басқа өрмекшітәрізділердей баскеуде және құрсақ бөлімдеріне бөлінбеген,
суда, топырақ арасында, жер бетінде
өз бетімен тіршілік етеді, сондай-ақ
жануарлар мен өсімдіктердің паразиттері болып келеді.
Хелицералары мен педипальпалары (тұмсықша немесе гнатосома деп
аталатын) дененің алдыңғы бөлімінде орналасқан (126-сурет).
Хелицералардың ұшында иілген, хитинделген тырнақшалары көп.
Хелицералар созылуға және жиырылуға қабілетті. Түрі
өзгерген
педипальпалары гипостоманың және пальпаның жағасына айналған, 6
бунақты. Вентральды
жағынан тікенектермен
қапталған
өсіндісі
-хелицералармен бірге шаншып соратын аппаратын құрайды. Жырткыш
кенелердің хелицералары қысқышқа айналып,
кеміргіш-сорғыш ауыз
аппаратын түзейді. Паразиттік тіршілік ететін түрлерінде ауыз аппараты -
тесіп-сорғыш.
125-сурет.
Қарақұрт-Latrodectus tredecimguttatus,
жоғарыда аналығы мен аталығы,
төменде пілләсін қорғап тұрған аналығы
Тыныс алу мүшелері - трахеялар, кейбіреулерінде газ алмасуы жұқа
сыртқы жабыны арқылы жүреді. Кенелер дара жыныстылар.
Кейбір
түрлерінің аталығы аналығынан біршама ерекше, яғни жыныс диморфизмі
бар. Мысалы, өрмекші кенелердің аталықтары аналықтарынан ұсақ және
денесі жіңішке болады. Көбісі жұмыртқа салушылар, тірілей туатын түрлері
де бар.
Кенелердің дамуында жұмыртқа, личинка,
нимфа және ересек
сатылары бар. Личинкаларында жүру аяқтарының төртінші жұбы болмайды,
яғни олар үш жұп жүргіш аяқтарымен ерекше және тыныс алу, жыныс
тесіктері болмайды. Келесі сатысы нимфа. Онда 4 жұп аяғы
мен тыныс алу
тесіктері бар, ересек түріне ұқсас, тек жыныс мүшесі толық, дамымаған.
Нимфалық жасы 1-3-кедейін. Оларды протонимфа, дейтонимфа және
тритонимфа деп атайды. Нимфалық жасында тыныштық сатысы - гипосусы
(hypopus) болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: