Оқулық Түзетілген және толықтырылган екінші басылым 1-кітап алматы, 2004 ббк28. 86 я 73 р 12



Pdf көрінісі
бет56/342
Дата16.09.2022
өлшемі23,05 Mb.
#149688
түріОқулық
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   342
Байланысты:
анатомия

Аллантоис
 
немесе несеп қапшығы пішіні жағынан шұжыққа 
ұқсайды 
және 
аты 
осыған 
байланысты 
алынған 
(allantoys, 
грекше-шұжық), күрделі омыртқалылар мен адамда маңызды рөл 
атқарады. Ол зәр шығару қызметімен байланысты, онда алмасу 
өнімдері - несеп қышқыл тұздары жиналады.
Адамдарда бұл ұрықтан тыс ағзаның энтодермалық бастамасы 
редукцияға ұшырап, бірақ оны қоршаған үрықтан тыс мезенхимада 
кіндік бауы қантамырларына айналатын қантамырлар күшті дамиды. 
Филогенездік тегі жағынан кеш дамыған аллантоистық қанайналым 
шеңбері ұрықтың зат алмасуын қамтамасыз етеді, аллантоистың кейін 
иеленген жаңа маңызы осында.
Сарыуыз қапиіыгы
 
жұмыртқаларында сарыуыз түрінде қоректік 
заттардың қоры болмайтын барлық жануарларда ұрықтың қоректік 
ресурсы ретіндегі маңызын жоғалтқан. Сарыуызды қапшық ка- 
бырғасының мезенхимасында алғашқы қантамырлар пайда болады, 
алайда плаценталық жануарлар мен адамда сарыуызды қанайналым 
шеңбері едәуір редукцияланады.
Адамда сарыуыз қапшығының пайда болуының филогенездік мәні 
бар. Атап көрсетілгендей, адам мен адамтәрізді маймылдар үшін 
ұрықтан тыс бөліктердің: қағанақ, сарыуыз қапшығы, сондай-ақ 
трофобластың тым ерте және күшті дамуы тән болып табылады. Адамда 
да барлық басқа жануарларға қарағанда үрықтан тыс мезодерма күшті 
дамиды. Осының арқасында ұрықтың қалыптасуы басталғанға дейін-ақ, 
эмбрионның дамуын қамтамасыз ететін ұрықтан тыс қүрылымдар 
дамиды.
Организмнің қурсақтан тыс даму кезеңдері.
 
Нәрестенің туылуын, 
оның дамуындағы диалектикалық секіріс деп қарастыруға болады, ол
52


ананың күрсагына тән түракты жағдайлары бар бір ортадан сырткы 
дүние факторлары үдайы өзгеріп отыратын баска ортаға тап болады.
Зат алмасудын сапасы да, оны іске асыратын ағзалар да өзгереді. 
Қүрсақтағы кезеңде қоректену мен тынысалу ананың каны мен 
плацента арқылы жүреді (плаценталык канайналым). Қүрсактан тыс 
кезеңде бүл үрдістер жаңа туған баланың аскорыту және тынысалу 
ағзалары арқылы атқарылады. Өкпенің іске косылуы нәтижесінде 
плаценталық қанайналым өкпелік қанайналымға ауысады.
Жеке дамудың (онтогенездің) толык циклін екі кезеңге бөледі:
1. Қүрсақішілік (пренаталды) кезең.
2. Қүрсақтан тыс (постнаталды) кезең.
Құрсақішілік кезең екіге бөлінеді:
1. Эмбриондық кезең (алғашқы 8 апта), бүл кезде дененің ересек 
адамға тән ағзалары мен бөліктері қалыптасады.
2. Феталды - қүрсақтағы нәрестелік кезең, бүл кезде ол үлкейіп өсіп, 
ағзалардың түзілуі аяқталады. Қүрсақтан тыс кезеңде (туғаннан кейін) 
адам өмірі жас бойынша былай бөлінеді (Педагогика гылымдары 
академиясының мәліметтері бойынша): I II
1. Жаңа туған нәресте
- 1-10 күн.
2. Емшектегі бала
- 10 күн-1 жас.
3. Балғын балалық шақ
- 1-3 жас.
4. Алғашқы балалық шақ - 4-7 жас.
5. Екінші балалық шақ
- 8-12 жас (ер балалар), 8-11 жас (кыз 
балалар).
6. Жасөспірім шақ
- 13-16 (ер балалар), 12-15 жас (қыз 
балалар).
7. Жастық шақ
8. Толысқан шақ:
- 17-21 (бозбалалар), 16-20 жас (бой 
жеткендер).
I кезең - 22-35 (ерлер), 21-35 жас (әйелдер);
II кезең 36-60 (ерлер), 36-55 жас (әйелдер);
9. Тоқтасқан (мосқал тартқан) шақ - 61 -74 (ерлер), 56-74 (әйелдер).
10. Қарттық шақ 
- 75-90 (ерлер мен әйелдер).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   342




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет