20. Геродоттың «Тарих» еңбегіндегі сақтар туралы мәліметтерді
талдап жазыңыз
ГЕРОДОТТЫҢ «ТАРИХ» АТТЫ ЕҢБЕГІНЕН ҮЗІНДІ
«Олар жаяу және ат үстінде де соғыса алады. Найза, қылышпен
қаруланады, садақты жақсы атады. Жауынгерлерінің бәрі мерген.
Найзаның ұшын, жебе, қылышты және аттың сауытын мыстан жасайды.
Баскиімдерін, белдіктерін, аттың ертұрмандарын алтынмен әшекейлейді.
Алтын мен мыс өте көп. Олар егін екпейді. Үй малдарын өсіріп, балық
аулайды. Сүт ішеді. Күнге табынып, оған жылқыны құрбандыққа
шалады». Аңызға айналған аргиппейлерді сипаттай келіп, Геродот былай
деп жазады: «Олардың әрқайсысы ағаштың астында өмір сүреді. Қыста
ағащ кез келген сәтте тығыз ақ киізбен жабылады, ал жазда жабусыз
қалдырылады». Геродот пен Гиппократтың жазуынша мал өсіретін
тайпалардың көші-қонды тұрғын үйлерімен бірге, көшпелілерде барынша
кеңінен төрт және алты доңғалақты арбаларға орнатылған киіз үйлерде
болды; жартылай көшпелілер мен отырықшы малшылар оларды жыл
маусымдарында пайдаланды.
Антикалық және көне парсы тіліндегі деректерде сақ тайпаларының
сыйынатын басты құдайы «Күн» деп көрсетіледі. Геродоттың «Тарих»
шығармасында мынадай жайт баяндалады. Кезінде парсы патшасы Кир
қартайған шағында қазіргі Жетісу жерін мекендеген массагеттерге шабуыл
жасайды. Алайда массагеттер ашық шайқасқа түспей қашқақтайды. Сол
кезде Кир өзінің кеңесшісі Крездің кеңесімен массагеттер патшайымы
Томиристің ұлы Спаргаписті алдап тұтқынға түсіреді. Өзінің баласын
қайтарып алмақ болып Кирге елші жіберген Томирис өз сөзінде:
«қанқұмар Кир, атқарған ісіңді мақтан тұтатын шығарсың. Сен менің
ұлымды ашық шайқаста емес, қулық әрекетпен қолға түсірдің. Саған айтар
ақылым менің ұлымды қайтар да еш жазасыз еліңе қайта бер. Егер менің
айтқанымды орындамасаң массагеттердің қамқоршысы – Күн атынан ант
беремін. Сені қанға бөктіремін», – деген сөздер берілген53. Сақ-скиф
тайпаларында күннің символы ретінде жылқы малы таңдап алынады.
«Тарих» шығармасында массагеттер жайлы айта келіп «олардың құрмет
тұтатын жалғыз құдайы ғасырлар бойы – Күн. Оған арнап жылқыны
құрбандық шалады. Мұның мәнісі ең жылдам құдайға ең жүйрік
жануарды құрбан ету», – деп көрсетеді.
Геродот «исседондардың ғұрыптары мынандай. Әлде біреудің әкесі
қайтыс болса, баласы көп мал әкеліп құрбандық шалады. Сойылған мал
мен өлген әкесінің денесін бөлшектеп бірге асады», – деп жазады. Бұл
мәліметті сол күйінде қабылдауға болмайды. Тарихшы сақтардың
арасында болмаған. Мәліметтерді саяхатшылардың айтуы мен ел аузынан
жинақтаған. Ақпарат берушілер сақ-скифтердің адам сүйегін жерлеп
жатқанын көруі мүмкін. Зороастризм дінінде жер, су, от қасиетті
саналады. Оларды ластауға болмайды деп саналған. Сол себепті де
Заратуштра ілімін ұстанушылар қайтыс болған адамның денесін тау-құзға
немесе биік талға іліп қойып, еті мен денесі ажырағаннан кейін, сүйегін
арнайы қыш ыдыстарға салып жерлеу салты болған. Сақтардың діни
наным-сенімдерінде бұл діннің белгілері көрініс тапты. Өздерін
өркениетті халық санаған гректер өзгелерді «жабайыға» балап,
жоғарыдағыдай ой айтқан. Автор осындай ғұрып массагеттерде де
болатынын атап көрсетеді. «Тарих» шығармасында: «массагеттердің салты
мынандай. Әр адам өмірінде бір әйелге үйленеді. Алайда, ол басқа әйелге
барғысы келсе, оның киіз үйіне қаруын іліп кетеді. Кешкісін сол үйге
түнейді», – деген мәлімет келтіреді. Бұл мәліметгі де сол күйінде
қабылдауға болмайды. Күндіз мал қарап шыққан ер адам бес қаруын
асынып кететіні бәрімізге мәлім. Қырдан қайтып келген адам қаруын
үйінің қасына қалдырып, басқа шаруаларына кетуі мүмкін. Кешкісін үйіне
қайта айналып келген ер адамды көрген өзге елден келген саяхатшы
немесе саудагер бұл көріністі грек тарихшысы баяндағандай қабылдауы
мүмкін. Геродоттың келесі бір баяндайтын ғұрпы скиф патшасының
өліміне байланысты жайт. «Скиф патшасы қайтыс болғанда оның денесін
арбаға салып елді мекендерді аралайды. Мұны көргенде әйелдер
шаштарын жайып, бетгерін тырнап қан шығарады» деп көрсетеді. Қазақ
халқында ерлері қайтыс болғанда шашын жайып, осыған ұқсас қайғыру
салты күні кешеге дейін сақталып келді.
«IV кітаптағы Скифияның сипаттамасы (Скиф логосы) Қара теңіздің
солтүстік жағалауы қойнауын мекендеген халықтардың ежелгі тарихын
зерттеп білу үшін бізге аса ңажетті, негізгі дерек көзі болып табылады…
Скиф тайпаларының қай жерлерді мекендегенінің айқын бейнесі, олардың
әдет-ғұрыптары мен қоғамдық құрылысы, киім-кешектері мен көліктерінің
қандай болғаны — міне, мұның бәрі де Геродоттың айтып кеткеніне
дәлме-дәл сай келетінін скиф қорғандары бар аудандарда жүргізілген
археологиялық ғылыми-зерттеу саласындағы қазба жұмыстары, бейнелеу
өнерінің ескерткіштері негізінде толық дәлелденіп отыр, Геродот
скифтердің бір-бірімен достасып, ақырында туысып кетуінің әдет-ғұрпын
суреттейді. Олардың, бір-бірімен туысушылардың, тостағанға құйылған
шарапқа өздерінің қанын араластырып, еріндерін тостағанның жиегіне бір
мезгілде қатар тигізіп ішетін әдеті болған. Бұл әдет көрінісі скифтердің
қазба жұмыстары кезінде табылған алтын алқалардың бетінде
бейнеленген». Автор үшін Скифия туралы ақпараттың ең басты қайнар
көзі Борисфен-Ольвияға барған кезінде жеке өзінің жүргізген
бақылаулары мен жергілікті тұрғындардың, скифтер мен гректердің
айтқан әңгімелері болды.
Бірақ Ольвиядан неғұрлым алшақ кеткен сайын олардың хабарлаған
деректері солғұрлым солғын тартып, белгісіздеу бола түсті Түрлі іс-
әрекеттер туралы жазу Геродоттың арқасында ерекше жеке ғылымға, ал
«тарих» (іоторіа — сұрал білу, сұрақтар қою, іздестірулер жасау) ғылыми-
тарихи тұрғыдан зерттеу жүргізу мағынасына ие болды. Міне, тап
сондықтан да, Марк Туллий Цицеронның (Заңдар туралы, 1,1:5) бейнелі
жарқын сөзі бойынша, біз оны, гректің осы ғалымын екі мың жыл бойы
Тарихтың атасы деп атап келеміз.Геродоттың грек тілінде жазылған
еңбектері Х-ХV ғасырлардағы тізімдерде сақталған. 1474 жылы Лоренцо
Валла Геродоттың «Тарихын» латын тіліне аударды. Ол аударма 1427
жылы Константинопольден алып келінген қоджазба нұсқасынанжасалды.
Бұл еңбектің Феодор Герасимович Мищенко 1885-1888 жылдары жасаған
орысша аудармасы да уақыт сынынан ойдағыдай өтіп келеді. «Скиф
логосының» Е.А. Бессмертный жасаған және В. В. Латышевтің
басылымында қайта жарияланған аудармасы да (ВДИ, 1947 жыл, №2)
оның грек тіліндегі түпнұсқасына өте жақын. Орысша аударманың және
бір жаңа нұсқасын Георгий Андреевич Стратановский жасаған еді. Ол
бұрынғы аудармашылардың, соның ішінде, бірнеше еуропа тіліне
аударған аудармашылардың да тәжірибесін жан-жақты ескергенімен грек
тілінен кейінгі кезде ауысқан сөздер мағынасының өзгеруіне байланысты
бірқатар нақты қателіктерді қайталаудан арыла алған жоқ.
Геродоттың еңбегі гректердің
Дарданелладағы бір бекіністі бағындыруымен бітеді. Сол кездегі белгілі
және ұсақ халықтар да аталған шығармада сипатталды. Материалдардың
әр алуандығына, фактілердің көптігіне қарамастан Геродот ешқашан өз
баяндамасының реттілігін жоғалтқан емес, сонымен қатар бір ғана
мақсатқа жету үшін барлық амалдарды қолданды. Ол мақсат – Элладаның
даңқын шығару болатын. Геродоттың көркем мәнері өзіне ғана тән. Ол
иондық диалектіде жазды. Геродоттың ғылыми стилі халықтық ауызша
баяндаудың новеллалық стилімен ұштасып жатыр. Тарихшының өз
еңбегіне сыналап қосқан новеллалары да көп. «Поликраттың жүзігі»,
«Крез бен Солон», Арионның ғажайып құтқарылуы» деген новеллалары
кейін жеке көркем шығармалар болып есептелді. Геродоттың еңбегін сол
замандағы ойшылдар әртүрлі қабылдады. Мысалы, Ксенофонт Ктесий
өзінің «Персия тарихы» деген еңбегінде Геродотты өтірікші деп көрсетсе,
Аристотель оны ертегі авторларының қатарына жатқызды. Геродоттың
жазған мәліметтеріне Феомп, Авгилий, Страбон және Лукиандар
сенімсіздікпен қарады. Тарихшы Плутарх «Геродоттың жалғандығы» атты
трактатында «Геродот шындықты ойлап тапты» деп жазды. Бірақ сол
кезде атақты рим ораторы Цицерон Геродоттың универсализмін бағалай
отырып, оны «Тарих атасы» деп атаған. [2] Егер формальды түрде
қарайтын болсақ, әлемдегі ең алғашқы тарихшы емес, тіпті антикалық
кезеңнің тарихшысы болмаған, яғни ежелгі Грекияда пайда болған
алғашқы тарихи трактаттар
оның қолынан шықпағандықтан Геродотты «тарих атасы» деп атау дұрыс
емес болуы мүмкін. Алайда, Цицеронның бұлай істеуінде, яғни оның
ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан Геродот туралы барлық
еңбектерінде үлкен бір шындық бар. Геродоттың логографтармен көптеген
ұқсастығы бола тұрып, оның өзіндік, ешкімге ұқсамайтын ерекшеліктері
де жетерлік. [3] Геродоттың жазған оқиғалары – логографтардыкі тәрізді
антикалық дәуір оқиғалары емес, өзінің дәуірінде болған, өзі соларға куә
болған оқиғалар. Сонымен қатар тарихшы логографтарда болмаған Азия
мен Еуропаның тарихи ойларын, дінге, құдайларға бағытталған бір-біріне
мүлдем ұқсамайтын идеяларды біріктіріп, өз еңбегін көркем шығарма
ретінде жазды.
Достарыңызбен бөлісу: |