Иық белдеуі сүйектерінін косылыстары 1. Төс-бүғана буыны, articulatio stemoclavicularis, бүғананың төстік
шеті мен төстің бүғаналық тілігінен түзіледі (91-сурет). Буын куысында
буын дискісі, discus articularis, орналаскан. Буын капшығы алды мен
артқы жағынан ligg. stemoclavicularis anterius et posterius, астыңғы
жағынан lig. costoclaviculare (1-қабырғаның шеміршегіне) және үстіңгі
жағынан lig. interclaviculare (бүғаналардың арасында, incisura jugularis
үстінде) байламдармен бекіген. Буын біршама шар тәрізді. Алайда,
дисктің арқасында бұл буында қозғалыс үш біліктін айналасында
жасалады; тек қызметі жағынан ғана ол шартәрізді буынға жақын келеді.
Басты қимылдар сагитталды (алдыңғы-арткы) біліктің айналасында
бүғананы көтеріп-түсіру және вертикалды біліктің - бүғананы алға және
артка қарай қозғау - айналасында жасалады. Бүл айтылғандардан басқа
қолдарды иық буынында бүгіп, жазғанда қосыла бүғананың өз білігін
айнала қозғалуы мүмкін. Бұғанамен бірге жауырын да қозғалады, демек,
тиісті жақтағы бүкіл иық белдеуі қозғалысқа келеді. Атап айтқанда,
жауырын жоғары және төмен, алға және артқа қарай қозғалады,
ақырында, жауырын алдыңғы-артқы білігі айналасында бұрыла алады,
соның өзінде оның төменгі бұрышы, қолды горизонталды деңгейден
жоғары көтерген кездегі сияқты, сыртқа қарай ығысады.
91 - с у р е т. Төс-бүғана буыны,
art. stemoclavicularis; алдынан қарағандағы
көрінісі (оң жағындағы буын ашылған).
1 - discus articularis; 2 - capsula articularis; 3 - lig. interclaviculare; 4 - lig.
stemoclaviculare anterius; 5 lig. costoclaviculare; 6 - clavicula; 7 - costa I;
8 - manubrium stemi.
187
9 2 с у р е т. А к р о м и о н б ұ ғ а н а буы н ы , art. acromioclavicularis',