Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Мембрананың тосқауылдық қызметінің бҧзылыстары



Pdf көрінісі
бет261/599
Дата12.10.2022
өлшемі6,76 Mb.
#152853
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   599
Байланысты:
Жалпы патфиз

Мембрананың тосқауылдық қызметінің бҧзылыстары. 
Қанықпаған май қышқылдары асқын тотығып кетуден 
мембрананың тҧтқырлығы кӛтеріледі, қимылдық қозғалыстары 
азаяды. Асқын тотығулық «кластерлер» деп аталатын, 
мембранада тесіктер пайда болады. Осыдан мембрананың 
ӛткізгіштігі кӛтеріледі, жасуша ішінде және сыртындағы 
иондардың қалыпты арақатынасы ӛзгереді, иондық дисбаланс 
дамиды. Жасуша ішінен калий иондары сыртқа шығып, натрий 
иондары ішіне тҥседі. Натрий иондарымен бірге су енеді, 
сӛйтіп жасуша ішінде ісіну пайда болады. Бҧлшықет 
жасушаларының ішіне кӛптеп Са
2+
иондары кіруден олардың 
сіресіп қалуына әкелетін қатты жиырылулары болады. Жасуша 
іші мен сыртында иондардың арақатынасы бҧзылудан қозымды 
тіндерде 
мембраналық 
потенциал, 
әрекеттік 
потенциал 
бҧзылады. Осыдан миокард жасушалары бҥлінгенде ЭКГ-де, ми 
нейрондары 
бҥлінгенде 
ЭЭГ-да, 
бҧлшықет 
жасушалары 
бҥлінгенде электромиографияда (ЭМГ) ӛзгерістер пайда 
болады.
Сонымен бірге Са
2+
иондары кәлмодулинмен байланысып, 
фосфолипаза, қышқыл протеаза ферменттерін әсерлейді. 
Осылардың нәтижесінде кері айналып соғу шеңбері бойынша 
жасуша мембранасының қызметтері бҧзылуын одан сайын 
кҥшейтеді. Мембрана ӛткізгіштігі кӛтерілуіне байланысты 
жасуша ішіндегі ферменттер сыртына шығып кетеді, жасуша 


317
аралық сҧйықтармен қанға тҥседі. Мәселен, бауыр, жҥрек 
жасушалары мембраналарының ӛткізгіштігі жоғарылауынан 
қанда 
аспартатаминотрансфераза, 
алатаминотрансфераза, 
лактатдегидрогеназа, 
креатинфосфокиназа 
т. 
б. 
ферменттердің деңгейлері кӛтеріледі. Бҧлшықет жасушалары 
мембраналарының ӛткізгіштігі кӛтерілуінен қанда миоглобин 
кӛбейеді. Бҧлардың қандағы деңгейін анықтау клиникада 
дертті аңғару ҥшін кеңінен қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   599




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет