79
ғылыми ұстанымдарын жасайды. Лексикография
ұлт тілінің лексикалық
байлығын жинастыру, оларды ретке келтіріп, жүйеге түсіру ісімен
шұғылданатындықтан, ол жалпыхалықтық тілді байытады, әдеби тілдің
нормасын қалыптастырады, тіл мәдениетін арттырады. Егер ұлт тілі, негізінен
мемлекеттік
тіл екенін ескерсек, онда лексиграфияның жоғарыда аталған
міндеттері мен қызметтерінің маңызы, мәні зор екендігіне көз жеткізу қиын
емес. Өзінің міндеті мен қызметіне қарай лексикография екі салаға бөлінеді:
Теориялық лексикография және тәжірибелік лексикография.
Теориялық лексикографияның міндеттері : сөздіктердің типтерін анықтап
беру, олардың құрылымын айқындау; әр түрлі сөздіктердің мақсаттары мен
міндеттерін көрсету; Ал тәжірибелік лексиканың міндеті; тілдің сөздік
байлығын жию және
ретке келтіру, оларды тілдік-лингвистикалық тұрғыдан
сипаттау және нормаға түсіру;
Қазақ тілінің өзге салалары сияқты, қазақ
тілінің сөз байлығы да
революцияға дейін арнайы ғылыми-зерттеудің объектісі і болған жоқ. Қазақ
тілінде қолданылатын сөздер есепке алынып, жүйеленіп, алфавит тәртібіне
келтіріліп, қазақ тілінің сөздігі жасалған жоқ деуге болады.
Қазақ тілінің сөздіктерін әңгімелемес бұрын жалпы түркі жүйелі
тілдердің көпшілігіне ортақ, қазақ сөздігіне де белгілі дәрежеде қатысы бар,
ертеде болған кейбір сөздіктерді атамасқа болмайды. Мұның бірінішісі —
атақты түркі ғалымы Махмұд Хусеин Қашқаридің 1072 жылы жазған «Диуани
Лүғати ат-түрки» (Түркі тілдері сөздігі) деп аталатын сөздігі. Бұл сөздік
барлық түркі жүйелі тілде сөйлейтін халықтарға ортақ. Әсіресе түркі
тілдерінің қыпшақ
тобы деп аталатын қазақ, қырғыз, қарақалпақ, башқұрт,
татар, құмық тілдеріне өте жақын.
Екіншісі—«Кодекс Куманикус» деп аталатын 1303 жылы неміс тілінде
басылып шыққан сөздік. Бұл сөздік те түркі жүйелі тілде сөйлейтін халық-
тардың қыпшақ тобының бәріне ортақ сөздік болып саналады. Үшіншісі —
академик В. В. Радловтың «О п ы т с л о в а р я т ю р к с к и х н а р е ч и й »
деп аталатын, 1911 жылы шығарылған, бүкіл түркі жүйелі
тілдердің сөздерін
салыстыру әдісімен жасалған, үш тілдік сөздігі. Бұл сөздікте әуелі түркі
тілдері сөздері келтіріліп, одан кейін орысша аудармасы беріледі де, оның
артынша немісше аудармасы беріледі. Бұлардың бәрі де болашақ қазақ тілінің
сөздігін жасауға үлгі боларлықтай кұнды еңбектер болғаны анық.
XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақ
тілін практикалық жағынан
үйрену мақсатымен орысша-қазақша және қазақша-орысша сөздік жасаудың
бірнеше тәжірибелері жасалды. Бұл сөздіктер жоғарыдағы айтылған жалпы
түркі тілдері сөздігімен салыстырғанда, көлемі жағынан шағын, тілдік
материалы жағынан олқы, қазақ тілінің сөздігін жасаудың алғашқы
тәжірибесі ғана болды.
Қазақ тіліндегі бар және болуға тиісті сөздіктердің түрлері мына
төмендегілер:
Достарыңызбен бөлісу: