Вестник евразийского национального университета имени Л. Н. Гумилева. Серия



Pdf көрінісі
бет2/7
Дата21.07.2022
өлшемі481,23 Kb.
#147642
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
the-concept-of-oyan-kazak-in-the-world-information-space

Негізгі бөлім
Өз замандастары «Оян, қазақ!» туралы қан-
дай пікірде болды десек, Қошке Кемеңгерұлы: 
«Оян, қазақ!» алғашқы шыққанда Грибоедо-
втің «Горе от умасындай» болған. «Оян, қа-
зақты» ел қазақтары Құрандай жаттаған. Мір-
жақыптың атын алты Алашқа таратқан «Оян, 
қазақ» болған. Міржақыптың «Бақытсыз Жа-
малы» «Бедная Лиза» сияқты болған», – деп 
пікір білдіреді. [2] Міржақыптың отты, ойлы 
өлеңдеріне баға бере келе, алаш арысы Жүсіп-
бек Аймауытұлы: «Өзінің ақындық беті күшті, 
түр тапқыш, аса еліктегіш емесі – Міржақып» 
деп ой толғайды. [3]
«Оян, қазақ!» жинағы 1911 жылы екін-
ші мәрте басылып, қазақ жұртын «жұлқып 
оятпаққа» талпынғаны үшін Патша үкіметі 
1911 жылдың 7 маусымында Міржақыпты 
қуғындап, шығармасына тыйым салып, өзін 
тұтқындап, түрмеге тоғытады. Бір айта кетер-
лігі, т.ғ.д., профессор Виль Галиевтің пікірін-
ше, М.Дулатұлының бұл кітабы қазақ кітап 
басу ісіндегі цензуралық және сот қуғындауы-
на ұшыраған алғашқы кітап болған. «Өлең-
дерінде жергілікті тұрғындардың орыс қоныс 
аударушыларына жеккөрушілік өшпенділігін 
қоздыратын – Қылмыстық заңның 129-бабын-
дағы 6-пунктте айыпталған қылмыс белгілері 
бар деген айып тағылады», дейді ол өз зертте-
уінде. [4] Патшалы Ресей бұл дүрбелең туғы-
зған еңбекті бір емес 5 дамға аудартып, негізгі 
мазмұнды айқындау үшін жан-жақты зертте-
гінен анықтай аламыз. Бұл жинақта «Петер-
бургтік цензор бұл өлеңге нашар ұшталған 
қарындашымен қатты шүйлігіпті, ол үшінші 
абзацтан басқа барлық жолдарды басынан-а-
яғына дейін сызып шыққан. Сірә, кейін айып-
тау қорытындысына дәл осы мәтін енгізілген 
болса керек», деп пайымдайды дейді, өзінің 
«Ұлтты оятқан кітап» еңбегінде зертеуші Виль 
Галиев.[5] Ал империалистік, әрі отарлау 
саясатының мұрагері – Кеңес үкіметі де Мір-
жақыпқа оң көзбен қарамағаны, қуғын-сүргін-
ге ұшыратып, түбіне жеткені тарихтан белгілі. 
Нағыз ұлттық идеяның авторлары больше-
виктік шовинизмге кедергі болары анық еді. 
«Оян қазақ! кітабы мен оның басты өлеңінің 
мән-маңызы туралы бүгінгі алаштанушы ға-
лымдар да пайымдап, көзқарасын білдіріп 
келеді. Тарихшы ғалым Мәмбет Қойгелдінің 
айтуынша, «Оян, қазақ!» кітабы ХХ ғасыр ба-
сындағы қазақ қоғамындағы түрлі топтардың 
бәрінің көңілінен шыққан. «Ресей патшалық 
үкіметінің шымбайына тиген кітап болды 
бұл. Бір қызығы, «Оян, қазақ!» сол кездегі қа-
зақ зиялыларына да ұнады. Қазақ халқының 
да ойынан шықты. Сондай-ақ, дін адамдары-
ның да көңілінен шықты. «Оян, қазақтың» елге 
ұнағаны соншалықты, кітапты мешіттер, мол-
далар елге таратты. Осыдан-ақ, бұл кітаптың 
мән-мағынасын, маңызын байқауға болады. 
Патша өкіметі кітап авторының соңына түсті. 
Ол кітапты оқуға тыйым салды», дейді ол. [6]
Алаштанушы ғалым Тұрсын Жұртбай сол 
кезде «Оян, қазақ!» кітабын Абайдың кіта-
бымен бірге ұзатылған қыздың жасауына 
қосып беру дәстүрі пайда болғанын айтады: 
«Осы «Оян, қазақ!» пен «Бақытсыз Жамал» 
қазақтың жүрегіне жол тапқан алғашқы көр-
кем шығарма болып табылады. Осы кітаптар 
арқылы қазақтың ішінде ояну, гүлдену, өрке-
ниетке ұмтылу деген аңсар пайда болды және 
қазақ қоғамы «Бақытсыз Жамалдың» тағдыры 
арқылы өз тағдырын елестетіп, ойлануға мүм-
кіндік алды». [7] 


29
№ 2(135)/2021
ВЕСТНИК Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева. Серия 
Журналистика
BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. Journalism Series
А. Сайлауқызы
Міржақыптанушы ғалым Марат Әбсе-
меттің пікірінше, 1909 жылы жарық көрген 
«Оян, қазақ!» еңсесі түсіп езіле бастаған қа-
зақ халқының тарих сахнасына шыққан рево-
люциялық күрестер мен шайқастар дәуіріне 
дәлме-дәл келді. Кітап сол кезде Қырым, Кав-
каз, Түркияға, тіпті Жапонияға дейін тарап 
кеткенін айтады. Жапондарға «Оян, қазақты» 
таныстырған «Серке» газетін шығарып, содан 
патша шабармандарының қуғынына ұшы-
раған татар баспагері Ә.Ибрагимов екенін 
айтады. «Әбдірашид Ибрагимов «Серке» га-
зетінің барлық мұрағатын бірге алып кетеді. 
Сол жердегі жапон зиялыларымен араласа-
ды. Жапондар «Серке» газетінің екі нөмірімен 
танысады. Міржақыптың «Оян, Қазақ!» кіта-
бы қатты әсер етеді. Міржақып бір өлеңінде 
жапон ерлігін де жырлаған. Кейбір азаматтар 
Міржақыпты өз іштерінен жапонның рухани 
ұстазы деп сайлайды. Сол кездің өзінде Жапо-
нияда Міржақып туралы көптеген мақалалар, 
зерттеулер шығады. Жақаңа еліктеп «Оян, 
жапон!» деген кітап та шыққан еді», деп пай-
ымдайды Марат Әбсемет. [8] Оның дәл бұлай 
сеніммен айтына не себеп екенін біз білмей-
міз. Әрине, Алаш қайраткерлерінің өзі үлгі 
тұтқан жапон қоғамы Міржақып Дулатұлы-
ның өлеңінен өзімен рухтас негіз табуы заңды, 
бірақ оған еліктеп «Оян, жапон!» деп кітап 
шығаруы мүмкін деген қаншалықты шын-
дыққа жанасады деген заңды сұрақ туындай-
ды. Осы себепті біз бұл деректі тексере келе, 
жағдай дәл олай болмауы да мүмкін деуге 
негіз бар. Себебі, Жапониядағы алаштанушы 
Уяма Томохико мырза бізді толғандырған осы 
сауалымызға: «Жапонияда Міржақып туралы 
өте аз адам біледі. «Оян, Жапония!» деген бір-
неше кітап бар, бірақ олардың авторларының 
Қазақстанмен байланысы жоқ. Жалпы, «оян» 
әлемде кең тараған метафора, онда Мір-
жақыптың әсері жоқ сияқты», деген жауап 
алдық. Оның бұл уәжіне тоқтауға толық негіз 
бар, өйткені ол да – міржақыптанушы ғалым. 
Жапон ғалымы Уямо Томохико 1997 жылы 
өз тілінде Міржақыптың саяси көзқарасынан 
диссертация қорғады. «Мен магистрлік дис-
сертацияма қатысты тақырыпты көптен 
бері таңдай алмай жүргенмін. 1991 жылдың 
күзінде Алматыдағы ғылым академиясының 
дүңгіршегінен Міржақып Дулатовтың «Оян, 
қазақ!» атты кітабын кездейсоқ сатып алдым. 
Сөйтіп осы кітапты және өзге де қазақ зи-
ялыларының шығармаларын қызығып оқи 
бастадым. «Алаш» қозғалысының сол кездегі 
кейбір адамдардың ойлағанындай тар шең-
бердегі ұлтшыл қозғалыс еместігін, бұл қозға-
лыстың өне бойында түрлі мәдениеттер мен 
идеялардың өзара әрекеттесіп жатқандығын 
байқадым. Бұл ұлтаралық келісім туралы, 
Еуразияның көпмәдениетті кеңістік екендігі 
жайындағы менің түсінігіммен сәйкес келді», 
дейді ол бұл туралы. [9]
Түрік профессоры Хүля Қасапоғлы Чен-
гел қазақ, түрік және ұйғыр халықтарындағы 
«оян» мотивін салыстырады оның ең алғашқы 
бастауы Міржақыптан таралатынын айтады. 
«Түркі әлемін түртіп оятқан «Оян» мотивінің 
авторы – Міржақып Дулатұлы. Оның «Оян, 
қазақ!» өлеңі түркі халықтарын санасын ояту-
да серпіліс әкелді. Қазақстанның тәуелсіздік 
алуында Алаш қозғалысының тарихи маңы-
зы үлкен. Мұндай жыр түрік ақыны Мехмет 
Акиф пен ұйғыр шайыры Әбділхалықта да 
кездеседі. Тұтастай айтқанда, үш жырда да 
рух бар. демек, түркі дүниесіндегі «Оян» мо-
тивінің қайнар көзі – Міржақып Дулатұлы». 
Хүлия ханымның бұл пікірі өте дәйекті, өйт-
кені түркі әлеміндегі тарихи және қоғамдық 
құбылыстарды зерттеп жүрген ғалым туыстас 
ұлттардың дамуы мен рухани ренессансын 
жан жақты зерделей келе, ондағы зиялық қа-
уымның бір-біріне әсерін де назардан тыс қал-
дырмаған.[10] 
Бұл тегіннен тегін емес, өйткені шын мәнін-
де өткен ғасырдың басындағы қазақ интелли-
генциясы Түркиядағы қандастарымызға тың 
серпін әкелген ұлттық идеяның қайнар көз-
дерінің бірі болған.
Міржақып Дулатұлын ұстаз тұтқан, 
азаттықты аңсаған азаматтардың қатарын-
да болған Түркияның тұңғыш президенті 
Мұстафа Кемал Ататүрік деген дерек бар. 
Ол 1917–1918 жылдары билікке келген кезде 
досы профессор Тайыр Шағатайға тапсыр-


30
№ 2(135)/2021


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет