ОРГАНИЗМНІҢ ТҰТАСТЫҒЫ
Организм
дегеніміз - өзін-өзі қайталап жасауға, өздігінен дамуға
және өзін-өзі басқаруға қабілеті бар тірі биологиялық біртұтас жүйе.
Организм түрлік жағынан өзін бірыңғай тұтас нәрсе ретінде көрсетеді.
Организмнің тұтастығы, яғни оның бірігуі (интеграциялануы):
1) организмнің барлық бөлшектерінің (жасуша, тін, ағза, сұйықтар т. б.)
қосылуымен; 2) организмнің барлық бөліктерінің: а) оның тамыр-
ларында, қуыстары мен кеңістіктерінде айнала агып жататын сұйық-
тардың (гуморалдық байланыс, humor - сұйықтық); ә) организмнің
барлық үрдістерін реттейтін нерв жүйесінің көмегі арқылы байла-
нысуымен қамтамасыз етіледі. Әлі нерв жүйесі жоқ қарапайым,
біржасушалы организмдерге (мысалы, амебалар) байланыстың тек бір
ғана түрі - гуморалдық байланыс тән. Нерв жүйесінің дамуымен
байланысты - гуморалдық және нервтік байланыстар пайда болып,
жануарлардың құрылысы күрделеніп, нерв жүйесі дамыған сайын
“денені меңгеріп”, әрі организмнің барлық үрдістерін, оның ішінде
гуморалдық үрдістерді де өзіне бағындырды. Нәтижесінде нерв
жүйесінің жетекшілік рөлімен бірыңғай нейрогуморалдық реттелу
құралды.
Сөйтіп өзінің тарамдары арқылы дененің барлық ағзалары мен
тіндерін
торлап
өтетін
және
гуморалдық
байланыспен
бірге
организмнің бірыңғай тұтас нәрсеге бірігуінің (интеграцияның)
материалдық анатомиялық субстраты болып табылатын нерв жүйесінің
қызметі арқылы организмнің тұтастығына қол жетеді.
Екіншіден, организмнің тұтастығы оның вегетативтік және
анималдық үрдістерінің бірлігімен қамтамасыз етіледі.
Үшіншіден, организмнің тұтастығы рух пен дененің, психика мен
сомалық дененің бірлігінде. Идеализм жанды дербес және таныл-
майтын деп санап, жанды денеден бөледі. Диалектикалық материализм
денеден бөлінген психика жоқ деп есептейді. Психика ойлау кабілеті
бар ең жоғары дамыған және ерекше ұйымдасқан материяның
көрінісі болып табылатын мидың денелік ағзаның қызметі болып
табылады.
Достарыңызбен бөлісу: