213
мен өзімді үлкен айна алдында көрген едім. Бұл Надежда Петровнаның үйіне
ең алғаш барған күніміз болатын. Біз
рұқсат сұрап, есіктен кіріп бар-
ғанымызда, үлкен бөлменің қарсыдағы қабырғасынан бірі бұйра шашты ақ
сары, екіншісі майлап қойғандай жылтыр қара бала көрінді.
-Дауыл, бөркіңді іл, -деп, Надежда
Петровна маған қарап еді, Сережа
жабыса түсті. Сережадан аумаған бұйра шаш та жанындағы қара баланың
бас киіміне оң қолын апара берді. Оның бөркінің де оң құлағы жұлынғалы
тұр екен, көзінің алды көгеріп кетіпті. «Тегі бір сойқанда
болып шыққан
шығарсың» деп, күліп жіберіп едім, мені мазақтағандай қарсымдағы қара да
жымиды.(Ә.С.)
Достарыңызбен бөлісу: