5 7 2
16-Тарау. Ас қорыту жүйесі
меншікті табакшасындағы ұсак көктамырлар торынан көктамырлык әкету
ағыны басталады. Бұл көктамырлар канды шырыш асты негіздің көктамырлык
өріміне, ал одан әрі адвентициальдык кабыкшаға апарады. Өңештін лимфа
жүйесі — шырышты кабыкшаның меншікті табақшасында, шырыш асты
негізде және бұлшык етті кабыкшада орналаскан лимфа кылтамырларының
торы, сондай-ак шырыш асты негізбен бұлшык, етті кабықшада (кейде
адвентициальдык кабыкшада) орналаскан лимфа тамырларының өрімдері
түрінде болады. Шырыш асты лимфа өрімі — лимфаның өңештен ағып
шығатын негізгі жолы болып табылады.
Жүйкеленуі. Интрамуральдык жүйке аппараты өзара байланысты төрт
өрімнен күралған: өңештін ортанғы және төменгі үштен бірінде жаксы
жетілген адвентициальдык өрім, бұлшык етті кабыкшанын бетінде орнала-
сып, өңештің жоғары бөліктерінде ғана жаксы жетілген субадвентициальдык
өрім, айналмалы және бойлай бұлшык ет кабаттарынын арасында жатып,
кұрамында ірі жүйке түйіндері бар кең иірімді өрім кұрайтын әр түрлі көлемді
жүйке талшыктарынан тұратын бұлшык ет аралык өрім, өңештін өн бойында
қоныстанып, тармакталған жерлерінде үсак жүйке түйіндері жататын жүйке
бағандарының жүйесінен тұратын шырыш асты өрімі. Бұлшык ет аралык өрім
бәрінен де куатты. Сезімтал жүйке аяктамалары, немесе ұштары, өңештін
бүлшык ет тінінде, шырышты кабыкшаның эпителиі мен дәнекер тінінде,
шырыш асты негізде орналаскан бос және капсуламен капталған шумактар,
бұтакшалар, бұтак тәрізді тармактар түрінде көрінеді. Интрамуральдык ган-
глийлерде капсуламен капталған ірі көлемді шумак тәрізді рецепторлар
байкалады, олар баро- және механорецепторлар болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: