574
16-Тарау. Ас қорыту жүйесі
Астың химиялык өнделуін аткарумен катар, асказан организм үшін
маңызды тағы баскадай кызметтерді де аткарады. Асказаннын механикалык
кызметі асты асказан сөлімен араластырудан және өнделген асты он екі елі
ішекке жылжытуынан тұрады. Қызметті аткаруға асказаннын бұлшык еті
катысады. Асказаннын кабырғасында тамакпен бірге түсетін Вр дәруменінің
сінірілуіне септесетін антианемиялык фактор түзіледі. Бұл фактор жок болған
жағдайда, адамда катерлі каназдылык дамиды. Асказан кабырғасы аркылы
су, спирт, тұз, кант және сол тәрізді т.б. заттардың сіңірілуі жүреді. Сонымен
катар асказан экскреторлык кызметті де аткарады. Асказан кабырғасынан
нәруыз алмасудың біркатар акырғы өнімдері бөлінеді (аммиак, несепнәр және
баскалар), бұл кызмет әсіресе бүйрек аурулары кезінде айкын көрініс табады.
Асказаннын
эндокриндік
кызметі біркатар биологиялык белсенді заттардың —
гастриннің, гистаминнің, сератониннің, мотилиннін, энтероглюкагонның
түзілуімен белгіленеді. Бұл заттар асказаннын безді жасушалары мен ас
корыту жолының баска да бөлімдерінің моторикасына және секреторлык
белсенділігіне ынталандырушы немесе тежеуші ыкпал жасайды.
Дамуы.
Асказан кұрсакішілік дамудың 4-ші аптасында пайда болады, ал
2-ші айдың ішінде оның барлык негізгі бөлімдері калыптасады. Асказаннын
біркабатты бағаналык эпителиі ішек түтігінің энтодермасынан пайда болады.
Асказан шұнкырлары үрыктын дамуынын 6— 10-шы аптасында түзіледі, ал
бездер асказан шұнкырларының түбінде бүршіктер түрінде каланады да, жай-
ыла өсіп, сәл кейініректе шырышты кабыкшаның меншікті табакшасынан
орын алады. Ең әуелі оларда — париетальдык жасушалар, одан соң — басты
және шырышты жасушалар пайда болады. Дәл осы мезгілде (6—7-ші апта) ме-
зенхимадан алдымен — бүлшык етті кабыкшаның айналмалы кабаты, содан
кейін — шырышты кабыкшанын бұлшык ет табакшасы дамиды. 13—14 аптада
бүлшықетті кабыкшанын сырткы бойлай және, одан сәл кейінірек, ішкі киғаш
кабаты түзіледі. Мезотелий спланхнотомнын висцералды жапыракшасынан
дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: