яғни сөздегі дыбыстарды таңбалап жазады. Негізінен 6-10 ғасырларда 
үлкен аймаққа таралған Көне Түркі жазуларын ғалымдар үш топқа бөліп 
қарайды:
1.
Енисей ескерткіштері.
2.
Талас ескерткіштері.
3.
Орхон ескерткіштері.
Орналасу жері болмаса, бұлардың қолданылған жылдарының айырмасында 
және жалпы жазу таңбаларының қолданылуы арасында елеулі айырмалар 
жоқ. Алайда Түркі жазбаларының жазылу мерзімдеріне қарағанда алғашқы 
Енисей-Лена бойынан, Сібірден, Байкал аймағынан Моңғолия далаларына, 
Орхон жеріне, одан Қазақстан мен Қырғызстан, Шыңжаң жеріне қарай 
біртіндеп таралғанын көрсетеді. Ал жазылу үрдісі, таңбаларының 
қолданылуы ұқсас, оқылуы біркелкі.
1.
Енисей ескерткіштеріне
 Енисей бойынан және Тува, Хакас, Алтай 
республикаларының (бәрі де Ресей құрамындағы Түркі 
республикалары) аймағынан және Ресейдің батыс сібірде орналасқан 
Жаңасібір (Новосибирск) облысы мен Ертіс бойынан табылған 
жазулар жатады. Оның қолданылған, жазылған жылдары 5-7 
ғасырлардың аралығы. Бұл аймақтан табылып отырған көне Түркі 
жазба ескерткіштердің жалпы саны қазіргі кезде шамамен 150-дей.
2.
Талас ескерткіштері. Бұл аймақтағы жазулар Оңтүстік Қазақстан, 
Жетісу, Сыр бойы мен Қырғызстан аймақтарына таралған, соның 
ішінде көп шоғырланған жері қазіргі Жамбыл облысында. 
Қолданылған мезгілі бірыңғай 8 ғасыр. Ескерткіштердің жалпы саны 
шамамен 20 шақты.
3.
Орхон ескерткіштері. Моңғолиядағы Орхон, Селенг, Тола 
өзендерінің бойынан және Ресейдегі Минусинск ойпатынан 
табылған ескерткіштер жатады. Қолданылған мезгілі 7-8 ғасырлар. 
Ескерткіштердің жалпы саны 30 шақты. Алайда ең көлемді, ұзақ 
мәтінді жазбалар осы топқа жатады. Бұның ішінде тарихи 
құндылығы жағынан «
Құтлығ қаған»
, «
Білге қаған»
, «
Күлтегін»

«
Тоныкөк»
, «
Күлі Чор»
 және «
Мойын Чор»
 ескерткіштерінің орны 
ерекше. Яғни Көне Түркі жазулары 5-8 ғасырлар аралығында Сібір
Моңғолия, Шыңжаң, Қазақстан, Қырғызстан және Оңтүстік Ресей 


жерінде кеңінен қолданылғаны туралы қорытынды шығаруға 
болады. Бұл көрсетіліп отырған тарихи мезгіл (5-8 ғасырлар) мен 
оның таралған үлкен аймағы Ұлы Түркі қағандығы, одан бөлінген 
Батыс және Шығыс Түркі, Түргеш, Хазар қағандықтары мен Көк 
Түркілер (Екінші Түркі қағандығы) мемлекеттерінің аумағы мен 
өмір сүрген дәуіріне сәйкес келеді. Бұдан басқа қазіргі ғылымға 
Көне Түркі жазуларының Тибет аймағындағы және Еуропалық 
даладаларғы нұсқалары белгілі.
Көне Түркі жазуларының мазмұны[
өңдеу
 | 
қайнарын өңдеу
]
Көне Түркі жазуының құпиясын ашқан Даниялық ғалым Вильгельм Томсен 
болатын (1898 жылы бастап). Кейін орыс түркітанушылары аударып, көп 
зерттеді. Оған 20 ғасырда Түркі елдерінің ғалымдары – Татар, Өзбек, Түрік, 
Қазақ, Әзірбайжан зерттеушілері қосылды. Кейде "руна (руникалық) 
жазулары" деп аталады. Оның себебі жазудың құпиясы ашылмай тұрғанда, 
бұл жазулар бір қарағанда ежелгі скандинавия халықтарының жазбаларына 
ұқсайтын еді. Алайда ғылыми зерттеулер Түркі жазулары екенін анықтады. 
Томсен ең алғаш рет "Түрік" және "Теңрі" сөздерінен бастап оқыған екен.
Бұл жазулардың жалпы көлемі ұзақ. Қазіргі өлшеммен алғанда орта 
көлемдегі кітапты құрайды. Көптеген тарихи, мәдени, жағырапиялық, саяси 
деректер бар, сол кездегі халықтың өмірінен, таным-түсінігінен, 
дүниетанымы мен салт-дәстүрінен хабар береді. Тарихи оқиғалар тізбегі 
Ұлы қағандардың жорықтары жыраулық-жорықтық үлгідегі әдемі, көркем 
тілмен баяндалған. Сондықтан көптеген зерттеушілер оларды көркем 
шығармаларға жатқызады. Жазбаларды Көне Түркілер мен Көк Түркілер 
дәуіріндегі болған оқиғалар сипатталып, жағырапиялық атаулар, сол кездегі 
тайпалардың атаулары мен орналасу, таралу аймағы көрінеді. Өкініштісі, 
Түркі жазба ескерткіштері манихейшіл Ұйғыр қағандығы кезінде аяусыз 
қиратылған.
Жазбаларда ең алдымен 5-8 ғасыр аралығындағы Ұлы даладағы тарихи 
оқиғалар көркем тілмен баяндалған, айналып келетін оралымдары мен ішкі 
ұйқастары, композициялық тұтастығы бар. Сондықтан оның ең алдымен 
жанрын айқындасақ – жылнама не шежіреден гөрі, бұлар – тарихи 
дастандар. Жазудың сипаты түркі тілдерінің дыбыстық ерекшеліктерін, 
соның ішінде үндестік заңдарын жақсы береді. Жазудың ерекшелігі оңнан 
солға қарай оқылады және негізінен дауыссыз дыбыстар таңбаланады. 
Олардың жуан және жіңішке түрлері бар, олар жеке-жеке бөлек 
таңбаланады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет