қынапты ұзын семсер, сол жағында алтын пластиналар жапсырылған
қынға салынған темір қанжар - ақинақ, шалбар балағы да алтын
тоғалармен әшекейленген.
Сақтар тайпасының жас көсемінің зиратынан
табылған бұл адамның біздің
заманымыздан бұрынғы V-IV ғасырларда өмір сүргені анықталған.
Киім үлгісі, жерлеу рәсімі, "Алтын адамның" Жетісу жерін мекендеген
сақтардың көрнекті ел басшысының ұлы немесе жас көсем, әскербасы
екенін көрсеткен. Көне дәуірдегі материалдық мәдениет, өнер, мифология
тағы басқа салалардан мол дерек беретін "Алтын адам"
сол кездегі
сақтарда мемлекеттік өркениет ертеден қалыптасқанын дәлелдеген.
"Алтын адам" Қазақстанның азаттық символына айналып, оның төбе
бөркіндегі қанатты тұлпарлар бейнесі елтаңбамызға енген.
Атыраудың "Алтын адамы"
1999 жылы Әлкей Марғұлан атындағы археологиялық экспедициясы
кезекті қазба жұмыстарын Аралтөбе қорғанына жасап, Атыраудың "Алтын
адамы" атауын алған екінші ескерткішті тапқан. Зерттеу нәтижесінде бұл
алтын киім киген сақ жауынгерінің қалдықтары екені анықталған. Тарихи
олжаны археолог Зейнолла Самашев тапқан. Біздің
заманымызға дейін III
ғасырға жататын алтынмен көмкерілген жауынгерді оның болат семсеріне
қарап ғалымдар сарматтардың көсемі деген қорытындыға келген екен.
1999 жылы Аралтөбе қорғанынан негізінен үш зират қазылып, оның
алғашқысынан адамдардың қаңқалары мен олар қолданған шыны
моншақтар, жебе ұштарының сынықтары табылған.
Екіншісінен басы оңтүстікке қаратылып жерленген мүрде жанынан
жүзден аса жебесі бар қорамсақ, бүйірлі үлкен қыш құмыра,
темір қылыш
кездескен. Қазылған үшінші зираттан алтын киімді адам табылған.
Шілікті "Алтын адамы"
Шіліктіден "Алтын адам" 2003 жылы табылған. Оның жерлеу мерзімі
біздің заманымызға дейінгі VIIІ ғасырға жатады, демек ол Есіктегі "Алтын
адамнан" 400 жылға үлкен. Тарихшы Әбдеш Төлеубаевтың сөзінше, көне
қорым топырақ жастанған тас қорғанда сақталған. Құрылыс формасы
қиық пирамида іспетті келеді. Қорымның ішінен 4303 алтын бұйым
табылған.
Шіліктідегі "Алтын адам" найзасының көшірмесін жасауға 17
миллион
теңге жұмсалған
Оның арасында сирек кездесетін алтын қаптырмалар да бар. Бір түйме-
қаптырмада алтын арқар суреттелген, сондай-ақ бүркіт, аю және барыс
бейнеленгендері де бар. Сондай-ақ археологтар көк таспен әшекейленген
бесжұлдыз қаптырманы да тауып алған. Бұл бағалы бұйымдардың басты
артықшылығы - балқыту тәсілімен жасалынуында. Ал Есіктегі "Алтын
адам" әшекейлері жұқа алтын қаңылтырдан қалыпталып,
нақыштап кесіліп
қондырылған.
Еске салайық, 26 қазанда Ақтөбеден 300 шақырым жерден сармат
дәуіріндегі көшбасшының сүйегі табылған. Әлкей Марғұлан атындағы
археология институтының қызметкерлері Ақтөбе облысы, Темір ауданы
Тасқопа ауылында қазба жұмыстарын жүргізген. Тамыздың басынан
ғалымдар төрт жерлеу орнын зерттеген. Археологтар солардың бірінен 6
метр тереңдікте орналасқан жерден біздің заманымызға дейін V ғасырда
өмір сүрген адамның сүйегін тапқан.
Зерттеушілердің сөзінше, жерленген адамның
қоғамдағы беделі жоғары
болған.
Сондай-ақ қабірден қымбат металмен көмкерілген ат және тарту
элементтері табылған.
Экспедиция басшысы Арман Бисембаевтың сөзінше, ескерткіш Есік
қорғанынан табылған "Алтын адам" дәуірімен бір уақытта өмір сүрген.
Достарыңызбен бөлісу: