жарық көріп, Еуропадағы барлық Шығыстанушылардың
қатты қызығу
нысанына айналды. 1730 жылы
Ф.И. фон Страленбергтің
өзі де
зерттеулерінің қорытындысын және жазулардың көшірмелерін жариялады.
Оқылудың әртүрлі жолдары ұсынылғанмен, қандай да бір ақырғы
қорытынды шығаруға
деректер әлі аздау болатын, себебі
Минусинск
аймағынан табылған бұл жазулар үзік-үзік және соған сәйкес жарияланған
мәліметтердегі көшірмелердің көрінісі тым қысқа-қысқа және жазулардың
өзі жартылай өшіп қалған болатын.
1889 жылы
Н.М. Ядринцевтің
Моңғолия далаларынан тапқан жазулары
Көне жазулардың толық сақталған және көлемді үлгілерін ғылыми ортаға
әкелді.
Енді бұл жазуларға қарап, оның дыбыстық құрылысы мен
грамматикалық табиғаты жөнінде айқын қорытындылар жасауға болатын
еді. 1893 жылы дат филологі В. Томсен (
Дания
) бұл жазуларды оқудың
кілтін тапты. Келесі жылы-ақ В.В. Радлов Орхон жазуларының оқылуын
және аудармаларын жасады, 1895 ж. Енисей жазуларының да оқылуы мен
аудармалары жарыққа шығарылды.
Дала жазуларының тарихы[
өңдеу
|
қайнарын өңдеу
]
Б.з.б. 8 ғасырларда көшпенділер даласына
Брахми және Кхарошхи
жазулары таралған. Бұлар Көне Үндістаннан келген. Ғұн заманынан қалған
қысқа жазуларды оқу мысалы, Қытай жазбаларындағы «шаньюй» (Моде
шаньюй) деген сөздің Ғұн тілінде «Сеңгір» деп дыбысталатынын анықтап
берді. Бұл – «биік», «асқақ», «жоғары» деген мағына береді де қазіргі Түркі
тілдерінде, мысалы Қазақ тілінде «Сеңгір таулар», «Заңғар көк» сияқты
тіркестерде кездесіп отырады. Көне Қытайлықтардың б.з.б. дәуірлердегі
«Хунну жазуы» деп отырғаны осы жазу. Кейін б.з.б. 3 ғасырлардан бастап
далалыққа Соғды жазулары тарады. Ол ежелгі Қаңлы мемлекетінде б.з.б. 3
және б.з. 5 ғасырлары аралығында кеңінен қолданылған.
Мысалы қазіргі
Қазақстанның оңтүстігінен табылып отырған «Күлтөбе жазулары» б.з.б. 2-
1 ғасырларға жатады.
Достарыңызбен бөлісу: