себепті де қыпшақтар тарихын зерттеу барысында қимақ этнонимін
қыпшақ терминінің баламасы ретінде кездестіруге болады»- деп жазады
ғалым [4., 112 б]. Алайда, Ақынжанов қыпшақтанудағы қалыптасқан
«қимақтар мен қыпшақтар бір этнос болып табылады» деген тұжырымға
байланысты : «қимақтар келімсектер, олар Солтүстік-Шығыс моңғолиядан
қоныс
аударған, ол жерде олар кумоси және уранкаи деген атпен белгілі
болған. Алғашында қимақтар түркі тайпаларына жатпаған, алайда б.з. І
және ІІ мыңжылдықтарда осы ауданда мекен еткен түркі тілдес қыпшақ
және йемектердің әсерімен түркіленіп кеткен»- деп өзіндік тұжырымын
ұсынады [14., 142 б]. С.Ақынжановтың жоғарыда аталған зерттеу
жұмысынан кейінірек жарық көрген Б.Е. Көмековтың «государство
кимаков ІХ-ХІ в.в. по арабским источникам» атты монографиясы
Ақынжановтың тұжырымын теріске шығарған зерттеу болып табылады.
Ғалымның қыпшақ тайпасына деген көзқарасы алғашқы тараудан-ақ
байқалады. Ол қытай тарихшысы Сыма Цянның (б.з.д. ІІ-І ғ.ғ.)
жазбасындағы «цюйше, динлин, гэгун» деген халықтардың ішіндегі
цюйшелерді А.Н. Бернштамның қыпшақ (кыйчак) екенін дәлелдегенін
айта отырып, олардың мекен еткен жерлері- Солтүстік- Батыс Моңғолия
деп көрсетеді [6., 44 б]. Бұл туралы: «Первое по
времени упоминание об
одном из кимакских племен- кыпчаках- принадлежит создателю китайской
историографии Сыма Цяну»[6., 10 б] дей келе, дәл осы тарауда Ибн-
Хордадбектің «Китаб ал-масалик уа-л-мамалик»( «Книга путей и
государств») дерегіне сипаттама бере отырып, онда ҮІІІ ғасырдағы түрік
тайпаларына қыпшақтар да кіретінін көрсетеді. Сондай-ақ қыпшақтар
қимақтардан бұрын айтылған деп жазады [16., 13 б].
Сонымен қыпшақтардың этникалық шығу тарихына байланысты осы екі
әртүрлі көзқарас қыпшақтанудағы даулы мәселеге айналғандығын
көреміз.Алайда Б. Көмеков, Б. Бақытты және Орта Азия мен Қазақстан
тарихын зерттеумен айналысатын басқа да
тарихшылар арасында екінші
тұжырым басымырақ болып келеді. Біз оған әлі де тоқталамыз, ал енді
С.Ақынжановтың қыпшақтардың этникалық тарихына байланысты
көзқарастарына қайтып келетін болсақ, ғалым өз зерттеу жұмыстарында
көршілес жатқан орыс халқының
бірден-бір маңызды дерегі-
жылнамалардың орнын ерекше атап кеткендігін айтуымыз керек
Достарыңызбен бөлісу: