1 Есік қорғаны. Ақышев енбектеріне талдау жасаңыз



Pdf көрінісі
бет27/45
Дата21.05.2022
өлшемі0,8 Mb.
#144362
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   45
Байланысты:
Еқт сессия

Иссык жазба ескерткіш
— сақ дәуірінен қалған жазба ескерткіш (б. з. д. 
5—4 г.). 
1970
 ж. Ӏле өңірінің тау бектеріндегі Есік қаласы іргесіндегі Сақ 
заманынан қалған үлкен қорымнан алтынға бөленген жауынгер мәйіті және 
оның түрлі заттары, сонын ішінде жұмбақ жазуы бар күміс тостағанша 
табылған. Оның сырт жағына руна тәріздес 26 таңба ойылып жазылған. 
Ескерткіштің құндылығы — біріншіден, ертедегі Қазақстан жерін 
мекендеген сақ тайпаларының тілі көне түркі тілі екендігін, екіншіден
бұдан 2500 жыл бұрын түркі тектес тайпалардың әліпбилік жазуы болғанын 
дәлелдейді:
Могoилян жазба ескерткіш
— Орхон өзені бойынан табылған көне түркі 
ескерткіші (7 ғасырдың соңы). Ескерткіш 
Құтлұғ(Қабаған) қағанның
 
баласы Могилянға арналған, мәтінін жазған Иоллығ Тегін, оны тапқан Н. 
М. Ядринцев, алғаш рет оқыған 
В. В. Радлов
. Жазуда Могилянның
Күлтегіннің, Тоныкөктің жорықтары баяндалған.
Мойунчур ескерткіші
— 
Орхон-Енисей көне түркі жазуымен
759 ж. 
жазылған ескерткіш. Оны Солтүстік Моңғолияда 
1909
ж. тапқан Г. И. 
Рамстедт. Ол — ескерткіш мәтінін немісше аударып, 
1913
 ж. жариялаған. 


Бұл еңбекті Н. Оркун түрік тіліне, С. Е. Малов 
1959
 ж. орыс тіліне аударып 
жариялаған. Ескерткіш "Селенге тасы" деп те аталады. Мойун-чур сол 
кездегі ұйғыр мемлекетінің ханы болған. Ескерткіш мәтінінде жер-су, адам, 
тайпа, халық (
ұйғыр

оғыз

тоғыз

татар

қырғыз

түркеш

түрік

соғды

қыпшақ
 т.б.) атаулары кездеседі. Ескерткіште әңгіме оғыз тайпасының өкілі 
атынан баяндалады.
Орхон ойма жазулары
— Моңғолияның Орхон, Селенге өзендері бойынан 
табылған көлемді әдеби мұралар, хан әулетінің құлпытастары, 7—8 ғғ. 
жазылған көне түркі руникалық ескерткіштері болып табылады. Оған Білге 
қаған, Күлтегін, Тоныкөк, Күлі-чур, Мойун-чур т.б. ескерткіштер жатады. 
Ескерткіштер мен ондағы жазбаша деректерді ашып жариялаған — Н. М. 
Ядринцев, В. Томсен, В. В. Радлов.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет