Оқулық Түзетілген және толықтырылган екінші басылым 1-кітап алматы, 2004 ббк28. 86 я 73 р 12



Pdf көрінісі
бет226/342
Дата16.09.2022
өлшемі23,05 Mb.
#149688
түріОқулық
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   342
Байланысты:
анатомия

у 
p e 
t

Иык буыны, 
art.
humeri
(фронталды жазықтықтағы 
кесіндісі).
1 - processus coracoideus; 2, 5 ten­
do m. bicipitis brachii (caput longum); 
3 - cavitas glenoidalis; 4 
capsula 
articularis; 6 
vagina synovialis 
intertuberalis; 7 - caput humeri; 8 - lig. 
coracohumerale.
189


жұмсартатын шеміршекті буын ернеуі, labrum glenoidale, жатады. Иық 
буынының қапшығы жауырында буын ойығының сүйекті жиегіне бекіп, 
әрі иық басын қаусырып, анатомиялық мойында аяқталады. Иық 
буынының қосалқы байламы ретінде құстұмсықты өсінді негізінен 
шығатын және буын қапшығына қосылып-өрілетін тығыздау талшық- 
тар шоғыры, lig. coracohumerale, болады. Жалпы алғанда иық буынында 
нағыз байламдар жоқ, ол иық белдеуі бұлшықеттерімен бекиді. Бұл 
жағдай бір жағынан дұрыс сияқты, өйткені еңбек ету мүшесі ретіндегі 
қолдың қызметі үшін қажет иық белдеуінің кең қозғалыс-қимыл 
жасауына себебін тигізеді. Екінші жағынан, иық буынындағы әлсіз 
беку, онда буын тайып кетуінің көп болуына себеп болады.
Буын қапшығын ішінен астарлайтын синовиалды қабық буыннан 
тыс екі томпақ түзіледі. Олардың біріншісі, vagina sinovialis intertu- 
bercularis, sulcus intertubercularis-те жататын екібасты бұлшықеттің 
ұзын басының сіңірін қоршайды, ал басқа томпақ, bursa m. subscapularis 
subtendinea, m. scapularis-тің үстіңгі бөлімінің астында орналасқан.
Иық буыны нағыз көпбілікті шартәрізді буындасу ретінде аса 
қозғалмалы. Қимыл үш негізгі білік айналасында жасалады: фронталды, 
сагитталды және вертикалды. Сондай-ақ айналмалы қозғалыс та 
(циркуляция) жасалады. Фронталды білікті айнала қол бүгіп, жазылады. 
Сагитталды білікті айнала қол әкетіліп, әкелінеді. Вертикалды білік 
айналасында қол сыртқа (супинация) және ішке қарай (пронация) 
айналады. Жоғарыда айтылғандай, қолды бүгу және көтеру иық 
деңгейіне дейін ғана мүмкін, өйткені одан арғы қимыл буын қапшы- 
ғының керілуінен және жауырын акромионы мен lig. coracoacromiale 
түзетін күмбезге тоқпан жіліктің жоғарғы шетінің тірелуімен тежеледі. 
Егер қолдың қозғалысы горизонталдыдан жоғары жалғаса беретін 
болса, онда бұл қимыл енді иық буынында жасалмайды, бүкіл қол иық 
белдеуімен бірге қозғалады, бұл кезде жауырынның төменгі бұрышы 
алға және латералды жаққа қарай ығыса бұрылады.
Адам қолы барынша еркін қозғала алады. Қолдың босауы адам 
эволюциясы үрдісіндегі ең еркін буынға айналады. Соның нәтижесінде 
біз денеміздегі кез келген жерді қолмен ұстай аламыз және еңбек үрдісі 
кезінде қол ұшымен барлық бағытта қимыл жасай аламыз.
Иық буынының артқы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   342




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет