Эмбриология


16.2 1-сурет. Асқазанның меншікті бездерінің ультрамикроскопиялық құрылысы



Pdf көрінісі
бет373/383
Дата04.10.2022
өлшемі74,12 Mb.
#151686
түріОқулық
1   ...   369   370   371   372   373   374   375   376   ...   383
Байланысты:
Афанасьев Гистология

579
16.2 1-сурет. Асқазанның меншікті бездерінің ультрамикроскопиялық құрылысы 
(Р. В. Крстич бойынша, өзгерістерімен): 1 — бездіңсаңылауы; 2 — мойын мукоциті; 
3 — париеталды экзокриноциттер; За — жасуша ішілік түтікшелер; 4 — басты экзо- 
криноциттер; 5 — эндокриноциттер; 6 — қылтамыр; 7 — жүйке талшығы
түзу мен жинаудың белсенді фазасында бұл жасушалар үлкен көлемді болып, 
онда зимоген түйіршіктері жаксы аныкталатындығы белгілі болды. Секрет 
бөлінген соң жасушаның көлемі мен түйіршіктердің мөлшері олардың цито- 
плазмасында әжептәуір азаяды. Кезбе жүйкенің тітіркенуі кезінде жасушалар 
пепсиногеннің түйіршіктерін тез сыртқа шығара бастайтыны эксперимент 
жүзінде дәлелденген.
Париетальды
(сырттан қурсаулаушы) 
экзокриноцшптер
(exocrinocyti
parietales)
басты және шырышты жасушалардан сыртка карай орналасады 
және олардың базальды бөліктеріне тығыз жанасып жатады (16.21-суретті 
караңыз). Олар басты жасушалардан үлкенірек, кисык пішінді болады. па­
риеталды жасушалар жеке-жеке орналасады және негізінен бездің денесі


580
16-Тарау. Ас қорыту жүйесі
мен мойыны аймағында орналасады. Бұл жасушалардың цитоплазмасы өте 
оксифилді. Әрбір жасушада пішіні дөнгелек болып келген, онын ортасында 
орналаскан бір немесе екі ядро аныкталады. Жасушалардын ішінде, күрамын- 
да көптеген микробүрлері және үсак везикулалары мен тубуловезикулярлык 
жүйені калыптастыратын түтікшелері бар, СІ тасымалында маңызды кызмет 
аткаратын, жасушаішілік секреторлык түтікшелер (
canaliculis intracellulares)
орналасады. Жасушаішілік түтікшелер басты және шырышты жасушалардын 
араларында орналасып, бездін саңылауына ашылатын жасуша аралык 
түтікшелерге ұласады (16.21-суретті караныз). Жасушалардын апикальды 
бетінен көптеген микробүрлер шығады. Париеталды жасушаларға көптеген 
митохондриялардың болуы тән. Асказанның меншікті бездерінін париеталды 
жасушаларының кызметі Н+-иондарын және хлоридтерді өндіру болып табы- 
лады, олардан кейін түз кышкылы түзіледі. Париеталды жасушалар сонымен 
бірге В|2 дәруменінің аш ішекге сіңірілуіне кажетті Кастлдың ішкі факто- 
рын да өндіреді. Жасушалардын базальды бөлігінде бикарбонат синтезделіп, 
бөлінеді. Ол кан тамырлары аркылы үстіңгі немесе беткейлік мукоциттер- 
ге жеткізіледі де, сініріледі және жасушаның апикалды беткейіне бөлініп 
шығады. Бұл жерде тұз қышкылының бейтараптандырылуы іске асырылады. 
Бикарбонатты кабаттың күйретілуі (алкогольмен, кейбір дәрілік препараттар- 
мен) асказанның эпителиоциттерінің ошакты өлуіне әкеледі.
Моиын шырыш жасушалары
меншікті бездердің тек мойын аймағында ғана 
орналасады. Ядролары әдетте, жайпақтанған, кейде кисык үшбүрыш пішінді 
болады, жасушаның түбінде орналасады. Жасушалардын апикальды бөлігінде 
секреторлык түйіршіктер болады. Мойындык жасушалар бөлетін шырыш 
негізгі бояулармен нашар боялады, бірак муцикарминмен жаксы айкында- 
лады. Асказанның үстінгі жасушаларымен салыстырғанда мойындык 
жасушалардын көлемдері кішіректеу және кұрамдарында шырыш тамшы- 
ларының мөлшері едәуір аз болады. Олардын өнімі кұрамы жағынан аска- 
заннын безді эпителийі бөліп шығаратын мукоидті секреттен өзгеше болады. 
Аз дифференцияланған мойындык жасушаларда, фундальды бездін баска жа- 
сушаларындай емес, керісінше, митоз көріністері көбірек байқалады. Бүл жа­
сушалар бездердің секреторлык эпителиінің де, асказан шұнкырларының 
эпителиінде де регенерациясының көзі болып табылады деп есептеледі.
Меншікті бездердің денесінде, базальды бөлігінде күнгірт ядросы бо- 
латын, шырышты жасушалар ажыратылады (16.21 -суретті караныз). Бұл 
жасушалардын апикалды бөлігінде көптеген дөңгелек немесе сопакша 
түйіршіктер, аздаған митохондриялар және Гольджи кешені болады. Бұл жа­
сушалар кейіннен басты экзокриноциттерге айналатын өтпелі жасушалар түрі 
ретінде карастырылады.
Унитарлык теория бойынша эпителиоциттердің даму көзі бездің мой- 
ынында орналаскан дің жасушасы болып табылады, ол дивергентті диффе- 
ренцировка жолымен үстіңгі, шұнкыршалык, шырышты, париеталды және 
басты экзокриноциттердін, эндокриноциттердің жасушалык дифферондарын 
түзеуді камтамасыз етеді. Эндокринді жасушалар төменіректе сипатталған.
Пилорикалық бездер (gll. pyloricae)
асказанның он екі елі ішекке өтер 
тұсында орналаскан ( 16.22-сурет). Олардың саны шамамен 3,5 миллионға


16.3. Ac қорыту жүйесінің ортаңғы және артқы бөліктері
581
жетеді. Пилорикалык бездер меншікті бездерден бірнеше белгілерімен ажы- 
ратылады: олар сиректеу орналаскан, көбірек тармакталған, саңылаулары 
кен, пилорикалык бездердің көпшілігінің париетальдык жасушалары бол- 
майды.
Пилорикалык бездердіи аяккы бөлімдері кұрылысы бойынша негізінен 
асказанның меншікті бездерінің шырышты жасушаларын еске түсіретін жасу- 
шалардан кұралған. Олардың ядролары жайпактанған, жасушалардың түбіне 
карай орныккан. Ариайы бояу әдістерін колдану кезінде жасушалардың ци- 
топлазмасында шырыш аныкталады. Пилорикалык бездердің жасушаларын- 
да дипептидазалар мол болады. Пилорикалык бездердің бөліп шығаратын 
өнімдері сілтілік реакция береді.
Пилорикалык бөліктің шырышты кабыкшасының күрылысында біркатар 
ерекшеліктер болады: асказан шүңкыршалары бұл жерде, асқазанның 
денесімен салыстырғанда, тереңірек және шырышты кабыкшаның енінің 
жартысына жуығын алып жатады ( 16.22-суретті караңыз). Асказаннан шыға 
берісте бұл кабыкшада жаксы ажыратылатын айналмалы (сакина тәрізді) 
катпар болады, ол пилорикалык жүмның бар екенінің белгісі болып табылады. 
Жұм асказанның бұлшык ет кабыкшасының айналмалы бағытта орналаскан 
жазык миоциттерінің шоғырларынан кұралады. Жұм астын асказаннан 
ішектерге түсуін реттейді.
Кардиалды бездер
(
gll. cardiacae
) аяккы бөлімдері өте тармақталған 
карапайым түтікшелі бездер. Бүл бездердің шығару өзектері (мойын- 
дары) 
кысқа, 
призмалык 
жасушалармен 
капталған. 
Жасушалардың 
ядролары жайпактанған, жасушалардың түбінде орныккан. Олардың ци- 
топлазмасы ашык түсті. Муцикарминмен арнайы бояу кезінде жасушалар- 
да шырыш аныкталады. Шамасы, бұл бездердің секреторлық жасушалары 
асказанның пилорикалык бездерін және өңештің кардиалды бездерін жауып 
тұратын жасушаларға ұксас. Бұл жасушаларда да дипептидазалар аныкталган. 
Кардиалдык бездерде басты және париеталды жасушалардың аздаған мөлшері 
кездеседі.
Асқазан — ішек эндокриноциттері (endocrinocytigastrointestinales).
Асказан- 
да морфологиялық, биохимиялык және кызметтік белгілеріне орай эндо- 
криндік жасушалардың бірнеше түрлері ажыратылады.
ЕС-жасушалар — эндокриноциттердің ен көбі болып, бездердің денесі мен түбі 
аймағында басты жасушалардын араларында орналасады. Бұл жасушалар серотонин 
және мелатонинді бөліп шығарады. Серотонин ас корыту ферментгерінің бөлінуін, 
шырыштың өндірілуін, бұлшык еттің жиырылу белсенділігін арттырады. Мелатонин 
функционалдык белсенділіктің фотомерзімділігін реттейді (яғни жарык циклінің 
әсеріне тәуелді). G -жасушалар (гастрин өндіруші) да көп және негізінен пилорикалык, 
сондай-ак кардиальдык бездерде кездесіп, олардын денесінде және түбінде, кей кез- 
де мойын аймактарында орналасады. Олардын бөліп шығаратын гастрині — басты 
жасушалардын пепсиноген бөлуін, париетальдык жасушалардын тұз кышкылын 
өндіруін күшейтіп, сонымен бірге асказан моторикасына да ыкпалын тигізеді. Асказан 
сөлінің гиперсекрециясы кезінде адамда G -жасушалардын саны көбейеді. Бұл жасуша­
лар, гастриннен баска, эндогендік морфиндердін бірі болып табылатын энкефалинді


5 8 2
16-Тарау. Ас қорыту жүйесі
де бөліп шығарады. Оған ауыру медиаци- 
ясы кызметін таңады. Р-, ECL-, Д -, Д 
А- жәме X жасушалардың саны аздау.
Р-жасушалар 
бомбезинді 
өндіреді, 
ал ол туз к.ышк.ылы мен ферментке бай 
панкрсаттык сөлдің бөлінуін ынталан- 
дырады, әрі от калтасынын тегіс бұлшык 
етінін 
жиырылуын 
тездетеді. 
ECL- 
жасушалар (энтерохромаффинге уксас) 
пішіндерінін 
әркилылығымен 
және 
негізінен фундальды бездердін денесі 
мен түбінде орнығуымен сипатталады. 
Бұл жасушалар хлоридтерді өндіретін 
гіариеталды жасушалардың белсенділігін 
реттейді. Д- және Д -жасушалар негізінен 
пилорикалык бездерден табылды. Олар 
белсенді 
полипептиттерді өндірушілер 
болып табылады. Д — жасушалар нәруыз 
синтезін тежейтін соматостатинді бөледі. 
Д ^жасуш алар кан тамырын кенейтіп, 
артерия қысымын төмендететін, сондай- 
ак ұйқы безі гормондарының бөлінуін 
куаттайтын вазоинтестинальдык пептидті 
(ВИП) 
түзейді. А-жасушалар глюкагонды 
өндіп шығарады, яғни кызметі жағынан 
ұйкы безі аралшыктарының эндокринді 
А-жасушаларына ұксас болады.
Асказанның 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   369   370   371   372   373   374   375   376   ...   383




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет