Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет225/406
Дата13.06.2022
өлшемі3,22 Mb.
#146458
түріОқулық
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   406
Байланысты:
Қазақ тілі окулық Абуханов-лексика

§ 84. Осы шақ 
Іс, қимыл, амалдың сөйлеп тұрған уақытта істеліп жатқанын 
көрсететін етістіктің түрі о с ы ш а қ деп аталады. 
Осы шақ қимыл, амалды білдіруіне қарай екі түрлі болады: 1) нақ осы 
шақ, 2) ауыспалы шақ. 
1.
Нақ осы шақ. Іс, қимыл амалдың сөйлеп тұрған уақытта істеліп 
жатқанын үзілді-кесілді дәл көрсететін етістіктің түрі н а қ о с ы
ш а қ деп аталады.
Тұлғалық құрамы жағынан нақ осы шақ екі түрі болып келеді: а) жалаң 
нақ осы шақ, ә) күрделі нақ осы шақ. 
а) Нақ осы шақтың жалаң түрі 
отыр, жатыр, тұр, жүр 
деген төрт 
етістіктің жіктеліп қолданылуынан жасалады. Бұлардың түбіріне жіктік 
жалғау қосымшасы тікелей жалғанады. Оны мына үлгіден көруге болады. 
жақ 
отыр 
жатыр 
тұр 
Жүр 

II 
III 
отыр+мын 
отыр+сың 
отыр+сыз 
отыр 
жатыр+мын 
жатыр+сың 
жатыр+сыз 
жатыр 
тұр+мын 
тұр+сың 
тұр+сыз 
тұр 
жүр+мін 
жүр+сің 
жүр+сіз 
жүр 

II 
III 
Отыр+мыз 
Отыр+сыңдар 
Отыр+сыздар 
Отыр 
Жатыр+мыз 
Жатыр+сыңдар 
Жатыр+сыздар 
жатыр 
Тұр+мыз 
Тұр+сыңдар 
Тұр+сыздар 
тұр 
Жүр+міз 
Жүр+сіңдер 
Жүр+сіздер 
жүр 
ә) Нақ осы шақтың күрделі түрі екі не онан да көп етістіктердің тіркесіп 
айтылуы арқылы жасалады. Ол үшін негізгі етістік ретінде көсемше тұлға-лы
етістік алынады да, көмекші етістік ретінде 
отыр, жатыр, тұр, жүр
сөздерінің бірі қолданылады. 
Нақ осы шақтың күрделі түрі жіктелгенде, жіктік жалғау қосымшасы 
көмекші етістікке жалғанады. Мысалы: 
Жекеше Көпше 
 


I жақ жазып отыр


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет