Эмбриология



Pdf көрінісі
бет59/383
Дата04.10.2022
өлшемі74,12 Mb.
#151686
түріОқулық
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   383
Байланысты:
Афанасьев Гистология

жасуша
ішілік регенерация (қалпына келу)
деп аталады.
Егер бүл жасушалардың барлык касиеттері толығымен калпына кел- 
се, репарация толық болады немесе толык емес болады. Акырғы жағдайда 
закымдаушы фактордың әсері токтатылғаннан кейін жасушанын біркатар 
кызметтері калпына келеді, бірак, біраз уакыттан кейін жасуша, ешбір


4.5. Жасушалардың өлімі
109
әсердін ыкпалынсыз, өзі опат болады. Бұл жағдай, әсіресе, ядронын 
закымдануларында жиі байкалады.
Жасушалардың сырткы және организм ішілік факторлармен закымдану- 
лары олардың зат алмасуының реттелуінің бұзылыстарына әкелуі мүмкін. Бұл 
мезгілде біркатар жасушалык косындылардын каркынды түрде корланып, 
коймалануы немесе керісінше, резорбциясы өтеді. Сонымен коса, жасуша 
мембранасының өткізгіштік касиетінің бұзылыстарын да байкауға болады, ол 
мембраналык органеллалардың вакуолденуіне себеп болады. Патологиялык 
анатомияда жасуша кұрылымдарының мұндай өзгерістерін дистрофиялар деп 
атайды. Мысалы, майлы дистрофияларда жасушаларда май қосындылары 
жинакталады. Өзгеріске ұшыраған жасушалардың цитоплазмасында көп 
кабатты мембраналык кыртыс түрінде аныкталатын липопротеидтік кешендер 
жиынтығы жиі аныкталады. Қанттардың алмасуын реттеу үдерісінің бүзылуы 
гликогеннің патологиялык корланып, жинакталуына (көмірсулык дистрофия) 
әкеледі, бүл гликогенді ыдыратушы ферменттің (глюкозо-6-фосфатазаның) 
жеткіліксіздігінің салдары болуы мүмкін. Жануарлардың өзгеріске ұшыраған 
жасушаларында әр түрлі пигменттердің, нәруыз түйіршіктерінің (нәруыздык 
дистрофия) және т.б. жинакталуы жүреді.
Реттеу үдерістерінің патологиялык бұзылысының ерекше түріне ма- 
манданудын бұзылуы жатады, оның бір көрінісі катерлі ісіктердің өсуі 
болып табылады. Ісік жасушалары көбеюінің токтаусыздығымен және 
шексіздігімен, дифференцировка деңгейінің бұзылуымен, жасуша кұры- 
лысының өзгеруімен, организмнің реттеу ыкпалынан салыстырмалы 
дербестігімен, метастаз беруге кабілеттілігімен сипатталады. Осы касиет- 
терінің бәрін ісік жасушалары ұрпактан ұрпакка сактап отырады, яғни 
катерлі ісіктік белгілері бұл жасушалардың тұкым куалаушы ерекшелігі 
болып табылады. Сондыктан обыр жасушаларын өзгерген гендік кұры- 
лымы бар мутанттарға жаткызады, өйткені тек генотиптің өзгерісі 
ғана келесі ұрпакка акаулы (реттеу тұрғысынан) мәліметті үнемі беріп оты- 
руды камтамасыз етуі мүмкін.
Қайтымсыз закымдар кезінде жасушалар опат болады. Жасуша өлімі 
кезіне аныктама беру өте киын (тұтас организмнің өлуі кезіндегідей), 
өйткені өлу бір сәттік күбылыс емес, ол үдеріс болып табылады.
4 .5 . ЖАСУШАЛАРДЫҢ ӨЛІМІ
Жасушалардын өлімінің негізгі екі морфологиялык түрін — некрозды және 
апоптозды ажыратады (4.31-сурет).
Некроз 
негізінен, 
мембраналардың 
өткізгіштігіне 
немесе 
жасу­
ша энергетикасына тура немесе жанамалай эсер ететін әр түрлі сырткы 
факторлардың, химиялык немесе физикалык әсерінен пайда болады. Осы 
барлық жағдайларда жасуша кызметінің және кұрылымының бүзылуының 
бірсарынды дәйектілігі байкалады. Жасушада иондык кұрамның өзгеруінің




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   383




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет