медиалды жол бұлшықеттері); ал бір бөлігі ұзын бұлшықеттер түзу
үшін өзара қосылып-байланысады (латералды жол).
Басты ң және
імойынның қайы с бұлш ықеттері,
mm. splenius
capitis et cervicis,
бес төменгі мойын және алты кеуде омыртқаларының
қылқанды өсінділерінен басталады; бұлшықеттің бастық бөлігі, ш.
splenius capitis, linea nuchae superior мен емізіктәрізді өсіндіге, ал
мойындық бөлігі, m. splenius cervicis, ІІ-ІІІ мойын омыртқаларының
көлденең өсінділеріне бекиді.
Қызметі.
Бір бұлшықет жиырылғанда бас
жиырылған жаққа қарай
бұрылады, ал екі бұлшықет жиырылғанда бас артқа қарай шалқайып,
омыртқа бағанасының мойындық бөлімі жазылады.
Л атералды жол. Оған тән белгі - бұлшықеттердің омыртқалардың
көлденең өсінділері мен қабырғаларға немесе олардың рудименттеріне
бекуі.
1. О м ы ртқа баганасын тікейтетін бұлш ықет,
т. erector spinae,
сегізкөзден, бел омыртқаларының қылқанды өсінділерінен, мықын
қырынан, crista іііаса, және fascia thoracolumbalis-тен басталады (124-
сурет). Осы жерден бұлшықет шүйдеге
дейін созылып, бекитін жеріне
байланысты 3 бөлікке бөлінеді:
а) қабырғаларға - m. iliocostalis, мықын-қабырға бұлшықеті (ш.
erector spinae - латералды бөлігі);
ә) көлденең өсінділерге - m. longissimus, аса ұзын бұлшықет (т .
erector spinae-нің ортаңғы бөлігі) және processus mastoideus (бас
бөлімі);
б) қылқанды өсінділерге - m. spinalis, қылқанды бұлшықет (m. erec
tor spinae - медиалды бөлігі).
2. Екі көрші омыртқаның көлденең өсінділері арасындағы
жекелеген будалар да латералды жолға жатады: олар омыртқа
бағанасының ең қозғалғыш бөлімдерінде - мойын (mm. intertransversarii
posteriores cervicis) және бел (mm. interiransvrsarii medialis lumborum)
бөлімдерінде айқын байқалады.
Медиалды жол. Бұл жолдың
бұлшықеттері латералды жол
бұлшықеттерінің астында жатады. Олар төменде жатқан омыртқа-
лардың көлденең өсінділерінен жоғарыда орналасқан омыртқалардың
қылқанды өсінділеріне қарай бағытталған жекелеген будалардан
тұрады, осыдан m. transversospinalis деген жалпы атпен аталған.
Бұлшықеттер неғұрлым беткей орналасса, соғұрлым олардың жолы тік,
әрі ұзын. Осыған сәйкес, мынадай бөлімдер ажыратылады: беткей қабат
- жартылай қылқан бұлшықет, m. semispinalis, оның будалары 5-6
омыртқадан асып өтеді; ортаңғы қабат - көп бөлінген бұлшықеттер, mtn.
multifidi, олардың будалары 3-4 омыртқаны асып өтеді;
терең қабат -
айналдырғыштар, mm. rotatores, бір омыртқа арқылы немесе көрші
омыртқаға өтеді. Сондай-ақ шекаралас омыртқалардың қылқанды
өсінділерінің арасында орналасқан бүлшықет будалары, қылқанаралық
246
124 с у р е т. Арқаның терең бұлшықеттері: сол жағында омыртқа бағанасын
тікейтетін, оң жағында көлденең - қылқан бұлшықет орналасқан.
1 - ш. semispinalis capitis; 2 m. longissimus capitis; 3 - m. Iliocostalis
cervicis; 4 - m. longissimus thoracis; 5 - m. iliocostalis dorsi; 6 - m. iliocostalis
lumborum; 7 - m. erector spinae (бөлінгенге дейін); 8 m.
spinalis thoracis;
9 - m. semispinalis thoracis; 10 m. semispinalis cervicis;
11 - m. longissimus cervicis.
247
бұлшықеттер де, mm. interspinales, медиалды жолға жатады. Бұлар
омыртқа бағанасының ең қозғалғыш
мойын және бел бөлімдерінде
жақсы дамыған.
Омыртқа бағанасының ең қозғалғыш жері - оның шүйдемен
буынында, m. transversospinalis
айрықша дамыған; ол бұл жерде екі
қиғаш және тік - 4 жұп бұлшықеттен тұрады; олар m. semispinalis және
т . longissimus астында орналасады.
Қиғаш бұлшықеттер жоғарғы және төменгі болып бөлінеді.
Жоғарғы қиғаш бұлшықет, m. obliquus capitis superior, ауыз
омыртқаның көлденең өсіндісінен linea nuchae inferior-re қарай
шығады. Бастың төменгі қиғаш бұлшықеті, m. obliquus capitis inferior, II
мойын омыртқаның қылқанды өсіндісінен I мойын омыртқаның
көлденең өсіндісіне қарай шығады. Тік бұлшықеттер үлкен
және кіші
болып бөлінеді (125-сурет). Бастың артқы тік үлкен бұлшықеті, т .
rectus capitis posterior major, II мойын омыртқаның қылқанды
өсіндісінен linea nuchae inferior-re бекиді. Бастың артқы тік кіші
бұлшықеті, m. rectus capitis posterior minor да сол сызыққа I мойын
омыртқаның tuberculum posterius-ынан келеді. Біржақты жиырылғанда
олар бастың сәйкес жаққа бұрылуына, ал екіжақты жиырылғанда оның
артқа қарай шалқаюына қатысады.
Арқаның аутохтонды бұлшықеттерінің бәрінің жалпы қызметі - бұл
бұлшықеттер тұлғаны жазады (тіктейді). Бұл бұлшықеттер бір жағында
сол жақтағы бүккіш бұлшықеттермен
бір мезгілде жиырылғанда
омыртқа бағанасын және онымен қоса тұлғаны өз жағына қарай
қисайтады. Аутохтонды бұлшықеттердің қиғаш будалары, rotatores,
multifidi, омыртқа бағанасын айналдырады. Бұлшықеттің бассүйекке
жақын жатқан жоғарғы бөлімдері бастың қозғалыстарына қатысады.
Терең арқа бұлшықеттері тынысалу қозғалыстарына да қатысады. М.
iliocostalis қабырғаны түсіреді; ал жоғарғы бөлігі оны көтереді. М.
erector spinae омыртқа бағанасы жазылған кезде ғана емес, тұлға
бүгілген кезде де жиырылып, қозғалыстың
бірқалыпты болуын
қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: