І. Қазақ тілі грамматикасының кейбір мәселелері Қазақ тiлihiң Ғылыми куpсы жөhihеh лекциялаp


ларға үйлеспейтін болып жалғанған,  тер



Pdf көрінісі
бет55/182
Дата21.05.2022
өлшемі1,97 Mb.
#144378
түріЛекция
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   182
Байланысты:
zhubanov k kazak tili grammatikasynyn keibir mseleleri (1)

ларға
үйлеспейтін болып жалғанған
тер
– керісінше). Демек, 
қосымшалар түбірдің біріне үйлесерлік, екіншісіне үйлеспейтін болып жалғанған. 
Сөз екі түрлі керекке асарлық болып жасалған: 1) бірдеменің аты болуы (зат, сипат, 
іс); 2) белгілі жағдайда үйлесерлік, байланысарлық мүмкіндігі бар.
Қосымшалы сөз бен қосымшасыз сөз: бұлар да солай сөз емес. Осы екі 
міндеттің бірін атқара алмаған категория – сөз бола алмайды.
Сөздің екі формасы: 1) Бірдеменің аты болуға жарайтын форма; 2) Басқа 
сөздердің біріне, болмаса басқа біріне үйлесетін форма.
Сөз – ат болады, сипат – іс аты болады, басқа сөздермен үйлеседі. Демек, 
атау қызметін де, үйлесу қызметін де атқарғанда сөзді өзгертіп, толықтыруға 
болады. Сондықтан түбірге жаңа сөз қоспай-ақ, қосымша не қосалқы жалғауға да 
болады. Басқа сөздерге үйлестіру де солай. Жалғау, жалғауыштар өздігінен үйлесе 
алмайтын сөздерді үйлесу қалпына түсіреді, не бұрын бір түрлі үйлесетін екі түбір 
сөзді екінші түрлі қалыпқа түсіреді.
Түбір мүшенің таптары 
Шылау
: (анықтамасы берілген сияқты ... Е. Ж.). 
Демек шылаулардың бір түрі түбірге тек мағына үстеу қызметімен 
қанағаттанбай, оны басқа түбірлермен байланыстыру қызметін де атқарады.
Тапқа бөлуде: әр сөз табының өзіне арнаулы қосымша болады, басқалардың 
қосымшасын жолатпайды. Бұл сөздердің бірінен-бірін айыруға себеп болады. 
Демек, әр сөз табының морфологиялық қосымшасы бар дейміз.


Барлық сөз табы сөз арқылы хабар беру үшін жасалған. Етістіктер тек 
баяндауыш, зат есім сөйлемнің қай мүшесі де бола алады, әсіресе, толықтауыш 
болуға ыңғайланып жасалған. Себебі: басқа сөз таптары толықтауыш болса, зат 
есім мағынасына ие болып қана толықтауыш бола алады.
Сипат есімдер тегінде анықтауыш болу үшін жасалған. Басқа мүше болу 
үшін ол сипаттан басқа мағына қосып алуы қажет. Демек, сөз таптарының кейбірі 
белгілі бір сөйлем мүшесі болады. Алайда мүше бола алмайтыны да бар; белгілі 
орында тұратыны да, тұрмайтыны да бар; зат есім сөйлемнің қай мүшесі де бола 
алады, етістік таза тұлғасында тұрып анықтауыш бола алмайды. Сөздің қай сөз 
табына жататындығын сөйлем құрылысындағы қызметі мен тұрған орнына қарай 
айту керек. Сондықтан сөз таптарының синтаксистік қасиетін ескеру керек. Оны әр 
сөз табының арнаулы қасиеті деу керек.
Тапқа айырғанда үш түрлі негізге сүйенеміз: 
1) лексикалық қасиеттеріне қарай;
2) морфологиялық қасиеттеріне қарай: қандай қосымша, қандай қосалқы 
ерітетіндігіне қарай; 
3) сөйлемде қай мүше болатындығына, қай орында тұратындығына қарай.
Осы үш сипаттың үшеуі бірдей табылса, сонда ғана түбірді белгілі бір сөз 
табы деп санауға болады. Енді сөз таптарын жекелейміз... 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет