І. Қазақ тілі грамматикасының кейбір мәселелері Қазақ тiлihiң Ғылыми куpсы жөhihеh лекциялаp



Pdf көрінісі
бет53/182
Дата21.05.2022
өлшемі1,97 Mb.
#144378
түріЛекция
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   182
Байланысты:
zhubanov k kazak tili grammatikasynyn keibir mseleleri (1)

объект, субъект, бірік, қарға 
деген, ұғымдарға 
қандай байланысы барлығы көрініп тұр (тәуелсіздігі, жекелік, көптігі белгілі 
жағдайда объект, субъект, предикат екендігін де білдіреді). Қысқасы, әр сөздің 


абсолют мағынасының үстіне реалатив мағынасы да бар (құбылысқа, затқа ат 
болу). Соңғылары реалатив, яғни грамматикалық мағына.
Сөз құр сөздің аты емес. Қандай қатынаста тұрғандығын қоса білдіретін 
сілтеу белгісі дедік. Мысалы, құр «
жаздым
» деп хабарлап, қағазды айтпасақ
«
жаздым
» жеке тұрып пайдаға аспайды. Сабақты етістік жеке тұрса, мағынасы 
толық болмайды.
Cөз құрамы 
(составы) 
Сөз составы: Түбір+қосымшалар 
Түбір+түбір+түбір бір сөзде 
Түбір+қосалқы бір екпін. 
Кейбір тілдерде жалғау – екпін болып қызмет атқарады; кейбір тілдерде 
қосымшасыз түбір сөз өзі жеке тұра алмайды (
книга – книги
; бұл флекциялы 
тілдерде). Флектив тілдерде (орыс тілінде) жеке сөздердің өзіне тән формасы 
шектеулі болады. Мысалы, 
стол
– әрі атау септік, әрі табыс септікте тұрған сөз. 
Шынында орыстардың жеке сөздері – жеке сөз емес. Олар қалай болғанда да бір 
падеждің не басқа бір категорияның формасында тұрады.
Сөздің жеке формасы болмайды, басқа сөздер арасында ғана формаланады. 
Мысалы, қытайда 
чун
(жұмыс), 
жөн
(адам) 
чун
жөн
болып қосылып, бір екпінмен 
айтылса, 
жұмысшы
деген сөз, егер екеуі екі екпінмен айтылса 
жан-жөн
(тау 
адамы), біздегі «шы» үстеуі (жұрнағы) адам мағынасында, сондықтан бұл үстеу 
адам, кісі, адам аттары сияқты сөздерге қосылмайды; 
ту-чун

жөн
(жер қазушы – 
землякоп), 
ту
– жер. Европада да бір тілдің бір сөзбен білдіретінін екінші бір тіл 
әлденеше сөзбен білдіреді. Мысалы, дирмен – .... 
Қайбір тілде түбірлер жиылып барып, бір сөз болады. Мысалы америкадағы 
пәйет тілінде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет