Эмбриология



Pdf көрінісі
бет366/383
Дата04.10.2022
өлшемі74,12 Mb.
#151686
түріОқулық
1   ...   362   363   364   365   366   367   368   369   ...   383
Байланысты:
Афанасьев Гистология

Аралық қабат
жетілмеген коллаген талшыктары мен дифференциялануға 
ұшырап, өмір сүруін токтаткан дентинобласттарды алмастыратын ұсак жасу- 
шалардан тұрады.
Орталық қабат
босаң жаткан жасушалардан, талшыктардан және кан 
тамырларынан кұралады. Бүл кабаттын жасушалык кұрамының арасын- 
да адвентициальды жасушаларды, макрофагтарды және фибробласттарды 
ажыратады. Жасушалардың арасынан аргирофильді талшықтармен коса 
коллаген талшыктары да байкалады. Пульпада эластикалык талшыктар 
табылган жок.
Тістің пульпасы тіс тіндерінің коректенуіне жауапты. Пульпаның оталуы 
зат алмасу үдерістерін күрт тежеп, тістің жетілуін, өсуін және тіс тіндерінін 
регенераниясын (калпына келуін) бұзады.
Тіс-кызыл иектік косылыс. Tie жак сүйегі альвеоласында периодонттың 
көмегімен және көпкабатты жазык эпителийдін тіс мойыны кутикуласымен 
бірігуі аркасында бекиді.
Периодонт
(перицемент), 
негізінен 
горизонтальды 
және 
киғаш 
бағытталған, коллаген талшыктарынын жуан шоғырларынан тұратын тығыз 
дәнекер тіннен кұралады. Периодонт тісті жак сүйегінін куыстарында тек 
бекітіп кана тұрмайды, ол шайнау кезіндегі кысымда амортизациялайды, со- 
нымен катар, көптеген рецепторлык аяктамалардын болуына байланысты 
рефлексогенді аймак болып табылады.
Кызыл иектің эпителиі
көпкабатты жазык мүйізденетін болып келеді, 
әсіресе вестибулярлык беткейінде. Альвеоланың сүйек үсті кабығымен тығыз 
бірігіп кеткен, дәнекер тіннен тұратын меншікті табакша эпителийдің астын- 
да орналаскан. Қызыл иекте бездер болмайды. Тістің беті мен кызыл иектін 
араларында, түбі эмаль мен цементтің бірігетін деңгейінде орналаскан, калта 
болады.
Тіс-кызыл иектік косылыстың тұтастығынын бұзылуы, онын жұкпалануына 
(инфекцияның түсуіне) және кабынуына әкелуі мүмкін.
Тамырлануы және жүйкеленуі. Тістін түбірінде орналаскан негізгі 
және косымша каналдар аркылы тістін куысына тамырлар (жоғарғы жак 
артериясынын тармактары) және жүйкелер (үшкіл жүйкенін тармактары) 
кіреді. Артериялар тістің түбіріне бір немесе бірнеше тарамдар түрінде енеді. 
Пульпада бір-бірімен косылыстар түзейтін кылтамырларға тармакталған 
олар, әрі карай көктамырға жинакталады. Пульпада аздаған мөлшерде лимфа 
кылтамырлары аныкталады.
Тістің пульпасында жүйкелер екі өрім кұрайды: терен орналаскан өрім 
көбінесе миелинді талшыктардан, ал жоғары орналаскан өрім — миелинсіз 
талшыктардан 
кұралған. 
Пульпанын 
ренепторларының 
терминалды 
тармактары бір мезгілде пульпанын дәнекер тінімен және тамырларымен бай- 
ланысуы жиі байкалады (поливалентті рецепторлар). Дентинобласттар үшкіл 
жүйкенің көптеген жінішке аяктамаларымен шырмалған.
Дентиннін сезімталдығынын табиғаты туралы сұрактың толык шешімі 
әлі жок. Бұл түтікшелердін бастапкы бөліктерінде жүйкелік аяктамалардын 
ара-кідік табылуына карамастан (16.16-сурет), зертгеушілердін көбі жүйкелік


566
16-Тарау. Ас қорыту жүйесі
аяктамалардың дентин түтікшелеріне 
енуі туралы 
мәліметтерді жокка 
шығарады.
Ауырсынудын пайда болуында
мүмкін, дентин түтікшелерінің ішкі 
бөліктерінде орналаскан жүйкелік 
аяктамалардын 
гидродинамикалык 
тітіркену механизмі (дентин түтік- 
шелерінде 
айналымда 
жүрген 
сұйыктык. бағанынын кысымының 
сезімтал 
нейрондардың 
терми- 
нальдарына берілуі) белгілі кызмет 
аткаратын шығар.
Адамның 
жасына 
байланы- 
сты өзгерістері. Баланын өмірінің 
алғашкы 
12—15 
жылында 
сүт 
тістердің түпкілікті тістерге ауысуы 
дәйектілікпен жүзеге асады. Бірінші 
болып үлкен азу тіс (бірінші моляр), 
содан сон — орталык және бүйір 
күрек тістері, 9—14 жаста — премо- 
лярлар мен иттістер, тек 20-25 жаста 
ғана «акыл тіс» жарып шығады.
Адамнын жасына жас косылған 
сайын біртіндеп тістердің химиялык 
кұрамы мен кұрылысында да өзгерістер жүзеге асады. Олардын шайнау 
беттеріндегі эмаль мен дентин үгітіледі. Эмаль күнгірттенеді де, жарылып, 
онда минеральданған өңез шөгеді. Эмальдың, дентиннің және цементтін 
күрамындағы органикалык коспалардың мөлшері азайып, бейорганикалык 
заттардың үлесі артады. Осыған байланысты эмальдың, дентиннін және 
цементтің суға, иондарға, ферменттерге, нәруыздарға және т.б. заттарға 
өткізгіштігі өзгереді. Адамның жасы ұлғайған сайын жаңа дентиннің түзелуі 
түгелге дерлік токтайды, ал тіс түбірінде цементтің мөлшері жоғарылайды. 
Адамның 
жасы 
ұлғайған 
сайын 
тіс 
пульпасының 
тамырларының 
склеротикалык өзгерістерінін әсерінен коректенудің нашарлауы нәтижесінде 
пульпа семуге (атрофияға) ұшырайды. Сонымен бірге, ондағы жасушалык 
элементтердің саны азаяды. Дентинобласттарда жасуша органеллаларынын 
едәуір бөлігінін кері дамуы (редукциясы) байкалып, жасушанын пиноцитоздык 
белсенділігі төмендейді. Дентинобласттар дентиноциттерге айналады. Колла­
ген талшыктары дөрекіленеді. 40—50 жастан соң периодонттағы тамырларда 
склероздык өзгерістер жиі байкалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   362   363   364   365   366   367   368   369   ...   383




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет