І. Қазақ тілі грамматикасының кейбір мәселелері Қазақ тiлihiң Ғылыми куpсы жөhihеh лекциялаp



Pdf көрінісі
бет45/182
Дата21.05.2022
өлшемі1,97 Mb.
#144378
түріЛекция
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   182
Байланысты:
zhubanov k kazak tili grammatikasynyn keibir mseleleri (1)

хабарласу қасиетін
алып басқа жақтарын 
қоя тұрдық; олар (біз атамағандар): көркемдік, таптық, әлеуметтік мақсаттар; біз 
бұл мәселелерді қоя тұрып, хабарласудың тілге ғана тән жағын сөз етіп отырмыз. 
Тілдің өзіндік өзгешелігі – затқа ат қою, ол аттарды бір-бірінен айыру. 
Мысалы: 
жылқы – түйе емес, қой – сиыр емес, сиыр – жылқы емес
. Атаулардың 
мағынасын осылайша айыруды – 
сигнификация
дейміз. Әр нәрсенің өзін жеке 
көрсету, даралап айту қасиетіне ие болған сөз – зат, сипат, құбылыс аттары болып 
қалыптасқан. Бұл аталғандар – тілдің негізгі өзгешеліктері. Тілдегі осы айтылған ат 
қою мүмкіншілігін 
номинация
дейміз. Тілдің бұдан басқа тағы бір негізгі қызметі 
– хабар беру. Оның бұл өзгешелігін 
коммуникация
дейміз. Оның мағынасы 
орысша – общение, қазақша – қауымдасу, хабарласу дегенді білдіреді. Номинация 
– атау, номинат – ат, номинатив – атаушылық. Номинатив функциясы – стабил 
(тұрақтылық). Мысалы, өсіп тұрған ағашқа күн сайын жаңа ат қойып отырсақ, 
номинатив функциясына қайшы келер еді.
Қағаз
деген сөз – әрі заттың аты, әрі оны басқа заттың атынан айырып атауға 
қажетті амалы. Демек, бұл жерде номинатив бар; сондай-ақ бұнда 
коммуникациялық та бар (хабарлылықтың мүшесі, яғни бөлшек). Солай бола тұра, 
мұны 
қағаз
сөзі біресе бүтін (номинация), екінші ретте бөлшек (коммуникация) деп 
бөлу қайшылық болар еді. Бұл жердегі ерекшелік мынада: тіл элементі атау 
қызметін өтесе, сөз болғаны; егер хабар беру қызметін өтесе, сөйлем болғаны. Бұл 
келтірілген екі түрлі өзгеше қасиет барлық сөздерге де тән, өйткені олар әрі 
номинативтік, әрі коммуникациялық қызмет атқарады. Сөздің бір басында екі 
функция (қызмет) болады: бірінші – хабар беру қызметі, коммуникация 
функциясы; екінші – таңбалау қызметі, номинатив функция не сигнификация.


Сөз хабарласу үшін керек, егер осы керекке жарамаса, ол – сөз емес. Сөйлеп 
хабарласқанда әр нәрсенің аттарын (номинативтерді) құрап, хабар беріледі. 
Осылайша номинативтерден құралмай жасалған хабар жоқ. Ат болмаса, сөз де 
болмайды.
Номинатив сөзді бірінен-бірін айыру үшін ат қоямыз. Атты неге қоямыз? 
Оны заттардың өздері жоқ жерде сөз қылу үшін қоямыз. Нәрсенің, сипаттың бәрі 
түгел қасымызда болса, онда сөзді шығын қылмай-ақ ымдап өте шығар едік, 
сонымен де бірталай хабар берер едік (алқашқы адамдар, осы күнгі мылқаулар 
солай сөйлеседі ғой). 
Зат пен оған қойылған атты тексерейік: столдың төрт аяғы бар, үсті, асты, 
түсі, ұзындық, қысқалығы бар; ал оған қойылған ат та ондай белгілердің бірі де 
жоқ, тек ұғым ғана бар. Демек, сөз оймен байланысты, ал басқа белгілер жоқ. 
Сондай-ақ тілде заттың ұғымы бар, мәні (сущность) жоқ. Ойымызбен бір заттың 
өзін быт-шыт қыламыз. Сондықтан заттың саны, сипаты, аты тағы басқалары бөлек 
айтылып талданады; ол заттың өзінде оның бөлшектік белгілері талданса, ол зат-
зат болудан қалады. Өйткені столдың төрт аяғы, биіктігі, ұзындығы сол затпен 
бірге жүр.
Сөз белгілі тәртіппен тізіліп барып, хабар болады. Сөздер жеке-жеке жүреді, 
бірақ олар жекелік үшін жасалған емес, басқаға жанасым тауып, үйлесерлік болып 
жасалған. Өз басы атау болуға жаралаған сөзді 
бүтін 
дейміз. Бүтін, әрине, бөлшек 
емес. Сөйте тұра олар құрамды бөлшек болып барып материал болып, тұтас ой 
туғызатындықтан, жеке сөздерді үйлесім табушылар тобының бір бөлшегі дейміз. 
Бұл айтылған бүтіндік пен бөлшектілік бірінісіз бірі өмір сүре алмайды 
(семасиология мен лексика бір зат, бірақ ілім ол екеуін бір-бірінен айырып 
қарайды; лексика – сөздің денесі болса, семасиология – мағынасы).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет