Шынтак буынындағы козғалыстар екі түрлі. Біріншіден, онда білек
фронталды білік айналасында бүгіліп әрі жазылады. Бүл козғалыстар
шынтак жіліктің тоқпан жілік шығыршығымен буындасқан жерінде іске
асады, бүл кезде кәрі жілік те capitulum бойымен сырғанай қозғалады.
Фронталды білік айналасында козғалыс көлемі 140° тең.
Екінші қозғалыс кәрі жіліктің вертикалді білікті айналуы түрінде
тоқпан-кәрі
жілік буынында, сондай-ақ проксималды және дисталды
кәрі-шынтақ жілік буындарында жасалады, сөйтіп, бүлар үйлесімді
айналмалы буындар болып табылады. Кәрі жіліктің төменгі шеті кол
үшымен байланыста болғандықтан, олардың
қимылы бір-біріне тәу-
елді. Кәрі жілік бүрыш жасай шынтак жілікті киып, ал қол үшы сырт
жағымен алға қараған (қол төмен түсіп түрғанда) қозғалысты пронация,
pronatio, деп атайды. Білектің екі сүйегі де бір-біріне параллель орна-
ласып, ал қол үшы алақан жағымен алға қарай бүрылатын (пронацияға
қарама-қарсы) қозғалыс супинация, supinatio, деп аталады.
Білек
пронациясы мен супинациясы кезіндегі қозғалыс көлемі шамамен 140°.
Жануарларда бастамасы ғана болған білек сүйектерінің пронация
мен супинацияға қабілеті ағашқа өрмелеп, үстау қызметінің артуына
байланысты приматтарда жетіле түсті, дегенмен тек адамда ғана еңбек
етудің әсерімен ол барынша дамыды.
Шынтақ буыны аймағының рентгенограммаларында
тоқпан жілік-
тің дисталды бөлімі мен білек сүйектерінің проксималды бөлімдерінің
бір уақыттық кескіндері алынады. Артқы және бүйір суреттерде бүл
бөлімдердің жоғарыда сипатталған барлық бөлшектері көрінеді. Бүйір
суретте trochlea мен capitulum humeri бір-біріне қабаттасады да, соның
салдарынан бұл түзілістердің көлеңкелері қабаттасқан дөңгелектер
тәрізді болады.
Articulatio humeroulnaris, articulatio humeroradialis, art.
radioulnaris proximalis-тердің “рентгендік буындық саңылаулары”
жақсы көрінеді.
Артқы рентгенограммада тоқпан-кәрі жілік буыны саңылауы
айырықша айқын білінеді, бүйір суретте ұзына бойы тоқпан-шынтақ
жілік буын саңылауы байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: