silvaticus (Pauropoda кл.тармағы): 1 - бас, 2 - антенна, 3 - жақаяқ, 4 - тұлға аяқтары, 5 -
аналь тесігі, 6 - мойын бунағы, І-ХІХ тұлға сегменттері
ПАУРОПОДАЛАР КЛАСС ТАРМАҒЫ - PAUROPODA
350-ге жуық түрі бар, ұзындығы 1 -2 мм, өте ұсақ көпаяқтылар. Денесі
10 сегментті, жақсы дамыған 9 жұп жүру
аяқтары бар, Соңғы сегменті
аяқсыз. Мұртшасының (антеннасының) ұшы үш тармақты, ауыз аппараты екі
жұп жақ тақтасынан тұрады: үстіңгі жақ - мандибула және жұпсыз
гнатохилярий (бірігіп кеткен төменгі жақ). Бас бөлімінен кейінгі "мойын"
сегменті - ол максилла II. Пауроподалардың денесі жұмсақ хитинді
кутикуламен қапталынған, тыныс мүшесі дамымай, бүкіл денесімен тыныс
алады.
Тұлға бөлімінің арқа жағында, бүйірлерінде 5 жұп ұзын сезгіш
қылтанаяқтары бар. Даму жолы анаморфоз. Жұмыртқаларын топыраққа
топтастырып салады, 12-14 күннен кейін алты аяқты личинкалары шығады.
Даму кезеңі 3-4 ай.
Пауроподалар ылғалды жерлерде кең тараған, көбінесе шіріген өсімдік
қалдықтарының арасында,
топырақта, жапырақтардың астында, шіріген
ағаштардың ішінде. Ұсақ кенелерді және детритті қорек етеді. Негізгі
туыстары: Pauropus, Eurypauropus. Pauropus
туысының өкілдері ұзындау,
жылдам қозғалады, ал Eurypauropus жалпақтау, өте жай қозғалады. Негізгі
өкілі Pauropus silvaticus, ұзындығы 1 мм. Еуропада кең тараған (130-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: