Оқулық Түзетілген және толықтырылган екінші басылым 1-кітап алматы, 2004 ббк28. 86 я 73 р 12


Арқаның вентралді текті терең бұлшықеттері



Pdf көрінісі
бет269/342
Дата16.09.2022
өлшемі23,05 Mb.
#149688
түріОқулық
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   342
Байланысты:
анатомия

Арқаның вентралді текті терең бұлшықеттері.
1. Қабырғаларды көтеретін бұлшықеттер, 
mm. levatores costarum,
омыртқаның бағанасына қарай ығысқан, сыртқы қабырғааралық 
бұлшықеттердің бұлшықет будаларына ұқсас. Ол тек кеуде бөлімінде 
болады және m. erector spinae-нің астында жайғасады. Аттарына қарай 
алғанда бұл бұлшықеттердің қабырғаларды көтеруші ретіндегі әрекеті 
онша емес; олар негізінен омыртқа бағанасын бүйір жаққа қарай 
қисайтуға қатысады.
2. Вентралді текті бұлшықеттерге мойын омыртқалары қабыр- ға- 
лардың рудименттері, алдыңғы төмпешіктерінің арасында (
mm. inter-
transversarii anteriores cervicis
) және бел омыртқаларының көлденең
248


125 - с у р е т. Ш ү й д е асты ны ң ж ә н е м ой ы н н ы ң артқы айм ағы н ы ң т ер ең
бұ л ш ы қ ет т ер і.

ш . rectu s c a o itis p o sterio r m ajor; 2 - m. rectu s c a p itis p o sterio r m inor;
3 - m. o b liq u u s c a p itis superior; 4 - m. o b liq u u s c a p itis inferior;

m m . m u ltifid i; 6 - m . lo n g is s im u s ca p itis.
өсінділерінің арасында 
{mm. intertransversarii laterales lumborum

бүлшықет будалары түрінде орналасқан қабырғааралық бұлшыкет- 
тердің қалдықтары да жатады.
Арқаныц шандырлары. 
М. trapezius және m. latissimus dorsi-нің 
сыртқы беті жүқа беткей шандырмен жабылған, ол мойынның артқы 
бөлігінде едәуір қалыңдау келеді (fascia nuchae, шүйде шандыры). Бүл 
шандырдан басқа, арқада тереңдеу жатқан және арқаның аутохтонды 
бүлшықет жиынтығын бет жағына қарай жақын жаткан бүлшық- 
еттерден бөлетін баска да шандыр бар (арқаның терең немесе меншікті 
шандыры). Ол кеуде-бел шандыры, fascia thoracolumbalis, деп аталады.
249


Онда екі жапырақшаны ажыратады: беткей немесе артқы және терең 
немесе алдыңғы. Беткей жапырақша жамбастан басқа дейін созылады; 
медиалды жағынан ол қылқанды өсінділермен бітісіп-өседі, ал 
латералды жағынан қабырғаға ауысады. Fasciae thoracolumbalis-тің 
терең жапырақшасы бел омыртқалардың көлденең өсінділерінен 
басталып, оларға жоғарғы және төменгі жағынан бекиді. Латералды 
жаққа қарай бағыт алған терең жапырақша fasciae thoracolumbalis m. 
erector spinae-нің алдыңғы бетін жауып, оның латералды жиегі бойымен 
жоғарғы жапырақшаға қосылады. Сөйтіп, терең аутохтонды бұлшық- 
еттер тұйық сүйекті-фиброзды қынапта, ал m. erector spinae-нің 
бастапқы бөлігі фиброзды қынапта орналасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   342




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет