Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


астениялық, нормостениялық



Pdf көрінісі
бет99/599
Дата12.10.2022
өлшемі6,76 Mb.
#152853
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   599
Байланысты:
Жалпы патфиз

астениялық, нормостениялық
және 
 гиперстениялық 
– деп ҥш тҥрге ажыратты.
Астениялық дене бітімі бар
адамдардың кеудесі ҧзын, 
ашаң, тӛс етегі шеміршектерінің бҧрышы сҥйір, салмағы 
жеңіл, денесінде тҥзілістік ҥрдістер ыдырау ҥрдістерінен 
кем болады. Олардың жҥрегінің кӛлемі кішкене, ӛкпесі ҧзын 
және ҥлкен, оның тіршіліктік сыйымдылығы жоғары, ішек-
қарны қысқа, кӛгеті тӛмен орналасқан, бауыры мен бҥйрегі 
тӛменірек ығысқан, артериалық қан қысымы тӛмен, қанында 
гемоглобин азырақ, ішек-қарынның қимылдық әрекеттері 
әлсіз, бҥйрек ҥсті бездерінің қызметі тӛмен болады.
Гиперстениялық дене бітімі бар
адамдарда толықтыққа 
бейімдік айқын кӛрінеді, аяқ-қолдары қысқа, кеудеден 
қҧрсақ аумағы басым, тӛс етегі шеміршектерінің бҧрышы 
доғал, кӛгеті жоғары орналасқан, жҥрегінің кӛлемі ҥлкен 
және ол кӛлденең орналасады, қолқасы кең, ӛкпесі келте, 
қарны кӛлемді, ішектері ҧзын болады. Бҧндай адамдардың 
денесінде тҥзілістік ҥрдістер ыдырау ҥрдістерінен артық 
болады. Олардың қанында эритроциттердің, гемоглобиннің, 
қанттың, холестериннің, зәр қышқылдарының мӛлшерлері 
қалыпты деңгейлерінің ҥстіңгі шектерінде байқалады. 
Артериалық қан қысымы жоғары, ішек-қарынның қимылдық 
әрекеттері кӛтеріңкі деңгейде болады. 
Нормостениялық дене бітімі 
жоғарыда кӛрсетілген екі 
тҥрлерінің аралық тҥріне жатады. 


117
Гиперстениялық дене бітімді адамдар зат алмасу 
ауруларымен, ӛт-тас ауруларымен, атеросклерозбен, жҥрек-
қан тамырларының басқа да ауруларымен жиі ауыратыны 
белгілі. 
Астениялық дене бітімді адамдарда ӛкпе туберкулезі, 
асқазан мен ҧлтабардың ойық жарасы, гипотензия, Аддисон 
ауруы т.б. жиі кездеседі.
Дегенмен жоғарыда келтірілген дене бітімінің тҥрлері 
таза кҥйлерінде сирек байқалады. Олардың араласқан 
тҥрлері жиірек кездеседі. Осыған байланысты организм 
ағзаларын біріктіретін белгілі физиологиялық жҥйелердің 
ерекшеліктеріне қарай дене бітімдерінің жіктелулері пайда 
болды. А. А. Богомолец осы негізде организмде дәнекер 
тіндік физиологиялық жҥйеге зор мән берді. Ол осы жҥйенің 
даму 
ерекшелігіне 
қарай 
дене 
бітімін 
астениялық, 
фиброздық, липоматоздық және пастоздық деп ажыратты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   599




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет