І. Қазақ тілі грамматикасының кейбір мәселелері Қазақ тiлihiң Ғылыми куpсы жөhihеh лекциялаp


-р дыбысының түсіп қалуына қарап, әуел бастағы тұйық буындарда келетін  р, л, н



Pdf көрінісі
бет60/182
Дата21.05.2022
өлшемі1,97 Mb.
#144378
түріЛекция
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   182
Байланысты:
zhubanov k kazak tili grammatikasynyn keibir mseleleri (1)


дыбысының түсіп қалуына қарап, әуел бастағы тұйық буындарда келетін 
р, л, н
дыбыстарының түскіштігін (cусымалы) білуге болады. Бұған 
ал+бар
(
алып+бар

күрделі 
ал+бар
(
алып бар
) етістіктерінің 
апар

ал+кел
(
алып кел
) етістіктерінің 
әкел
түрінде ықшамдалуы дәлел бола алады. Сондай-ақ, 
ол, бұл, мен, сен
сөздеріндегі 
л, н
дыбыстарының түсіп қалып, 
о+ның, бұ+ған, се+нің, ме+нің
болып ықшамдалуы да тұйық буын ішінде келгенде 
р, л, н
әріптерінің түскіштігін 
білдіреді. Осы айтылғандарға бұрынғы кездерде екі дауыстының арасында келген 
үнсіз дыбыстардың үндіге айналып кету фактысын қосcақ, 
тұр
дегендегі «
т
» 
дыбысының «
д
» болғандығын түсінеміз. Ал осыған соңғы буындағы «
у
» 
дыбысының түсіп қалғыштық қасиетін тағы қосуға болады (
р
дыбысының 
жоғарыда айтылғандай сусымалылығына дәлел есебінде біздегі 
аттар
деген сөзді 
ұйғыр тілінде 
атлар
дейтіндігін мысал етуге болады.) Бұл айтылғандарға кешегі 
бір замандардағы неке қиюшылардың 
куә-куә, куәдүрміз, куәлікке жүрәдүрміз
дегендегі 
-дүр
қосалқысы әуелде 
«тұр»
болғандығын да ескеруіміз керек. 
Осындағы 
тұр
қазіргі жік жалғауының көрсеткіші болып кеткен 
-ды
элементінің 
бастапқы тұлғасы. Оның мағынасы орысша «
находится
» дегенге саятын 
жатыр
көмекші етістігінде сақталған. Сөйлем ішінде қолданылғанда бұл қосымша бір 
нәрсенің бар екендігін меңзейді. 


Біз бұл жерде синтаксис тарихын қоя тұрып, «
тұр
» сөзінің тарихына ойысып 
кеттік. Әйтсе де біздің түпкі мақсатымыз қазіргі жік жалғауларының бәрі де бір 
замандарда 
мен, біз, сен, сіз, ол, олар
мағынасында болғандығын, ал синтаксистік 
құрылымда келгенде бұл сөздердің бәрі де бастауыш болатындығын және ол 
заманда сөйлемнің бастауыш мүшесі қазіргідей препозицияда емес, постпозицияда 
тұрғандығын, яғни синтаксистік құрылымның соңында келетіндігін айтпақшы едік. 
Демек, сол негізгі ойымыздан біз бұл ретте де ауытқыған жоқпыз дегенді ескерте 
кетуіміз қажет. 
Сонымен қазіргі жалғаулардың бірқатары ерте замандардағы бастауыш 
қызметін атқарған дербес мағыналы сөздер.
* * * 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет