1 Есік қорғаны. Ақышев енбектеріне талдау жасаңыз



Pdf көрінісі
бет25/45
Дата21.05.2022
өлшемі0,8 Mb.
#144362
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   45
Байланысты:
Еқт сессия

сегіз оқиға
баяндалған.

Біріншісінде, қағанның өз халқына қарата айтқан үндеуі,

Екіншісінде Түрік Қағанаты жерінің кеңдігін суреттейді,

Үшіншісінде түркілердің әскери жорықтары,

Төртіншісінде көршілес табғаштардың қастандық әрекеттері туралы 
әңгіме,

Бесіншісінде табғаш тайпасымен қатысу түркілерге қауіпті екендігі 
жөнінде,

Алтыншысы түркі халқының болашақты болжай алмауына өкіну,

Жетіншісі түркі халқының даңқын асырған қаған жөнінде,

Сегізіншісінде осы ескерткішті жыр қып жазуға түрткі болған 
жағдайларға тоқталады.


Орхон-Енисей жазбаларының енді бір ескерткіші - Тоныкөк 
құлпытасындағы жырлар. Онда да сол кездегі түркілердің өмірінен 
мағлұмат беретін он төрт жол жазылған. Түркі халқының табғаштарға 
тәуелді болып қалу тарихы, азат қалған түркілердің бірігуі, қаған сайлауы, 
Тоныкөктің ықпалымен Елтерістің қаған болуы, Оғыз мемлекетінің 
тыңшылары түркілерге қауіп төндіргені, қарсыластармен болған 
шайқастар, анталаған жаудың бетін қайтаруда Тоныкөктің ерлігі, ұрыс-
шайқастардың жүргізілуі, түркілердің түрлі тайпалармен жауласу жолдары 
баяндалып, Тоныкөкті мадақтау берілген.
Енисей өзені аңғарынан құпия жазуы бар құлпытастар табылғаны туралы 
алғашқы хабарды Н.К.Видзен, С.У.
Ремезов
, сондай-ақ 
Сібірде
айдауда 
жүрген швед офицері И.Т.
Страленберг
пен немістің белгілі ғалымы 
Д.Г.Мессершмид, т.б. бергенін 
ХVIII
ғасырдың бас кезінде жазған 
мақалалары мен хаттарынан білеміз.
1893 жылғы
қарашаның 25-күні 
Дания
корольдік ғылым академиясының 
мәжілісінде Вильгельм Томсен ғылыми әлемді дүр сілкіндірген мәлімдеме 
жасады. Ғалым Орхон мен Енисей өзендері бойынан табылған 
ескерткіштердегі құпия жазуды оқудың кілтін ашқандығын хабарлады. 
Ғалымның ең алдымен оқыған сөздері «тәңірі» және «түрік» деген сөздер 
екен.
Дәл осы кезде академик В.В.Радлов та өз бетінше ізденіп, 
руна
 жазуының 
он беске жуық әрпін анықтап алған еді. Арада көп уақыт өтпей, В.В.Радлов 
Орхон өзені бойынан табылған үлкен тастардағы мәтінді толық оқып, 
аударып шықты.
Орхон жазба жәдігерліктерін ұзақ жылдар бойы түбегейлі зерттеген білікті 
ғұламалар М.
Жолдасбеков
пен Қ.Сартқожаұлының бірлесіп жазған ірілі 
зерттеуі жарық көрді.
Л.Н.
Гумилев
 Орхон жазба ескерткіштерін «Көк түріктердің өздері туралы» 
жазған шежіресі деп біледі.
Тасқа жазылған ескерткіштерде негізінен 
Түрік қағанаты
, оны билеген 
қағандар, олардың ерлігі жайында сөз болады. «Күлтегін» және «Тоныкөк» 
жырлары өткен дәуірден нақты мәлімет беруге арналған тарихи деректер. 
«Күлтегін» жырының басты идеясы – Күлтегін батырды Түрік қағанатының 
құдіретті тұлғасы етіп көрсету. «Күлтегін» жырының авторы – Йоллығтегін 
Түрік қағанатының күш қуаты артты, жері барынша кеңіді, ел тұрмысы 
түзелді.


Түрік қағанаты тарихында Тоныкөк тұлғасы ерекше орын алады. Ол 
Елтеріс қаған, Бөгі қаған және Білге қағандарға кеңесші болған. Тоныкөк ел 
қамын ойлаған ақылгөй, дана қарт. Түрік қағанатына төрт жағынан жау 
қаптағанда, Тоныкөк ақыл кеңесімен де, тапқыр сөзімен де, батырлық 
істерімен де қағандарға көмектесіп отырады. Орхон жазба жәдігерліктері 
ішінде «Тоныкөк» жыры ерекше орын алады. Бұл жырдың авторы бөлек, 
оны Тоныкөктің өзі жазған деген болжам бар. Екіншісі – руна жазуындағы 
бұл жәдігерліктерді поэзиялық туындыға тән барлық белгілері бар, ежелгі 
түркілердің өзіндік әдеби дәстүріне негізделген көркем туынды деп 
таныды.
Орхон жәдігерліктерінің ерекшеліктері туралы соңғы кезге дейін өзара 
қарама қайшы екі түрлі көзқарас орын ала келді. Бірі – Күлтегін және 
Тоныкөк жәдігерліктері көркем әдебиетке, соның ішінде поэзияға ешбір 
қатысы жоқ, Түрік қағанатының дәлме дәл жазылған тарихы деп қарады.
Орхон жазба жәдігерліктерінің ішінде «Күлтегін» және «Тоныкөк» 
жырлары өзінің идеялық мазмұны, композициялық құрылысы, көркемдік 
бейнелеуі жағынан қазақтың ерлік пен елдікті жырлаған қаһармандық 
жырларының алғашқы үлгілері болып табылады.
Көне түркі жазба ескерткіштері[
өңдеу
 | 
қайнарын өңдеу
]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет