Осыдан келіп бір құрылымның екі сөз болуы немесе екі құрылымның бір сөз
болуы сияқты өзара қайшылықтар туады. Бұның өзі – тілдің дыбыс құрылысының
сүйегіне біткен қайшылық. Негізінде сөздің дыбысы мағынасына қарай өзгеру
керек: мағынасы бір болса, екі сөздің дыбысы да бір болып, мағыналары түрліше
болса, дыбыстары да түрленіп немесе қосымшалары өзгеріп, екі сөз болып,
егізделіп отыруы керек. Нәтижесінде осы екі сөздегі байланыс әлсіреп отыруы тиіс.
Өсу үшін тіл жаңа сөздер шығарады. Ол үшін бұрынғы ескі сөздерді
пайдаланады. Бір сөз сол бір сөз күйінде қалмай, екі сөз болуы үшін олар бір-
бірінен барынша қашықтауы керек. Дыбыстарында айырмашылық болуы керек,
әйтпесе сөз байлығы артпайды. Сондықтан
Достарыңызбен бөлісу: