Алғашқы кезде мезенхима трофикалық қызмет атқарып, қоректік
заттарды ұрықтың түрлі бөліктеріне өткізсе, кейін одан қан мен қан
жасаушы тіндер, лимфа, қантамырлары, лимфа түйіндері, көкбауыр
дамиды.
Склеротомдар
мен
тері
табақшаларының
бұрын
аталған
туындыларынан басқа мезенхимадан: а) жасушааралық заты мен
жасушаларының сипаты және мөлшері жағынан өзгешеленетін
талшықты дәнекер тіндер (сіңірлер, буын қапшықтары, шандырлар
және т. б.); ә) шеміршектер мен сүйектер, тегіс салалы бұлшықет пайда
болады.
5.
Достарыңызбен бөлісу: