Оқулық Түзетілген және толықтырылган екінші басылым 1-кітап алматы, 2004 ббк28. 86 я 73 р 12



Pdf көрінісі
бет54/342
Дата16.09.2022
өлшемі23,05 Mb.
#149688
түріОқулық
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   342
Байланысты:
анатомия

Агзалар (органогенез)
мен 
тіндердің (гистогенез) дамуы.
Органогенез - ағзалардың анатомиялық жағынан қалыптасуы. Ол жеке 
жүйелер анатомиясын баяндағанда сипатталады. Дамып келе жатқан 
жасушалар мен тіндердің морфологиялық, физиологиялық және 
биохимиялық арнаулы қасиеттерге ие болуы гистологиялык диф- 
ференциациялану деп аталады, ал ересек организм тініне тән 
қасиеттердің даму үрдісі “гистогенез” деген терминмен атау қабыл- 
данған. Үрықтың дифференциациялануымен, яғни ұрық жапырақша- 
ларының біршама біртекті жасушалық материалынан барған сайын 
ағзалар мен тіндердің әртекті бастамаларының пайда болуымен 
қатарласа интеграция, яғни бөліктердің үйлесімді, біртұтас нәрсеге 
бірігіп дамуы күшейеді.
Алғашқы кезде бұл бірігу жасушалардың биохимиялық әсері 
жолымен іске асырылады, ал кейін біріктіруші қызметті нерв жүйесі 
мен оған бағынышты эндокриндік бездер атқарады.
Даму әрі қарай жүрген сайын ұрықта болып жатқан өзгерістер 
көбірек, бірақ жалпы алганда тым баяу қарқынмен оның бөліктерінің 
ара 
қатынастарын 
анықталып-тұрақталған 
күйге 
жақындатады. 
Үрықтың құрсақта дамуының екі айының соңында басы шамадан тым 
үлкен (мидың күшті дамуына байланысты), жамбасы тым кішкене, 
аяқтары қысқа болады. ¥ры қ дамуының 5 айлығында бас іштегі 
нәрестенің денесінің жалпы ұзындығының 
73
 
бөлігін, ал 10 айлығында 
*/4 бөлігін құрайды (29 - сурет).
Құрсақта өсу қарқыны, туғаннан кейінгіге қарағанда әлдеқайда 
жоғары болады. Егер зигота, жаңа туған бала және ересек адамның 
салмақтарын салыстыратын болсақ, онда жаңа туған нәрестенің 
салмағы зиготаның салмағынан 32000000 есе көп екен, ал ересек 
адамның салмағы жаңа туған баланың салмағынан 20 - 25 есе ғана асып 
түсетінін көреміз. Соның өзінде мынаны да ескеру кажет: ұрықтанудан 
бала туғанға дейінгі небары 9 ай, ал туғаннан бастап ересек болғанға 
дейін шамамен 20 жылдай уақыт өтеді.
Үрықтық бастамалардан пайда болатын үрық тіндері мен ағзалары 
оларда гистологиялык дифференциациялану пайда болысымен арнаулы 
қызмет атқаруын бастайды. Бұл түрлі ағзалар үшін түрлі мерзімде
50


29 - с у р е т. Дамудың түрлі сатыларындагы үрық пен үрық 
қабықшаларының орналасуы.
a 2-3 апта; б 4 апта: 1 - амнион куысы; 2 - эмбрион денесі; 3 - сарыуыз 
қапшығы; 4 - трофобласт; в 6 апта; г - 4-5 айлык іштегі нәресте:
1 эмбрион денесі; 2 - амнион; 3 - сарыуыз қапшығы; 4 - хорион;
5 - кіндік бауы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   342




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет