12. Қазақстан территориясындағы тайпалық одақтар мен
протомемлекеттер.
Қазақстан территориясында алғашқы мемлекеттік бірлістіктер б.з.б. I
мыңжылдықта пайда болды. Олар: сақ, үйсін, қаңлы, ғұн.
Сақтар. Қазақстандағы өмір сүрген тайпалардың ішінде аты-жөні жақсы
сақталған тайпалардың бірі-сақтар. Археологиялық зерттерлеуге және
жазба деректерге қарағанда б.з.б. VII-IV ғғ. сақ тайпалары Орта Азия және
Қазақстан жерін мекендеген. Парсы жазба деректері бойынша, Орта Азия
мен Қазақстан территориясында мекендейтін көшпелі тайпаларды жалпы
атпен сақтар деп атаса, ал гректің атақты тарихшысы Герадот (б.з.б. V ғ.)
сақтарды «азиялық скифтер» деп атаған. Осымен қатар Герадот өзінің
«Тарих» деп аталатын еңбегінде б.з.б. I мыңжылдықта Орта Азия және
Қазақстан жерінде «Сақ» деп аталатын бірнеше тайпалардың қуатты
жауынгер одақтары болғаны айтылады. Ол одақтар: массагеттер, даилер,
каспийшілер, исседондар, сарматтар, алаңдар, аримаспылар т.б.
Герадоттың айтуынша: «Сақтар-скиф тайпалары, бастарына тік тұратын,
төбесі шошақ тығыз кийізден істелінген бөрік және шалбар киген. Олар
садақ, қысқа семсер және айбалтамен қаруланған. Тамаша атқыш
жауынгерлер болған».
Парсы жазбаларында сақтарды (1 Дарийдің «Бехистун жазбасы», Сузінің,
Ксеркстің «Дәвтер туралы жазба»). «Құдіретті еркектер», Иран
жазбаларында («Авеста») «Жүйрік атты турлар» деп атаған. Сактарда
негізінен, әскери қоғам болды. Сақ тайпалары үш топқа бөлінген.
1)Шошақ бөрікті сақтар (Тиграхауда) Тянь-Шань тауын, Жетісу жерін,
Сырдарьяның орта ағысын мекендеген
2)Теңіздің арғы жағындағы сақтар (парадарайя) Қара теңіздің
солтүстігінен, Арал маңын яғни Сырдария мен Амудария өзендерінің
төменгі ағысын мекендеген.
3)Хаома сусынын дайындайтын сақтар (хаомоварга) Мұрхаб анғарын
мекендеген.
Сақтардың шаруашылығы.
Сақтар, негізінен мал шаруашылығымен айналысты. Мал
шаруашылығының үш түрі болды:
1)Көшпелі мал шаруашылығы. Батыс және Орталық Қазақстанда өріс
алды. Жылдың суық мезгілін көшпелі сақтар құм жоталарының баурайына
орналасқан қыстауларға немесе ірілі-уақыты өзендер жағасында өткізді.
Олар бір жерде ұзақ отырып қалмай, мал жайымен келесі қыстауға,
қолайлы жайылымдарға қарай орын ауыстырып отырды.
2)Жартылай көшпелі шаруашылықпен айналысатын сақтар малды
қыстатып шығаратын тұрақты қоралар салды. Олар жыл сайын малдарын
осы қора-жайларға айдап әкеліп отырды. Шаруашылық кәсібінің бұл түрі
орманды дала оңірінде және биік таулы жерлерде кең тарады. Мұндай
жерлер Тянь-Шань және Алтай тауларының баурайы, Жетісу, Шығыс
Қазақстан аймағы болды. Қыстау маңындағы жерлерде тары, арпа, бидай
өсірді. Пішен дайындалып, малды қолда ұстаудың мүмкіндігі туды. Енді
сақтар қыстауларда ұзақ уақыт тұру үшін ағаштан, тастан жылы тұрғын үй
салатын болды.
3)Сақтарда шаруашылықтаң үшінші түрі- Отырықшы егін және мал
шаруашылығы– Оңтүстік Қазақстанда, Сырдарья, Шу, Талас, Арыс
өзендерінің бойында, табиғи су қорлары мол жайылымдары көп жерлерде
кеңінен тарады. Бұл жерлерде суғармалы және тәлімі егіншілік басым
болды.
Сақтарда мал шаруашылығының, негізігі бағыты қой өсіру еді. Олар
қылшық жүнді қойлармен қатар, биязы жүнді қойда өсірді.
Сақтар тұрмысында жылқы өте бағалы саңалды. Тез семіретін және қысқы
тебінге төзімді жылқы түрімен бірге, салт мінуге арналған жүйрік
сәйгүліктер өсірді. Ал шөлді және шөлейтті жерлерде айыр өркешті түйе
өсіруді қолайлы көрді.
Сақтардың ұйымдық сипаты және әлеуметтік құрылымы.
Сақ тайпалары одақтарының басында көсемдер тұрды, оны патша деп
атады. Патшаларды тайпа көсемдерінің кеңесі сайлады. Тайпа көсемдерін
оның барлық мүшелері сайлайтын болған. Тайпа ішіндегі аса маңызды
ішкі және сыртқы істер халық (вече) жиналысында талқыланып отырды.
Оған әйелдер де қатысқан. Қоғамның осындай саяси үйымын Ф. Энегельс
әскери демократия деп атады. Себебі ол кезде соғыстың мәні зор еді.
Соғыс тайпа үшін жайылымдық жер мен мал тартып алудың және өздерін
сыртқы жаудан қорғап отырудың құралы болды.
Көсемдер әскер басы болды да, билік жүргізді. Олар тайпаны қару-
жарақпен, азық-түлікпен қамтамасыз етті. Ол өз тайпасы атынан бітім
немесе келісім жасады. Патшалар (көсемдер) рулар мен тайпаларға
жайылымдарды, көшіп қонатын жерлерді бөліп берді; ол жерлерді
пайдалану тәртібін белгіледі. Жер үшін таласарды шешіп, рулар мен
тайпалар арасында қарулы қақтығыстар болмауын қадағалады.
Сақ тайпаларында көпке дейін матриархаттық ел билеу тәртібі сақталып,
әйелдер ерекше жағдайда болған.
Патшалар жауынгелер тобынан шықты.
Сақтар б.з.б. 519-518 жылдары парсылармен соғысып, I Дарийдің әскеріне
қарсы ерлікпен шайқасады. Сақтар парсылармен бірге Грекия, Египет
жеріндегі соғысқа қатысады. Сақтың әйел патшасы Тамирис парсы
патшасы Кирдің әскерін женген (б.з.б. 530 ж.).
Сақ қоғамының адамдары үш әлеуметтік топқа бөлінді. Олардың
әрқайсына бір түс тән болды.:
1) жауынгерлер (қызыл)
2) абыздар (ақ)
3) басқа қауым адамдары (сары, көк)
Сақтардың өнері мен саудасы.
Сақтарда қолөнер мен сауда дами бастады. Шеберлер ер-тұрман, әшекей,
найза, семсер акинақ, қанжар, жебенің ұштарын т.б. жасаған.
Қолөнер жақсы дамыды. Мыс, алтын, күміс, қорғасын т.б. металдарды көп
пайдалаған. Сонымен бірге теріден, ағаштан, қыштан ыдыстар жасаған.
Сақтар Алтай, Сібір, Шығыс және Европа халықтарымен тығыз байланыс
жасап тұрды. Сауда Жібек жолы және б.з.б. I мыңжылдықтағы «Дала
жолы» арқылы дамыды.
Сақ өнерінде аңдық стиль болды. Олар аңдар мен әр түрлі аңыздардағы
жануар бейнесіндегі құбыжықтарды бейнелейтін еді. Аңдық стиль б.з.б.
VII ғасырда Алдыңғы Азияда дүниеге келді. Арыстан бейнесіндегі «өмір
ағашы» сақтарда ең көп тараған.
Сақтар әр түрлі жануарлар бейнесіндегі құдайға, табиғат күштері күнге,
желге, әр түрлі құбылыстарға табынды. Мысалы, күн күркіреу құдайы
қабан бейнесінде бейнеленген. Олардың түсінігінше, әлем үш бөліктен
құралған:
1) жер астындағы әлем
2) орта жер әлемі
3) аспан әлемі
Сақтардың археологиялық ескерткіштері.
Шырықрабат– апасияқтардың («су жағасын мекендеген сақтар») астанасы.
Бұл қала қазіргі Қызылқұм шөлінде орналасқан.
Сақтардың археологиялық ескерткіштерінің бірі – Бабыш Молда қаласы.
1969 жылы Алматы облысы Есік қаласынан табылған Есік қорғаны – б.з.б.
VIII-III ғасырлардағы сақ моласы. Бұл молада бай жас сақ жауынгері
жерленген, оның барлық киімі алтынмен қапталып киіндірілген.
Сондықтан ол «Алтын адам» деп аталған. Онымен бірге қару– жарақ,
басқа да шаруашылық құралдар көмілген.
Ежелгі грек тарихшысы Герадот сақтар жайлы көп тарихи деректер
қалдырған.
2. Үйсіндер мен қаңлылар (б.з.б.II-б.з.Vғ.ғ).
Б.з.б. II ғ. Қытай жазба деректемелерінің хабарына қарағанда Жетісу
жерінде атақты Үйсін тайпалары өмір сүрген. Жазба деректер бойынша
үйсіндерді алғаш рет тарих ғылымына таныс еткен Н.В. Кюнер мен
академик Н.Я. Бичурин. Бұлардың аудармаларын және басқа да деректерді
пайдалана отырып академик В. Бартольд өзінің атақты «Жетісу
тарихының өчеркі» атты еңбегінде үйсіндердің қысқаша тарихын жазды.
Үйсін тайпаларының тарихи өмір тіршілігін қалыптастыруда,
археологиялық материалдарды жазба деректермен салыстыра отырып,
зерттеуде еңбек еткен ғалымдар академиктер Ә. Марғұлан мен А.
Бернштам болды. Қазіргі кезде сақ-үйсіндер тарихымен ұзақ жылдардан
бері айналасып жүрген К.А.Акишев. Ол үйсін тайпалардың қоғамдық
құрылысы мен әлеуметтік–экономикалық жағын бір жүйеге келтіріп,
үйсіндер мемлекеттік дәрежеде таптық құрылыста өмір сүрген деген
қорытындыға келді.
Үйсін деген сөз Қытай деректері арқылы белгілі. Сөздің мағнасы осы
уақытқа шейін белгісіз. Жазба деректерде үйсіндер «ат жақты, аққұбаша,
сары шашты» болып бейнеленеді.
Зерттеушілердің біразы үйсіндер шығыс Иран тайпаларынан шыққан деп,
екінші біреулері үйсіндер – түріктердің арғы аталары, олар түрікше
сойлеген деп есептеді. Бірақ, қалай болсада, әйтеуір қазақтың ең ірі
тайпаларының бірі «үйсін» деп аталады.
Үйсіндердің саяси құрылымы.
Біздің заманымыздаң бұрын II ғасырда 177 жыл шамасында үйсіндердің
мемлекеттік бірлестігі қалыптасты. Олардың ордасы қызыл алқап
(Чигучен) Ыстық көлдің жағасына орналысты. Ол жағалай қыстақтары бар
бекіністі қала еді.
Үйсіндердің негізгі территориясы Іле алқабында болды. Олардың батыс
шекарасы Шу мен Талас арқылы өтедідағы, қаңлылармен шектеседі.
Шығысында хундармен ортақ шекара болды, ал Онтүстігінде олардың
иелігі Ферганамен ұштасып жатты.
Үйсіндердің мемлекет басшысы Гуньмо (Ұлы бек) деп аталды. Өкімет
билігі атадан балаға мұрагерлік жолмен ауысып отырды. Гуньмоға
бағынышты ұсақ ру басшылары кіші гуньмолар (бек) деп аталды.
Бұлардан басқа жоғарғы және төменгі лауазымдар, қызмет адамдары және
«вассал» князъ, тархан, хоубай деген әлеуметтік атаулар болған. Басты
өндіруші тап құлдар мен қарапайым шаруалар болды.
Қытай тарихшысы Сюй-Сунаның қалдырған дерегіне қарағанда үйсіндер
көшпелі мемлекет болған. Олар өзімен көрші жатқан Қытай сияқты ірі
елдермен тең құқықты дәрежеде саяси және сауда қарым-қатынасын
жасаған. Үйсіндердің Гуньмолары Қытай ханшаларына үйленіп отырған.
Үйсіндерде жоғары деңгейде тұрған әскери үйым болды. Әскерлері жақсы
қаруланған салт аттылардан тұрды. Мәселен, Қытай императоры Удидің
138 ж. батысқа жіберілген елшісі князь Чжыньцянь үйсіндер иелігінде 630
мың адам бар және айқасқа 188 мың жауынгер шығара алады деп жазады.
Жазба деректер үйсін билеушілерінің сараланған (қаруланған) 30 мың
атты нөкері жене оларға бағынатын 10 мың садақшысы туралы мәлімет
қалдырған.
Шаруашылығы.
Үйсіндердің негізгі шаруашылығы көшпелі мал шаруашылығы болды.
Сонымен бірге олар егін шаруашылығымен де айналысты. Жерге жеке
меншік орнап, ол мұрагерлік жолмен атадан балаға қалып отырды.
Үйсіндер жылқы, қой, ешкі, сиыр, түйе және басқа малды өсірген.
Тұтыну бұйымдардың ішінде күнделікті тұрмысқа қажетті қыш ыдыстар
көп кездеседі. Олар формасы жағынан алуан түрлі. Тамақ ішуге керекті
түрлі аяқ – табақ, тостағандар болса, азық-түлік сақтайтын, су таситын,
айран, сүт сақтайтын түрлері болған.
Үйсіндер қорғасын, мыс, алтын кендерін білді.
Археологиялық қазбалар нәтежесінде табылған әйелдің тәжі тәріздес
әшекейлі баскиімі Қарғалы диадемасы – үйсіндердің өнері мен діни
нанымнан мәлімет беретін құнды ескрткіш. Ол 2300 биіктіктегі тау
шатқалынан табылған.
Қаңлылар.
Қазақ халқының құрамына енген ірі тайпалардың бірі қаңлылар. Олар
Қытай жазба деректерінде кангюйлар деп аталса, ал парсы және үнді діни
кітаптары «Авеста» мен «Махабхарата» кангха болып кездеседі. Түркі
руналық жазушыларында Кангю-тарбанд деген кенттің (қаланың) аты бар.
Қаңлы тайпаларын Қытай жазба деректері бойынша, алғаш рет қазақ
халқының тарихына таныс еткен ғалымдар көрнекті Қытай тілінің
мамандары Н. Я. Бичурин мен Н. В. Кюнер. Жазба деректерді пайдалана
отырып, қаңлылардың қысқаша болса да тарихына көңіл бөлген академик
В. В. Бартольд. Ол қаңлы тайпаларын Сырдарьяның орталық ағасында
өмір сүрген деп тұжырым айтады.
Біздің заманымыздаң бұрынғы III ғасырда қаңлы тайпалық бірлестігі
құрылды. Олардың астанасы – Битянь қаласы. Олардың саны 600 мың,
немесе 120 мың үй болған.
Қаңлы мемлекеттік бірлестігінің басында Уын әулетінен шыққан
патшалар тұрды, олар «би» немесе “ ябғу” деген титулға ие болды. Бұдан
басқа мемлекеттік аппаратқа патшаның орынбасарлары және үш кеңесші
кірді. Сол кезде (б.з.б. II ғасырдың аяғы – I ғасырдың басы) қаңлы
мемлекетіне бес иелік – Сусе, Фумо, Юйни, Цзи, Юйцзянь кірді. Қаңлылар
Қытай, Рим, Кавказ және Орта Азия елдерімен сауда байланыс жасап
тұрды. Олар үйсін, ғұн тайпаларымен соғысқан.
Қаңлылырдың қоғамдық құрылысы.
Қаңлы тайпасында билік мұрагерлік жолмен әкеден балаға беріліп
отырған. Бар билік ақсақалдардың, ру басшылары мен әскери көсемдердің
қолында болған.
Шаруашылығы.
Қаңлылардың негізгі кәсібі егіншілікпен ұштасқан мал шаруашылығы
болды. Оларда тәлімі және көлдетіп суару егіншілік жақсы дамыды. Олар
дәнді дақылдар еккен және огород өсурумен де айналасқан.
Аң аулау мен балық аулаудың қосалқы маңызы болды. Елік, тау теке,
арқар, киік аулады. Қоныстар мен қорымдарды қазған кезде балық аулау
құралдары – шанышқылар, сүңгілер, қармақтар, жүкшелер шықты.
Ет, балық және өсімдік өнімдерімен жабайы өсетін алма, алмұрт, өрік, тау
жуасы, сарымсақ т.б. пайданылды.
Қаңлылар қоғамында әр түрлі кәсіптер,қол өнер, сауда және ақша
айналысы дамыды.
Олардың қоныстарында ондаған тұрғын үй мен қора – қопсылар болды.
Қоныстарда тұрғын үйлерде болсын, қора-қопсыларда болсын дән, астық
сақтайтын ұра, еденді сылайтын балшыққа, шикі кірпішке қосылған сабан,
толып жатқан дәнүккіштер, астық, бақша дақылдарын сақтайтын қыш
кеспектер табылды. Жерді тас кетпендермен өңдеген, сүйектен жасалған
егіншілік құралдары да пайданылған.
Қаңлылардың діні.
Қаңлылар табиғат күштеріне, ата-баба аруағына сиынған. Әр жылдың
маусым айында барлық тайпалар жиналып, ата-бабаларына шектік беріп
отырған. Олардың бір бөлігі будды дінін қабылдады. Көп құдайға
табынушылық болды. Сонымен қатар қаңлылар жұлдыздар арқылы түрлі
болжамдар жасап отырған.
Қаңлы тайпалық бірлестігі б.з.б. I ғасырдың ортасында ыдырады.
Сонымен қаңлы тайпаларында сонау ерте кезден бастап мемлекеттік
дәрежесіне дейін көтерілген тайпа бірлестіктері болды деп айтуға болады.
3. Ғундар. Ғунну державасынның құрылуы.
Біздің заманымыздан бұрын I мың жылдықтың екінші жартысынан бастап
Евразияның этникалық – саяси тарихында Орталық Азияның көшпелі
тайпаларының ролі күшейе түсті. Осы өңірде, Байкалдан Оңтүстікте таман
және Ордасқа дейін созылып жатқан далалық және шөлейт аудандарда
қарабайыр малшаруашылығы мен шұғұлданған, этникалық жағынан әр
түрлі тайпалар көшіп жүрді. Солардың басты бір тобы ғұндар еді.
Қазақстанның Онтүстік және Жетісу жерлерінде ғұндар б.з.б. II-I ғ.ғ. келе
бастаған.
Ғұндар жайлы тарихи деректерді көрнекті Қытай тілінің мамандары Н.Я.
Бичурин мен Н.Кюнердің еңбектерінен білеміз. Ал олардың тарихын
жазуға еңбек еткен ғалымдар А.Н. Бенрштам, Л.И. Гумилев, Н.И. Конрад.
Қазақ ғалымдарының ішінде соңғы кезде К.М. Байпаков айналысып жүр.
Б.з.б. IV-III ғасырларда Қытайдың солтүстік шекарасында тұрған тайпалар
топтасып, тайпалық екі бірлестік құрды. Олардың біріншісі Сюнну (Хунну
немесе ғұндар); екіншісі дунху бірлестіктері деп аталды. Сюнулар
(ғұндар) өз заманындағы, көршілес елдердің тарихына ықпал жасады.
Ғұндардың этникалық шығу тегі, тілі осы күнге дейін дәлелденбей отыр.
Зерттеушілердің көпшілігі оларды түріктердің арғы тегі деп есептейді.
Сонымен Қытай жылнамаларымен археологиялық зерттеулерге қарағанда,
б.з.б IV-III ғасырларда Қытайдың Солтүстігінде Байкалдан Ордосқа
дейінгі аралықты мекендеген күшті ғұн тайпаларының бірлестігі құрылды.
Олар өздерімен көрші жатқан халықтарын басып алумен қатар Қытай
жерінде дүркін-дүркін шабуыл жасап тұрған. Бұл жағдай Қытай
патшасының наразылығын тұғызып отырды. Сөйтіп, ғұндар мен Қытай
өкіметінің арасында бір-біріне алма-кезек жасалған ұрыс–талас, соғыстар
олардың ұрпақтарының арасында 300 жылдан астам уақытқа созылған.
Жылнамалар бойынша, ғүн тайпаларының бірігіп саяси күшейген кезі
б.з.б. 209 жылы Мөде ханның билік жүргізген мезгілі. Оның жасаған
әскери реформалары ғұндарды қуатты мемлекетке айналдырған. Олар
өздерінің оңтүстігіндегі дунхуларды талқандап, быт-шытын шығарды.
Олардың аман қалғандары Монголия, Маньчжурияға дейін қашып бас
сауғалауға мәжбүр болады. Ғұндар мұнымен де қанағаттанып қоймай
б.з.б. 203-202 жылдары Саян-Алтай таулары және жоғарғы Енисей жеріне
дейін шабуыл жасап, Қытайдың хань әулетінің негізін салушы (б.з.б. 202
ж.) Лю-банды б.з.б. 200 жылы жеңіп, оларды өздеріне бағынышты етеді.
Қытай императоры ғұндардың Шаньюіне (ханына) қыз беріп, алым-салық
төлеп тұрған. Сөйтіп, Байкал көлінен Тибет тауына дейін Шығыс
Түркістанның Хуанхэ өзінінің Орта ағысына дейінгі аралықты алып
жатқан ұлан байтақ жерде «Ғұн державасы» пайда болды.
Ғұндардың саяси, қоғамдық құрылысы.
Мемлекеттің басында ұлы Сенгир (Шаньюй) тұрды. Оның билігі дара
және мұрагерлік болды. Әдетте ол тағын үлкен ұлына немесе інісіне өсиет
етіп қалдырған.
Шаньюй барлық ғұндарға тиесілі жерлер және бүкіл мемлекет
территориясына билік жүргізуге құқылы болды. Сонымен бірге, Шаньюй
ол территорияны сақтауға, қорғауға міндетті болды. Оның соғыс
жариялауға, бітім жасауға, армияны басқаруға құқысы болды. Жоғарғы
сот билігі де Шаньюйдің қолында шоғырланды.
Ғұн мемлекетінде Шаньюйден кейінгі екінші орында оның балалары және
жақын туыстары тұрды. Бұданбасқа Шаньюйге туменбасы, жүзбасы,
онбасылар бағынышты болды. Ғұндар 24 рудан құралды. Әр руды
ақсақалдар басқарды. Ақсақалдар мемлекет ісін талқылау үшін бір жылда
3 рет құрылтай өткізіп отырды.
Ғұндарда жақсы ұйымдастырылған әскер болған. Мұның негізгі тез
жүретін атты әскер болды. Атты әскердің қаруы садақ пен жебе еді. Олар
садақтарының сыртын сүйекпен қаптаған. Жебелердің екі түрі болған.
Әсіресе, ұшқыр, ауыр ұңғырлы сауыт бұзар жебені темірден жасаған.
Ұзын семсерлері ат үстінде жүріп соғысуға ыңғайлы. Ондай семсерлер
Қазақстанда Ақтөбе Шаушықұм, Жамантоғай қорымдарынан табылған.
Ғұн қоғамында патриархаттық – рулық қатынастары әлі күшті болған еді.
Сыма Цянь (б.з.б. 135-67 жж.) «Тарихи жазбаларда» ғұндардың Левират
ғұрпы туралы былай дейді: «Әкесі мен ағалары өлсе тұқым құрымасын
деп олардың әйелін өздеріне алады, сондықтан ғұндарда қан араласу болса
да, тұқым құрымайды». (Бичурин Н.Я. Собрание сведений о народах,
обитавших в Среденей Азии в древние времена. т. 1. М.-Л., с. 58)
Ғұндардың шаруашылығы.
Ғұндарда мал шаруашылығы жақсы дамыды. Олар үй-жануарларының
барлық түрлерін өсірген. Жазба деректер ғұндар үйір-үйір жылқы, қора-
қора қой өсіруші еді деп хабарлайды. Оларда егін шаруашылығы да
маңызды роль атқарды. Әсіресе, ғұндар тарыны өсірген. Археологиялық
қазба жұмыстары кезінде, егіншіліктің ойдағыдай болғанын білдіретін
темір орақ, шойын тістер, қол диірмендер, тас үккіштер сияқты егін салуға
және оны жинап алуға қажетті құрал саймандар табылған. Сонымен қатар
ғұндар аң аулаумен айналысқан.
Көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан ғұндардың негізгі баспанасы
киіз үй және жартылай жертөбелер болды. Олар үйдің бір бұрышына
салынған ошақтан еден астымен тартылған кәңмен (труба) жылытылған.
Ғұндарда қол өнер ойдағыдай дамыған. Әсіресе, олардың шеберлері ыдыс-
аяқтар, ұсталары темірден қару-жарақтар жасаған. Ыдыс-аяқтарды
ағаштан, теріден, қыштан, металдан жасай білген.
Ғұн тайпаларының ішінде атақты зергерлер болған. Ауқатты адамдардың
зираттарынан табылған алтын сырғалар, жүзіктер, әшекейлеп жасалған
белдіктер жасалуы жағынан сақ тайпаларының әшекей бұйымдарынан
бірде-бір кем түспейтіндігің көрсетеді. Бұйымдарды сәндендіруге басты
бейне есебінде жабайы аңдардың бейнесі қолданған.
Ғұндардың діни-наным, сенімдері ата – бабаның аруағына сенуі – дүниеге
табуныдың дәлелі. Жалпы ғұн тайпалары пұтқа табынған.
Алайда, «ғұн державасы» орасан үлкен, бірақ саяси жағынан батыраңқы,
экономикалық жағынан әлсіз, этникалық жағынан ала-құла біріккен ел
болды. Ішкі қайшылықтар, билік жүгізу үшін күрес және сыртқы
сәтсіздіктер б.з.б. I ғасырда ғұндар державасының құлдырауына әкеліп
соғып, ол ыдырай бастады. Б.з.б. 59 жылы ғұндардың өз арасында соғыс
басталды.
Б.з.б. 47 жылы ғұндар державасы оңтүстік және солтүстік ғұндар болып
бөлінді. Оңтүстіктегі ғұндар хань империясына бағынды. Ал Чжичжи-
шаньюй бастаған солтүстіктегі ғұндар тәуелсіздігін сақтап, Солтүстік
Монголияға және Шығыс Туркістанның солтустік аймақтарында көшіп
қонып жүрді.
Қазақстанның оңтүстік батыс және Арал бойына Ғұн тайпаларының келе
бастаған екінші толқыны б.з. I ғ. басталады (93 ж.). Кейбір археологиялық
материалдарға қарақанда олардың ескерткіштері Испания жерінен
табылған. Сондықтан Европа деректемелерінде олар гундар деген атпен
белгілі.
Сонымен ғұн тайпаларының шығыстан, батысқа қарай жылжуы б.з.б. I ғ.
басталса, б.з. IV ғ. дейін созылған. Алайда, олардың жылжуы жай ғана
жүрген жоқ, олар бүкіл Евразия және Қазақстан жерінде өмір сүрген
тайпалар мен халықтардың саяси картасына, этникалық құрамына үлкен
өзгерістер туғызды.
Тарихта бұл жылжу тек ғұн тайпаларында болып қойған жоқ, басқа да ірі
тайпалармен жаңа құрыла бастаған халықтардың да жылжуына әсерін
тигізген. Бұл тарих сахнасына «халықтардың ұлы қоныс аудару» мезгілі
деген атпен белгілі . Бұл қоныс аудару Қазақстанға өзінің үлкен әсерін
тигізді. Ол, біріншіден, жергілікті сақ, қаңлы сияқты тайпалардың
шығыстан батысқа қарай жылжуына немесе орын ауыстыруына әсер етсе,
екіншіден, ол тайпалардың антропологиялық жағының өзгеруіне әсерін
тигізген, үшіншіден, түркі тілінің таралуына және оның жергілікті диалект
болып орнығып нығаюын күшейтеді. Соңғы екі жағдай б.з. V ғ.
Қазақстанға түркі тайпаларының жаппай келе бастауы тереңдей түсті.
Достарыңызбен бөлісу: |