ISSN 1607-2774
Вестник Государственного университета имени Шакарима города Семей № 4(92) 2020
287
туылған І-ші және ІІ-ші топтың қозылары, ІІІ-ші және ІV топтардағы тұстастарымен
салыстырғанда сойыс алдындағы салмағы бойынша тиісінше 5,6-6,2 және 1,3-1,9 кг, сойыс салмағы
бойынша тиісінше 3,1-3,5 және 1,0-1,4 кг, ұша салмағы бойынша тиісінше 3,7-4,0 және 1,4-1,7 кг
басым болған.
Түйін сөздер: ет өнімділіғі, тірілей салмағы, ұша салмағы, ұша шығымы, сойыс салмағы,
сойыс шығымы, экономикалық тиімділігі.
Республикамызда қой етін өндіру бағытында, әсіресе арзан және жоғары сапалы қозы
еті өндірісінің көзі ретінде, жергілікті жерде бұрыннан өсіріліп келінген, байырғы еділбай қой
тұқымдарын ерекше атауға болады. Етті-майлы қойлар жергілікті жерлердің табиғи-
климаттық ерекшеліктеріне, яғни көбінесе құрғақ далалы, шөлді және шөлейтті болып
келетін далалы өңірлердің жайылымдық жағдайларына өмір сүруге жақсы бейімделген.
Олар қарқынды өсіп-жетілу және жақсы май жинау қасиеттеріне ие. Еліміздегі ең жақсы етті-
майлы бағытындағы қой тұқымдарының қатарындағы еділбай қойлары жоғары салмақты,
мықты конституциялық типті, ерекше төзімділік қасиеттеріне ие және жыл бойына
жайылымдық жағдайда өсіруге бейімделген болып келеді [1-3].
Осындай маңызды қасиеттерінің бірі ретінде, қазақы
қойларының тез өсіп-жетілу
ерекшеліктерін де айтуға болады.
Негізінен жұмыстың тәжірибелік бөлігі Батыс Қазақстан «Шаруа» шаруа қожалығында
жүргізілді. Шаруашылықта мал тобын толықтыру көрсеткіші, аналық саулық және еркек
қошқарлар жеткілікті дәрежеде ірі, қошқарлардың тірідей салмағы 100 кг, ересек ана
саулықтар - 64,5-74,7 кг, бірінші тума ұрғашы қойлар – 56,0-58,5 кг болды.
Тәжірибеге сәйкес өнімділік сапасына байланысты саулықтар іріктеп алынып, төрт
топқа бөлінді, әр топ 25 бастан құралды. Бірінші топта – туу тегі жалқы қошқарлар және
жалқы саулықтар, ал екінші топта: тегі жалқы қошқарлар және туу тегі егіз саулықтардан,
үшінші топта тегі егіз қошқарлар және тегі жалқы саулықтардан, ал ақырғы топ тегі егіз
қошқарлар мен саулықтардан құралды.
Еділбай қойларын өсірудегі негізгі бағыт осы
малдардан алынатын ет өнімі
болғандықтан, олардың мөлшерін арттырумен бірге, сапалық құрамын жақсарту, өзіндік
құнын төмендету сияқты басты мәселелер назарда ұсталуы қажет [4-5].
Сондықтан қандай мерзімде қозыны сою шаруашылық үшін тиімді болатынын анықтау
қажеттілігі туындайды. Біздердің жүргізген тәжірибе жұмыстарымызда 4,5 және 7 айлық
қозыларды сою нәтижесі, топтар арасындағы малдардың жасына байланысты ет өнімділігі
жөнінде, белгілі бір пікір жасауымызға мүмкіндік туғызады. 4,5 айлық қозылар етінің сойыс
сапасын сараптау нәтижесінде, І-ші топтың қозылары басқа топтармен салыстырғанда алда
тұратындықтарын көрсетеді.
Осы топтың қозыларының сойыс алдындағы тірілей салмағы 37,7 кг құрап, ІІ; ІІІ және ІV
топтың қозыларымен салыстырғанда тиісінше 4,3; 4,9 және 5,0 кг басым болса, сойылғаннан
кейін де өз тетелестерінен, тиісінше 2,1; 2,4 және 2,5 кг артық ет алынған.
Қазіргі нарықтық экономика жағдайында шағындау болып келетін шаруашылықтар
үшін, неғұрлым аз шығын шығарып, сапалы және көп мөлшерде ет өндіру тиімдірек
болатыны белгілі.
Осы мәселені айқындау мақсатында 7 айлық қозылардың ет
өнімділік ерекшелігі
анықталды (1-кесте). Зерттеу нәтижесінде 7 айлық мерзімдерінде барлық көрсеткіштері
бойынша жас қошқарлардан туылған қозылар ет өнімділіктері бойынша басқа топтардың
малдарынан артық болатындықтарын көрсетеді (1-кесте).
Кесте 1 – 7 айлық қозылардың сойыс сапалары (n=3;Σ
n
=12)
Көрсеткіштері
Өлшем бірлігі
Тәжірибе мал топтары
І
ІІ
ІІІ
ІV
Тірілей салмағы
кг
43,7
39,4
38,1
37,5
Ұша салмағы
кг
21,7
19,4
18,0
17,7
Ұша шығымы
%
49,6
49,2
47,2
47,2
Сойыс салмағы
кг
18,5
16,4
15,4
15,0
Сойыс шығымы
%
42,3
41,6
40,4
40,0
Май салмағы
кг
3,2
3,0
2,6
2,7
Май шығымы
%
7,3
7,6
6,8
7,2
Оның ішінде: құйрық майы
кг
2,7
2,5
2,2
2,3
іш майы
кг
0,5
0,5
0,4
0,4
ISSN 1607-2774
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің хабаршысы № 4(92)2020
288
Мысалы, жас қошқарларды саулық қойларына жұптау нәтижесінен туылған І-ші және ІІ-
ші топтың қозылары, ІІІ-ші және ІV топтардың малдарымен салыстырғанда сойыс алдындағы
салмағы бойынша тиісінше 5,6-6,2 және 1,3-1,9 кг; сойыс салмағы бойынша тиісінше 3,1-3,5
және 1,0-1,4 кг; ұша салмағы бойынша тиісінше 3,7-4,0 және 1,4-1,7 кг басым болған.
Ет өнімділік көрсеткіштерін сараптау нәтижелері, жас қошқарларды саулық қойларына
жұптау (әсіресе 7 айлық мерзімдерінде) жақсы нәтиже беретіндіктерін көрсетеді.
Зерттеудің экономикалық тиімділігі етті-майлы қой шаруашында ет сатудан түскен таза
пайда көлемі артуы үшін олардың сапасын жақсартып, өнімділігін арттыру қажет. Сондықтан
біздердің ізденіс жұмыстарымыздың басты мақсаты, етті-майлы бағытында өсірілетін
қойлардың тез жетілу ерекшеліктерін пайдалану және оларды күтіп-бағуға кеткен шығын
көлемін азайту арқылы таза табыс көлемін арттырып, шаруашылықтың экономикалық
тиімділігін жақсарту болып табылды. Шаруашылықтарда неғұрлым аз шығынмен сапалы ет
өндірілсе, онда оның рентабельділік
көрсеткіші жоғарылап, экономикалық тиімділігі
артатыны сөзсіз.
Тәжірибе жұмыстарындағы әр түрлі мал топтарының экономикалық тиімділік
көрсеткіштері 2-кестеде берілген. Тәжірибе топтарынан өндіріліп алынған ет өнімдерінің
экономикалық тиімділік көрсеткіштерін сараптай келе (2-кесте) ет өндіруге кеткен шығын
барлық топтарда 4700-00 теңге, ал оның көтерме сауда бағасы да I, II, III және ІV топтарда
бірдей баға 1200,00 теңге екенін көреміз. Еттің шығымдылығына байланысты әр топтардағы
қойлардан түскен орташа таза пайда да әр түрлі – I-ші топта 21340; II-ші топта – 18580; III-ші
топта – 21600, ал ІV топта – 21240 теңге болған. Сондықтан І-ші топтағы малдан артық
өндірілген ет көлеміне (ІІІ ші топтан 3,7 кг және ІV-ші топтан 4,0 кг) байланысты, 1 қозыны
етке өткізуден түскен таза пайда, III-ші топтан 4440 және ІV топтан 4800 теңге көп таза пайда
алынған. Топтар арасында ет өндірудің экономикалық тиімділігін салыстыру нәтижесінде,
мұнда ең жоғарғы тиімділік көрсеткіші – 454%, I-ші топтағы малдарда.
Кесте 2 – 7 айлық қозылардан ет өндірудің экономикалық тиімділігі
Көрсеткіштер
Мал топтары
I
II
III
ІV
Сойыс алдындағы салмағы, кг
43,7
39,4
38,1
37,5
1 қозының ұша салмағы, кг
21,7
19,4
18,0
17,7
1 қозыны бағуға кеткен шығын,
теңге
4700-00
4700-00
4700-00
4700-00
1 кг етті сату бағасы, теңге
1200-00
1200-00
1200-00
1200-00
Бір қойдың етінің құны, теңге
26040
23280
21600
21240
Бір қойдан түскен таза пайда, теңге
21340
18580
16980
16540
Тиімділік деңгейі, %
454
395,3
359,5
351,9
Бұл ұсынылған әдісті етті-майлы бағытындағы қойларын өсірудегі қозы етін өндіру
бағытында пайдалану жақсы нәтиже беретінін дәлелдейді.
Батыс Қазақстан облысы «Шаруа» шаруа қожалығында өсірілетін еділбай қойларының
өнімділік
көрсеткіштерін
арттыру
бағытында
жүргізілген
ізденіс
жұмыстарының
нәтижелерінде төмендегідей тұжырымдар жасалды. Ет өнімділіктері бойынша 7 айлық
мерзімдерінде барлық көрсеткіштері бойынша жас қошқарлардан туылған қозылар ет
өнімділіктері бойынша басқа топтардың малдарынан артық болатындықтарын көрсетеді.
Мысалы, жас қошқарларды саулық қойларына жұптау нәтижесінен туылған І-ші және ІІ-
ші топтың қозылары, ІІІ-ші және ІV топтардағы тұстастарымен салыстырғанда сойыс
алдындағы салмағы бойынша тиісінше 5,6-6,2 және 1,3-1,9 кг; сойыс салмағы бойынша
тиісінше 3,1-3,5 және 1,0-1,4 кг; ұша салмағы бойынша тиісінше 3,7-4,0 және 1,4-1,7 кг басым
болған.
Әдебиеттер
1. Iskakov К., Kulataev B., Zhumagaliyeva G., Casanova Pere. Productive and Biological
Features of Kazach
Fine-Wool Sheep in the Conditions of the Almaty Region./Online Journal of Biological Science.2017. –
Vol.17 – Iss.3 – P.– 219-255.
2. Makhatov B.M., Seyitpan K.N., Kulatayev B.T. Improving the gene pool of modern sheep and goat breeds
of Kazakhstan // Collection of scientific works of the Stavropol Scientific and Research Institute of Livestock
and Feed Production. 2012. – Vol. 1, – N 5. – Р. 73-76.
3. Мүлік К., Искаков Қ., Шаугимбаева Н.Н., Құлатаев Б.Т. Қазіргі таңдағы шаруашылық жағдайдағы
қойларды азықтандыру мен күтіп-бағу ерекшеліктері // Агроөнеркәсіп кешенді дамытудың ғылым мен
білімнің басымды бағыттарының жаңа стратегиясы» Қазақ ұлттық ғграрлық университетінің 85-
ISSN 1607-2774
Вестник Государственного университета имени Шакарима города Семей № 4(92) 2020
289
жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. – Алматы, 2015.
– Б. 337-340
4. Zhumagaliyeva G.M., Kulatayev B.T. Productive and reproductive qualities of sheep of the kazakh fine-
wool breed. NEWS Of the national academy of sciences of the republic of Kazakhstan Series of agricultural
sciences. – Volume 6, Number 48 (2018), 81-86.
5. Zhumagaliyeva G. M., Shynybayev D.S., Kulataev B.T., Akimzhan N. Early Preliminary Assessment of
Breeding Qualities of South Kazakh Merino Sheep Breed. Global Veterinaria 13 (4): 462-466, 2014.
ПОКАЗАТЕЛИ МЯСНОЙ ПРОДУКТИВНОСТИ ЯГНЯТ ОПЫТНЫХ ГРУПП ЕДИЛБАЙСКИХ ОВЕЦ,
ВЫРАЩИВАЕМЫХ В КРЕСТЬЯНСКОМ ХОЗЯЙСТВЕ «ШАРУА»
Г.Е. Әбдіғалиева, Б.Т. Кулатаев, К.Х. Нуржанова
Достарыңызбен бөлісу: