13. Үйсін мемлекетін деректер негізінде сипаттаңыз
Біздің дәуірімізге дейін шамамен III ғасырда бүгінгі
кунгi Қазақстан территориясында негізгі рөлді үйсіндер мен канлылар
атқарды. Үйсіндер Жетісудың шұрайлы жазықтарын мекен еткен болатын.
Олардың территориялары Шу өзенінен бастап Тянь-Шань тауынын
сілемдерiне дейiн, Балқаш көлінен Ыстык келдiн оңтүстік жағалауына
дейiн созылып жатты. Олар дын көшiнiн батыс шекарасы Талас өзені
болып табылды. Үйсін мемлекеті батысында канлылармен, шығысында
гундармен, он тустігінде Ферганамен шектесіп жатты. Қытай деректері
бойын ша Үйсін мемлекетінің астанасы Чигу-Чэн (Қызыл ангар) кала сы
болган. Ол ыстык келдiң жағасында орналасты. Белгiлi кы тайтанушы
тарихшы-ғалым Н. Мұқаметканұлы: «Yйсiн мемле кетi дегенiмiз үйсін
тайпалар одағынан құрылған Қазақстан - аумағында б.з.д. II-VI ғасырларда
өмір сүрген байырғы мемле кеттердің бірі», деп атап көрсеткен.
Үйсін деген этноним ең алғаш кытай тарихшысы Сыма Цян нын «Тарихи
жазбалары» («Ши цзы») еңбегіндегі Хундар та рауы аркылы белгілі
болды. Қытайлар үшін «батыс елкедегi ен күштi мемлекет» саналды.
Қытай деректеріне сәйкес, үйсіндер дін 120 мың түтіні, 630 мын адамы,
188 мын 800 әскері болған.
Үйсін елiнiн ен жоғарғы билеушiсi гуньмо (күнби) деп атал ды. Гуньмо
елдегі барлык карулы күштердiн ең жоғары колбас шысы болды. Оған ру-
тайпаларды баскаратын бектер бағынды. Бүкiл үйсін елi өз ішінен он
канат, сол канат және орта болып үш әскери-әкiмшiлiк бөлікке бағынды.
Он канат пен сол канат ты екi колбасшы баскарса, гуньмо ортада отырып
барлығының
14. Қазақстан территориясындағы «Андронов мәдениетінің» ерекше
белгілері.
14.Қазақстан территориясындағы «Андронов мәдениетінің» ерекше
белгілері
Б.з.д. 2 мыңжылдықтың алғашқы ширегі бітер кезде (Қола дәуірі) Еділ мен
Алтай арасында мал шаруашылығымен айналасқан адамдар қола жасауды
меңгерді. Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласы маңындағы Андроново
селосынан қола дәуірі ескерткіштері алғаш рет табылды. Оны 1913 ж. Б.Г.
Андрианов ашты. Ғылымда шартты түрде Қазақстан жеріндегі қола дәуірі
ескерткіштерін Андроново ескерткіштері деп атайды. Бұл атауды ғылыми
айналымға 1927 жылы С. А. Теплоухов енгізген. 1927 жылы археолог
М.П.Грязнов осындай қорымды Батыс Қазақстаннан да тапты. Андронов
ескерткіштері Қазақстан,Орта Азия, Сібір жерлерінен табылып отыр.
Андроново мәдени-тарихи қауымының негізгі орталықтарының бірі
Қазақстан аумағында болды. Батыстық андроноволықтар қима
мәдениетінің туысқан тайпаларының ықпалына үнемі түсіп және өз
тарапынан оларға тікелей ықпал жасап отырды. Археологиялық деректер
Андроноволықтардың басым көпшілігі отырықшылық өмір сүргенін
көрсетеді. Қоныс-мекендер кең жайылма шалғыны бар өзендердің
жағаларына орналасты.Патриархаттық отбасылардың үйлері үлкен жер
төбелер болды; олардың жанынан әр түрлі шаруашылық жайлар мен мал
қамайтын қашалар салынды. Бұл қоныс-мекендерге мал бағу кәсібі едәуір
басым малшылық-егіншілік шаруашылығының кешенді сипаты тән
болды.Жалпы, Қазақстанда Андроново мәдениетімен бірге, қима мәдениет
ескерткіштері Батыс Қазақстанда табылған. Қима мәдениетінің басты
ерекшелігі — қайтыс болған адамдарды қиылған ағаштың арасына салуы.
Андроново мәдениетінің ескерткіштері Қазақстанда мол кездесетін
болғандықтан, осы хронологиялық кезеңді Андроново мәдениеті арқылы
қарастырады.Андроново мәдениетінің ескерткіштерінің өте үлкен аумақта
табылуына және оның ұзақ кезеңді қамтуына байланысты ғылымда қазір
Андроново тарихи-мәдени қауымдастығы деген термин қолданылады.
Андроноволықтарды басқа тайпалардан айыратын мәдениеттің ең басты
этнографиялық белгілері жерлеу ғұрпы, геометриялық өрнекті балшық
қыш ыдыстардың өзінше бір жиынтығы, металл бұйымдардың түрлері
болып табылады. Андроново тайпалары тұрқы әр түрлі тас қоршаулар
түрінде зираттар тұрғызды, олар тік бұрышталып, дөңгелектей,
сопақталып қоршалатын болды. Кейде, әсіресе Орал өңірінде бұлардың
орнына обалар үйілді. Өлген тайпалас адамдар не өртелді, не ерекше
әдіспен бүйірінен жатқызылып, қол-аяғы бүктеліп, тас тақталардан
жасалған «жәшікке» немесе қазылған төрт бұрышты шұңқырға салынып
жерленді. Ыдыстар қолдан жапсырылып жасалды. Бұдан ертерек уақытта
ыдыстардың түбі шығыңқы домаланып келетін болса, ол енді тайпақ
болды. Олардың сырты тарақ тәрізді немесе тегіс қалыппен түсірілген
күрделі геометриялық өрнектермен сәнделді. Сәндік заттардың Андроново
тайпалары мәдениетінің тараған шегінен аспаған ерекше түрлері: алтын
жапырақшадан бір жарым қайырым бүктеліп жасалған сырғалар, бас
киімге және басқа да киімге тағылатын «көзілдірік тәрізді» және «табан із
тәрізді» сәнді салпыншақтар, қақтама өрнекті тоталар, шеттері иректеліп
түйілген білезіктер болды. Өндіріс техникасының дамығандығы және қола
заттар мен балшық ыдыстар түрлерінің әдемілігі мәдениет деңгейінің
жоғары болғанын көрсетеді.
Андроново мәдениеті шартты түрде үш кезеңге бөлінеді.Ерте қола б.з.д.
XVIII-XVI ғғ,орта қола б.з.д. XV-XII ғғ.,кейінгі қола б.з.д. XII-VIII ғғ.
Андроново мәдениеті 8-9 ғасырға созылады (б.з.д. 17-9 ғасырлар).
Андроново мәдениетінің алғашқы ескерткіштерін 1914 жылы А.Я.
Тугаринов ашты. Содан бері өткен уақыттың ішінде орасан көп
археологиялық материал жиналды. Бұл мәдениеттің ескерткіштерін
кезеңдерге бөліп, топтастыруды бастаған С.А. Теплоухов болды. Әсіресе
М.П. Грязновтың сіңірген еңбегі зор. Ол 30-жылдарда-ақ Андроново
мәдениетінің тарихи құбылыс ретіндегі суреттемесін жасап берді және
далалық қола дәуірінің хронологиялық үш кезеңін: алдыңғы, ортаңғы және
соңғы кезендерін саралап берді. Кейін К.В. Сальников Орал сыртының
Андроново мәдениетіне хронологиялық топтама жасады; оны бірінің
орнын бірі басқан үш кезеңге бөліп, оларға шартты түрде мынадай аттар
берді: Федоров кезеңі - б. з. б. XVIII - XVI ғасырлар,Алакөл кезеңі-б. з. б.
XV - XII ғасырлар,Замараев кезеңі -б. з. б. XII -VIII ғасырлар. Андроново
мәдениетін К.В. Сальниковтың кезеңдерге бөлуі тарих ғылымында дұрыс
деп танылды және далалық қола дәуірінің ескерткіштерін зерттегенде осы
мәдениеттің тараған аудандарының бәрінде қолданылды. Қазақстанның
Андроново мәдениетін кезеңдерге бөлу мәселесін Ә. X.Марғұлан, К.А.
Ақышев, А.Г. Максимова, С.С. Черников, A.M. Оразбаевтар айналысты.
Қазіргі кезде К.В. Сальниковтың кезеңдерге бөлуі қайта қаралып, Э.А.
Федорова-Давыдованың, B.C. Стоколостың, Г.Б. Зданович пен басқа да
зерттеушілердің еңбектерінде нақтылана түсті. Зерттеушілердің көпшілігі
Андроново мәдениеті неолит пен энеолит дәуірлеріндегі Қазақстан
даласының солтүстік аймағының және Орал сырты мен Батыс Сібірдің
іргелес аудандарының мәдениет жағынан, әрі, шыққан тегі жағынан туыс
тайпаларының табиғи дамуы негізінде кұрылған деп есептейді. Сол кездің
өзінде-ақ мал өсіру, қарапайым егіншілік және кен кәсібінің бастамасы
мәлім болатын. Үй жанында мал бағу мен жайылмада кетпенмен егін
салудың одан әрі дамуы отырықшылықтың ұлғаюына, үй
кәсіпшіліктерінің шығуына, металлургияның дамуына жеткізді. Ұлан-
ғайыр далалық аймақта осы материалдық игіліктерді шығаратын негізгі
өндірістер прогресінің шамамен бір деңгейлес болуы Андроново
мәдениетінің өзіне тән ерекшеліктерінің қалыптасуына, қоғамның
әлеуметтік жағдайына жақын түрлеріне жеткізді.
Достарыңызбен бөлісу: |