Ж А Л П Ы Г И С Т О Л О Г И Я
5-Тарау
ЖАЛПЫ
ГИСТОЛОГИЯНЫҢ НЕГІЗГІ
ҰҒЫМДАРЫ
Тін — эволюция барысында калыптаскан организмнің жеке жүйесі, барлык
элементтерінін бірігіп, кызмет аткаруынын негізінде арнайы кызметтер
аткаруға кабілетті жасуш&тардың бір немесе бірнеше дифферонынан және
олардын туындыларынан тұрады.
5 .1 . ТІН ЖҮЙЕ
РЕТІНДЕ
Тіндердің кайсысы болсада — күрделі жүйе, олардың элементтері — жа-
сушалар және оның туындылары. Тіндердің өздері де морфофункционалдык
бірліктердің элементтері, ал морфофункционалдык бірліктер мүшелердің
элементтерінің кызметін аткарады. Жоғары дәрежелі жүйелерге катысты (біз-
дің жағдайда — организмге) төменгі дәрежелі жүйелер жекелей карастырылса,
онда тіндер туралы да жеке жүйелер түрінде айту кажет.
Кез келген жүйеде барлык элементтер кеңістікте реттеліп орналасады және
өзара келісімді
кызмет аткарады; сонымен катар, тұтас жүйе толығымен оның
элементтерінің біріне де тән емес касиеттерге ие. Соған сәйкес әрбір тіннің
кұрылысы мен кызметтері оның кұрамына кіретін
жекелеген жасушалар мен
оның туындыларының касиеттерінің карапайым жиынтығы болып табылмай-
ды. Тіндер жүйесінің негізгі элементтері жасушалар болып табылады. Жасу-
шалардан баска, жасушалык туындыларды (жасушадан кейінгі күрылымдар
мен симпласттарды) және жасуша аралык затты ажыратады (5.1-сызбанұска).
Жасушалык кұрылымдардың арасында,
тіндерден тыс карастырылсада,
толығымен тіршілік касиеттеріне ие (мысалы, көбеюге, закымдалғанда
калпына келуге кабілетті және т.б.) және де тіршілік қасиеттеріне толық ие
емес кұрылымдарды ажыраткан орынды. Жасушадан
кейінгі кұрылымдар
соңғы топка жатады.
Жасушалык кұрылымдар, алдымен, жеке өмір сүруші жасушалар түрінде
қарастырылуы мүмкін, олардың әрқайсысының меншікті ядросы және
меншікті цитоплазмасы болады. Мүндай жасушалар
бір ядролы немесе көп