53
Кіріспе
Қазіргі таңда қонақжайлылық индустриясы
- бұл ел экономикасының
ірі және тез дамып келе жатқан саласының бірі болып саналады. Кез-келген
мейманхана кәсіпорнында қонақжайлылық маңызды орын алады. Әлемдік
қонақжайлылық индустриясының даму тенденцияларына сәйкес бұл қызмет
түрінің көп табыс әкелетін және қарқынды өсіп
келетін салаға жататынын
тұжырымдауға болады.
Пәнді оқытудың мақсаты
-
мейманхана және мейрамхана
бизнесіндегі кең профильді мамандарды дайындау.
Пәнді оқытудың міндеті
- қонақжайлылық индустриясының болашақ
мамандарына теориялық және тәжірибелік дағдыларды үйрету.
Пәнді үйрену барысында
студент білім, ақыл, дағдыны игеру керек.
Студент теориялық пәнді игеру нәтижесінде
білуі тиіс
:
-
қонақжайлылық индустриясының кәсіпкерлік сала ретінде негізгі
түсініктері мен анықтамаларын;
-
мейманхана және мейрамхана шаруашылығының ұйымдық құрылымын;
-
қонақжайлылық индустриясының даму тарихын;
-
мейманхана кәсіпорынның құрылымын;
-
мейманхана бизнестің ұйымдық үлгілерін және түрлерін;
-
мейманхананың инженерлік-техникалық жабдықталуын;
-
әлемдік тамақтандыру индустриясы дамуының негізгі
сатыларын;
-
мейманхана бизнесіндегі персоналды басқару жүйесін;
-
қызмет көрсету мәдениетінің психологиясын;
-
мейманхана мен мейрамханадағы қызметкерге қойылатын негізгі
талаптарды.
Пәнді тәжірибелік оқытудың
нәтижесінде студент
қабілетті болуы тиіс:
- қонақжайлық индустриясының негізгі терминдер мен ұғымдарын ажыратуы
тиіс;
- мейманхана кәсіпорнының құрылымын анықтау;
- жіктелуіне сәйкес мейманхана
орнының құрамын анықтау;
- қонақжайлылық индустриясында басқару ерекшеліктерін анықтау;
- мейманханадағы (мейрамханадағы) қонақтарға
қызмет ету қағидаларын
белгілеу;
- мейманхана бизнесін ұйымдастыру моделдерін қарастыру;
- мейманхана және мейрамхана бизнесінде кәсіпорындардың өзара
қатынастарын бағалау;
-даяшылар, аспазшылардың біліктілік деңгейлеріне
сәйкес құқықтары мен
міндеттерінің айырмашылықтарын бөліп қарастыру.