123
сөздерді, мағынасын түсінбегендіктен бе,
әлде мән бермегендіктен бе, жаңа
сөздермен, ұғымдармен ауыстырады. Бәріміз білетін «Елім-ай» әнінің
«Қарындастан айырылған қиын екен»
деген бұрынғы тармағы
«Ел-
жұрттан айырылған жаман екен»
[11], – деп өзгертілген.
Осындағы
«қарындас»
деген сөз бүгінгі мағынада емес. Бұл жерде қыз туралы сөз
болып тұрған жоқ. Орта ғасырда «қарындас» деп бірге туған аға-ініні,
(единоутробный) бауырын айтқан. Жырауларда солай. Ал,
ауызекі сөзде
«жаман екен»
дегеннен гөрі
«қиын екен»
деп айтылатын дәстүр бар.
(«Жаман кісі» демей, «қиын кісі екен» дейді).
«Қиын екен»
– тіркесі
поэзиялық әрі эмоциялық қасиеті жағынан әлдеқайда әсерлі естіледі.
Адамның ішкі сезімін, психологиялық жағдайын, көңіл күйін білдіріп тұр.
Сонымен,
ойымызды қорытар болсақ, қазақ әндерін текстологиялық
тұрғыдан арнайы түрде зерттеп, әр әннің тұрақты (канонды) мәтінін анықтау
қажет. Олай болмаған жағдайда әркім әртүрлі сөз қолданып,
әндердің
мазмұны мен эмоциялық күші әлсірейді, ал бұл әннің құдіретін азайтады.
Қазіргі шақта жүріп жатқан музыка саласындағы үдеріс пен үрдістер ұлттық
әніміздің әуеніне ғана емес, мәтініне де мұқият болуды міндеттейді. Әр әннің
мәтінін тарихи тұрғыда зерделеп, әр дәуірдің өзіне тән сөзі мен сөз саптауын
анықтау және оны орнымен қолдану қажет. Сонда біз әннің, оның сөзінің қай
дәуірде туғанын, оның қалай дамып, қаншалықты өзгеріске түскенін
білуге
қол жеткіземіз. Осы жүзеге асатын болса, ән мәтіндерін орынды-орынсыз
өзгертуге жол берілмес еді.
Достарыңызбен бөлісу: