бөлігі жұпсыз түтік тәрізді. Олар алға бағытталып, екіге айырылады да,
екінші тұлға сегментінің құрсақ жағына ашылады. Симфилалар мен
пауроподалардың жыныс тесігі де екінші тұлға сегментінде ашылады.
Chilopoda класс тармағының өкілдерінде жыныс түтігі бастапқы
бөлігінде жұпсыз, кейін екі бұтаққа бөлінеді де, олар міндетті түрде қайтадан
бірігеді. Жыныс тесігі денесінің соңғы сегментінің алдындағы жағында
ашылады.
Көпаяқтылардың жыныс жүйесінде қосымша мүшелері болады,
мысалы, аталық ұрық жолы қапшық тәрізді ұрық көпіршігімен және қосалқы
бездерімен, ал аналық жұмыртқа жолы - тұқым қабылдағыш қапшығымен
және бірнеше қосалкы бездермен жалғасқан.
Көпаяқтылардың ұрықтану әдістері сан алуан. Қарапайым жағдайда
аталық өзі бөліп шығаратын торға ұрық сұйықтығының тамшысын немесе
сперматофораны іліп қояды, кейін оны аналық алады. Кейде копуляциялану
орны болады, мұндай жағдайда ұрық сұйықтығы аналықтың жыныс тесігіне
аталықтың арнайы аяқтары - гоноподиялардың көмегімен құйылады.
Дамуы.
Көпаяқтылардың жұмыртқалары ірі және сарыуызға бай,
сондықтан бұлардың ұрықтары жұмыртқаның беткейлі бөліну нәтижесінде
пайда болады.
Постэмбриональды дамуы екі түрлі жолмен жүруі мүмкін
(постэмбриональды даму - бұл организмнің жұмыртқадан шыққаннан бастап
жыныстық күйіне жетілгенге дейінгі даму кезеңі).
Бірінші жол, нағыз тура даму жолы, Chilopoda класс тармағының
кейбір өкілдерінде кездеседі; жұмыртқадан шыққан жас жануардың тұлға
сегменттері мен аяқтарының саны толық, яғни аналық организмге ұқсас
болып келеді. Екінші жол - яғни анаморфозды даму жолы - ерінаяқтылар мен
қосжұпаяқтыларда кездеседі. Бұл жағдайда жас жануарлардың тұлғасындағы
сегменттері мен аяқтар саны толық болмайды, сегменттері мен аяқтары түлеу
нәтижесінде түгел пайда болады. Олардың түзілуі тельсонның алдында
жатқан өсу зонасының есебінен жүреді. Chilopoda класс тармағының
анаморфозды түрлерінің ұрықтарында 12 жұп тұлға аяқтары, ал Diplopoda
класс тармағының ұрықтарында үш алдыңғы жұп жүргіш аяқтары болады да,
одан кейін аяқсыз сегменттер жалғасады. Бұл алтыаяқты личинка сатысы
толық түрленіп дамитын насекомдардың личинкасына ұқсас (129-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: