1 Есік қорғаны. Ақышев енбектеріне талдау жасаңыз


Неолит дәуірінің ерекшеліктерін сипаттаңыз (б.д.д. VІІ-V м.ж.)



Pdf көрінісі
бет6/45
Дата21.05.2022
өлшемі0,8 Mb.
#144362
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
Еқт сессия

6. Неолит дәуірінің ерекшеліктерін сипаттаңыз (б.д.д. VІІ-V м.ж.). 
6. Неолит дәуірінің ерекшеліктерін сипаттаңыз (б.д.д. VІІ-V м.ж.).


Еңбек құралының дамуы адамзатты терімшілік пен аңшылықтан егіншілік 
пен мал шаруашылығына алып келді. Адамдар табиғат сыйына 
тәуелділіктен құтылып, өмір сүруге қажетті азық-түлікті өздері өндірді. 
Жер өңдеудің қарапайым түрін меңгеріп, жабайы жануарларды қолға 
үйретті. Кен өндіру және тоқымашылықпен айналыса бастады. Сонымен, 
неолит дәуірінің басты ерекшелігі – өнімді еңбектің пайда болуы.
Тас өңдеу биік деңгейге көтерілді. Ұсақ тастардан өткірленіп алынған 
ұштар мен кескіштер құрамалы құралдар жасау үшін қолданылды. Мұндай 
құралдарға жебе мен найза, жүзі өткір тастардан жасалған пышақ пен 
орақтар жатады. Құрамалы құралдар екі түрлі материалдан құрастырылып, 
құралдың ұшы немесе жүзі ұсақ өткір тастан жасалған.
Неолиттік тұрақтар мен қоныстар еліміздің аумағында көптеп кездеседі. 
Олардың жалпы саны 500-ден астам. Неолиттік тұрақтар адамдар уақытша 
және ұзақ уақыт аралығында тұрақты өмір сүрген қоныстар болып екіге 
бөлінеді.
Ежелгі адамдардың негізгі аулайтын аңдары аша тұяқты болып
жайылымын жиі өзгертетін болғандықтан, аңшылар олардың соңынан 
жылжып көшіп отырған. Сондықтан мекендердің көпшілігі уақытша 
болған.
Неолиттік тұрақтар: Усть-Нарым (Шығыс Қазақстан), Қарағанды, Зеленая 
Балка (Орталық Қазақстан), Пеньки (Солтүстік Қазақстан). Бұл тұрақтар 
Сарыарқаның солтүстігінде, Ертістен Есілге дейінгі аралықта орналасқан 
және жаңа тас ғасырының соңғы кезі – б.з.б. 5 мыңжылдыққа жатады.
Жаңа тас ғасыры (неолит) б.з.б. 5-3 мыңжылдықтар аралығын қамтиды. 
Тас дәуірінің дамыған кезеңі неолитте адамзат көптеген жаңалықтар ойлап 
тапты. Мата тоқып, киім тігуді үйренді. Қыш құмыра (керамика) жасауды 
біліп, ыдыстарға өрнектер салған. Сондықтан бұл дәуірді “қыш құмыралар 
заманы” деп атайды. Саздан жасалған қыш ыдыс көзе деп аталады.
Жезқазған өңірінен 150-ге жуық тұрақ, көне кен шығару, жерлеу 
орындары табылды. Қабірдің қабырғасы тас плиталармен қоршалған. 
Адамның басын солтүстік-батысқа қаратып, шалқасынан жерлеген. Бұл о 
дүниеге деген сенімнің болғандығын білдіреді.
Қызылорда облысында орналасқан Сексеуіл тұрағының маңында су 
қоймасы болған. Тұрақтан қой мен сиырдың (80 пайыз) және жабайы 


жылқылардың қаңқалары табылды. Бұл тұрақтың тұрғындары мал 
өсірумен және аңшылықпен айналысқан.
Еңбек құралдарынан қыспа түзету техникасын жетілдірумен қатар тас 
өңдеудің жалтырата тегістеу, бұрғылау, аралау сияқты жаңа технол. 
әдістері қалыптасты. Аңшылықтан мал өсіруге, терімшіліктен егіншілікке 
көшу орын ала бастады. Шаруашылықтың жаңа түрлерінің шығуы адам 
баласын осы салаларға қатысты жаңа еңбек құралдарын (дәнүккіш, келі, 
келсап, кетпен, т.б.) жасауға, оның сипатын сапа жағынан жетілдіруге 
итермеледі. Бұрынғыдай тастан және сүйектен жасалған құралдар кеңінен 
пайдаланылды және қыш ыдыстар кеңінен тарады. Қыш ыдыстардың 
шығуы дәнді дақылдарды сақтауға, пайдалануға көп мүмкіндік берді. 
Мәдени-шаруашылық белгілері жөнінен Неолит мәдениеттері екі топқа 
бөлінеді: 1) егіншілік пен малшылық; 2) аңшылық пен балық аулау. Соңғы 
топтағылар табиғаттан дайын өнімді алып пайдаланса, алдыңғы 
топтағылар өнімді тікелей өндіру арқылы алды. Әлеуметтік жағынан 
алғанда Неолит дәуірі рулық қауым дәуірі болды. Тайпалар немесе 
тайпалық бірлестіктер құрылғанын Еуразиядағы Неолит заманына 
жататын көптеген археол. мәдениеттер де айғақтайды. Кейінгі Н-те жіп 
иіру мен тоқымашылық шықты. Егіншілік дамыған аймақтарда ежелгі 
мемлекеттер қалыптаса бастады. Микролиттік индустрия кеңінен өрістеді. 
Микролиттер жебе ұштары мен қыстырма құралдар жасауға жұмсалды: 
сүйек немесе ағаш саптың ұзына бойындағы қуыстарға ондаған ұсақ 
микролиттер тау балауызы, қара май, битум арқылы бекітілді. Мұндай 
құралдар әсіресе тері өңдеуге, егін оруға пайдаланылды. Халық саны 
артып, қоғамда демогр. ахуал жақсара түсті. Қатынас құралдары дамыды. 
Адамдардың отырықшылыққа көшкенін көлемі әр түрлі баспаналар да 
айғақтайды. Баспаналардың бүкіл ұжымға не жеке отбасына арнап 
салынуы адамдардың қауым болып өмір сүргендігін аңғартады. Этнол. 
мағлұматтар Неолиттік тайпаларда аналық-рулық құрылыс үстем 
болғандығын көрсетеді. Сондай-ақ мәдени-тұрмыстық жаңалықтар 
адамның дүниеге деген көзқарастарын түбірімен өзгертті. Табиғат 
күштеріне, анаға табыну орын алды. Бұған Неолит заманындағы өнерден 
хабар беретін тасқа түскен бедерлер, әйелдердің мүсіндері дәлел болады. 
Неолитте адамзат өмірінде болған өзгерістерді саралай келе, Г.Чайльд осы 
дәуірге қатысты “неолиттік төңкеріс” терминін енгізді. Қазақстан 


аумағынан, негізінен алғанда Солтүстік Қазақстаннан әзірше неолиттік 
бірнеше қабір табылды. Кабірлердің бірде-біреуінің жер бетінде сыртқы 
белгілері жоқ. Барлык молаларда сүйектермен бірге жебелердің табылуы 
бабаларымыздың аң аулаумен айналысып қана қоймай, соғыс 
жанжалдарына жиі түсіп тұрғанын да көрсетеді. Қабірлерде керамика өте 
аз, ал кейбіреулерінде ол мүлде жоқ. Железинка ауылы жанындағы қабір 
бойынша (Пеньки түрағынан 100 шақырым) неолит дәуіріндегі жерлеу 
ғұрпы туралы мейлінше толық пікір айтуға болады10. Мола, сірә, рулық 
ұйымдағы ерекше дәрежелі әйелдікі болса керек. Сәндік заттардың, еңбек 
құралдарының көптігі, оның үстіне жерлеудің күнге табынуға байланысты 
ерекше ғұрпы осыны көрсетеді. Ондай әдет бойынша өлік 
кремацияланатын болған. Бұл жолы өлік толық өртелмеген; денесінің 
қалған мүрдесі өлген адамның заттарымен бірге молаға көмілген; ол 
заттардың ішінде бас киімге тағылған, шеті ұсақ кертпешелермен 
сәнделген, орақ тәрізді сүйек каптырма, жыртқыш андардың тістері, 
қауашақтан жасалған ірі моншактар тізілген алқа бар. Мейлінше сәнделген 
киіммен бірге молаға еңбек құралдары (шот, сүйек біз), аңшылық 
құралдары (найзалардың, жебелердің тастан және сүйектен жасалған 
ұштары) және балшыктан жасалған, құты тәріздес, түбі домалақ, кішкене 
үш ыдыс салыныпты. Сол жерден құланның екі топайы табылды; бұлар 
қызыл жосамен боялған, бұл түс ежелгі адамдардың ұғымынша өртеу, 
отқа табыну рәсімін білдірген.
Бірқатар ғалымдар (А.А. Монгайт, т.б.) оның бұл пікірін қуаттамады. 
Қазіргі таңда Қазақстан аумағынан Неолит дәуіріне жататын 800-дей 
ескерткіш табылған. Оларды зерттеуге Ә.Марғұлан, С.С. Черников, 
Х.Алпысбаев, А.Г. Медоев зор үлес қосты. Кейінірек В.Ф. Зайберт, 
В.Логвин, Ж.Таймағамбетов, т.б. ғалымдар айналысып, сол кезеңдегі 
өндірістің және адам өмірінің көп салаларының қыр-сыры, маңызды 
өзгерістері пайымдалды. Қазақстандық неолит Еуразиядағы тас дәуірінде 
болған тарихи-мәдени үрдістің аясында дамығандығы дәлелденді. Археол. 
мәдениеттер (атбасар мәдениеті, маханжар мәдениеті, т.б.) бөліп 
көрсетілді. Неолит тұрақты орналасу сипатына қарай: бұлақ, өзен, көл, 
үңгір тұрақтары деп төрт түрге бөлінеді. Республиканың табиғи-
климаттық жағдайына байланысты көпшілік тұрақтар ашық (жер бетінде) 
түрде кездеседі. Жергілікті Неолит мәдениеттері мезолиттен бастау алып, 
қола дәуірінде жалғасын тапты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет