Пјнніҫ мақсаты: Стилистика жоәары оқу орындарыныҫ қазақ филологиясында кҙп жылдардан бері пјн ретінде ҙткізіліп келеді



Pdf көрінісі
бет37/50
Дата17.10.2022
өлшемі0,63 Mb.
#153337
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   50
Байланысты:
Адамбаева Г.М. «Қазақ тілінің стилистикасы» пәні бойынша

назар аударайық
(І жақ) 
деп қолдануда үлкен мән бар. 
Етістіктің кӛсемше категориясының да экспрессивтілікті тудыруда стильдік 
қызметі кең. Мәселен, Абай ойды бейнелі жеткізуде, портрет жасауда, 
психологиялық хал-ахуалды суреттеуде осы тұлғаларды образды етістіктерді 
шоғырлап қолданды. 
«Болыс болдым мінекей» деген ӛлеңінде болыс, пысықтардың портретін 
жасауда жалпылдап, барқылдап, шаңқылдап, тарпылдап, дікілдеп, ӛкімдеп, 
күпілдеп, шыбындап, жымыңдап т.б.- кӛсемше тұлғалы етістіктер орынды 
жұмсалған. 
Кейбір етістік тұлғалары сұрыпталып, белгілі бір стиль түрлерінде ғана 
жұмсалады, сол стильдің ӛзіндік белгілері болып табылады. Ырықсыз етіс 
тұлғасындағы ӛткен шақ етістіктер – іс қағаздары стильіне тән (қол қойылды, 
ӛтініш берілді, іс қаралды т.т), -сын, -сін бұйрық рай тұлғасы ресми стильге тән 
ерекшелік болып табылады. 
2) Үстеулердің стилистикалық мәнін олардың грамматикалық формалары 
анықтайды. Қазақ тіліндегі үстеулер – қимылдың, іс-әрекеттің әр түрлі 
белгілерін жүзеге асу тәсілін, мекенін, мезгіл, жай-күйін білдіретін сӛздер, бұл 
сӛздер әр стильде ӛзінің белгілі стильдік салмағымен ерекшеленіп отырады. 
Сӛйлемде пысықтауыш қызметін атқаратын етістікпен жанасып, кейде сын 
есім, кейде үстеу түрінде келетін сӛздер табиғатын талдау оңайлыққа түспейді. 
Үстеулердің стилистикалық мәні мен мағынасын кӛрсетуде оны жеке-дара 
алып қарағаннан гӛрі басқа сӛз таптарымен селбестіре қарастыру арқылы 
стилистикалық 
мүмкіндіктерін 
ашуымызға 
болады. 
Функциональдық 
стильдердегі үстеулердің мезгілдік, мкендік, мӛлшерлік, кӛлемдік түрлері мен 
сын-бейне үстеулерінің стильдік мәні айрықша. Адресант қабылдаушысын, 
адресатын бей-жай қалдыра алмайды, ӛз сӛзінде стилистикалық белсенділігін 
әр уақытта кӛрсетіп отырады. Үстеулердің бір ерекшелігі мынада: сын есімнен 
оның шырай жұрнақтары арқылы жасалынған негізгі үстеулер де ӛзінің 
эмоционалдық күш-қуаты жағынан басқа сӛз таптарынан қалыспайды. 
БАҚ тіліндегі 
Бүгін
Алматыда 10 градус жылы немесе 35 градус нӛлден 
тӛмен. 
Кеше 
Алматыда кататэден халықаралық жарыс ӛткізілді деген сияқты 
мезгілдік үстеулер оқиғаларлың арқауы болатын сәттерінде қабылдаушыны 


44 
елең еткізері анық. Ресми стильде мезгіл, мекен үстеулері айғақты,, дәлелді 
деректемелер үшін соны сипаттап, дәлелдеп кӛрсетуде үлкен стильдік 
сұранысқа ие бола алады. 
Бірде үстеулік, бірде сын есім қатарынан орын алатын мағыналық реңкі 
контексте орын алатын мағыналық реңкі контексте байқалатын үстеулердің де 
стильдік бояуы адресанттың қолданыс аясына тікелей байланысты болып 
келеді. 
Ол ұзақ сӛйледі
немесе 
жол ұзақ сияқты
сӛйлемдерде үстеулердің әуені 
бірдей емес. Қыстың ұз-а-а-а-қ кеші (О.Бӛкей). Соңғы сӛйлем кӛркем әдебиет 
стиліне тән болғандықтан, автордың шеберлік стилінде ерекше эмотивті мәнге 
ие болған. Ол кӛркем мәтіндегі бітпейтін уақыт категориясын кӛрсетуді мақсат 
етеді. 
3) Одағай сӛздер адамның кӛңіл-күйін, сезімін білдіреді, жеке тұрып 
лексикалық мағына бере алмаса да, олар саны жағынан ӛте мол, семантикалық-
стилистикалық құбылуы ерекше сӛздер қатарынан орын алады. «Ӛмір ай, ой, 
аһ, уһ, фу, тфу деген алты-ақ одағайдан тұрады»,- деп Бальзак айтқандай, 
одағайдың стилистикалық салмағы контекс пен ситуацияда жеке тұлғаның 
когнитивті шынайылығының нақты мәнін баяндап береді. Семантикалық реңкі 
мол болғандықтан, стилистикалық мән мән мен мазмұнға ӛте бай болып келеді. 
Одағайлардың қолданылуы контекске әрі ситуацияға қатысты. Айналадағы 
қоршаған зат пен құбылысқа қатысты адамның кӛңіл-күйі сезімге толы болады. 
Олар жағымды және жағымсыз болып келеді, бірақ осылардың ӛзі де 
айтушының интонациясына немесе мәтіндегі басқа тілдік бірліктермен 
тіркескенде әр түрлі мағыналық реңкке ие болады. Жағымды, жағымсыз 
эмоцияның ӛзі іштей түрленіп отырады, бірле стильдік ӛңі солғын, бірде бояуы 
тым қалың да болуы мүмкін. 
Басқа сӛз таптарына қарағанда одағайлар ғылыми және ресми стильде
кездеспейді, тіпті белгілі дәрежеде үлес салмағы жоқ деуге болады. 
Мысалы ә одағайы – айтылу ситуациясына қарай кӛп мағыналы одағайға 
жатады. Бірде сұрақ мәнін берсе, бірде қостау мәнін береді. 
4) Еліктеуіш сӛздер қазақ тілінің ұлттық дүниетанымының негізгі басты 
қасиеттерін анықтайды. Олар - кӛне тілдік қор, бейнелі кӛркемдік қасиеті, 
стильдік мәнері арқылы ұлт тілінің нақышты шұрайлы бӛлігі болып табылады, 
сондықтан оны стилистикалық тұрғыдан оның әлі ашылмаған ұлттық тілдің 
бояулы ӛрнегін стилистикалық тұрғыдан бағамдауға, түсінуге кӛмектеседі. 
Әсіресе, еліктеуіш сӛз дыбыс ұйқасымдылығына құрыла келіп, сезімді селт 
еткізер мәнерімен айрықша қолданыста жиі ұшырасады. Мысалы,
Ж
анарын-ай, жанары тамаша екен!
Жалт етіп тағы бір қараса екен,
Қыран баулап ӛсірген бала бүркіт!
Қандай ғана қазақтың баласы екен!
(М.Мақатаев). 
Осындағы адамның кӛз жанарының сӛзбен жеткізіп бере алмас сәулелі
нұрын адам жүрегіне шоқ тастар, сұлулыққа табынтып «жалт» етіп қарауы 
адресаттың үміт-тілегі бейнелеуіш еліктеуіш сӛзі арқылы әсерлі берілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет